Маңғыстау облысында із-түзсіз жоғалған жас жігіт 18 күннен кейін өзі байланысқа шығып, тірі екенін хабарлаған. Жас жігіт видеоүндеу жариялаған, - деп хабарлайды el24.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Шетпе ауылының 18 жастағы тұрғыны отбасындағы жанжалдан кейін үйінен шығып, Алматыға кетіп қалған.
18 жастағы Асқар Қылышбеков 2 желтоқсанда үйінен шығып, сол күйі оралмаған. Қолында жылы киімдер салынған пакет болған.
Жігітті Қазақстан бойынша «Lider.kz» қозғалысының еріктілері мен полицейлер іздеді.