Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті.
Оған сәйкес, көптен бері "қызыл" аймақта болған Алматы қаласы "сары" аймаққа ауысты деп хабарлайды Nur.kz.ке сілтеме жасап el24.kz.
Қазір коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақта-Нұр-Сұлтан қаласы мен Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары, "сары" аймақта-Алматы қаласы мен Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары тұр. Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары "жасыл" аймақта.
Еске сала кетейік, өткен тәулікте елімізде 1573 адамнан коронавирус анықталды. Олардың 231-і Алматы қаласынан. Сонымен қатар, өткен тәулікте 1176 адам дерттен жазылып шықты.
Қазір Қазақстанда 50 923 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 9 004 пациент стационарда, 41 919 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 636 адамның жағдайы ауыр, 160 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 110 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.