Ақтау, 8 сәуір – el24.kz 

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда салық және әлеуметтік төлемдер жүйесіне бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Бұл жаңалықтар кәсіпкерлер мен жалдамалы қызметкерлер үшін де өзекті.

1. Әлеуметтік төлемдер мөлшерлемесі артты

  • Әлеуметтік аударымдар – 3,5%-дан 5%-ға дейін өсті.
  • Әлеуметтік салық – 9,5%-дан 11%-ға дейін көбейді.
  • Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы – 1,5%-дан 2,5%-ға дейін артты.

Бұл төлемдерді жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін ай сайынғы еңбекақы қорынан аударып отырады.

2. Жеке кәсіпкерлерге арналған жеңілдетілген режим

  • Қызметкерлер саны 30 адамнан аспауы тиіс.
  • Филиалдары болмауы қажет.
  • POS-терминал, онлайн-касса және ERP жүйесін пайдаланбайтын ЖК үшін жарты жылдық айналым шегі – 24 038 АЕК.
  • Ал толық интеграцияланған жүйе қолданатын ЖК үшін айналым шегі – 94 086 АЕК.

ЖК салықты жылына екі рет төлейді: 25 тамызға дейін және келесі жылдың 25 ақпанына дейін.

3. Салық мөлшерлемелері

  • ЖТС – 1,5%
  • Әлеуметтік салық – 1,5%
  • Міндетті зейнетақы жарнасы – 10%
  • Әлеуметтік аударым – 5%
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы – ең төменгі жалақының 5%-ы

4. Төлемдерді кім және қалай төлейді?

  • Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар өз табысынан жоғарыдағы жарналарды дербес төлейді.
  • Жалдама қызметкерлері бар кәсіпкерлер әр қызметкер үшін жоғарыдағыдай төлемдерді толық аударуға міндетті.

5. Жаңа жүйенің мақсаты Бұл реформалар әлеуметтік қорғау жүйесін күшейтуге, зейнетақы қорын толықтыруға және медицина саласына қосымша қаражат тартуға бағытталған.