Баланың жөтеліне қарсы мынандай бірнеше қарапайым халықтық емдер бар
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Баланың жөтеліне бұл рецепт жақсы көмектеседі. Бұл емді бірінші қолданғаннан кейін-ақ балаңыздың жөтелінің басылғанын байқайсыз. Ол үшін жарты литр сүтті пісіріп алған соң, бір ас қасық қарағай бүршіктерін ( сосновый почки) қосып аздап араластырасыз. Бір сағаттан соң іше беруге болады. Қоспаны бір күннің ішінде ішіп тауысуы керек. Қажетінше емді жалғастыра беруге болады.
Байлар да жылайды...(13- бөлім)
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Болған оқиға ізімен
Ғани Әлихан
Жүрек құрғыр толқып тұрды . Асылбектің нөмерін тапқаныммен онан әрі аса алмадым . Қалай ғана асайын мына жұмақтан кеткім келмейді . Өйткені тап қазір менің ойлап тұрғаным дұрыс емес , оны өзім де білемін . Білмейтінім тек біреу ғана , сол Асылбекке мен шынымен де керекпін бе , әлде жоқ па ?
Байлар да жылайды...(12- бөлім)
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Болған оқиға ізімен...
Ғани Әлихан
Бәйбішесі қайтқалы Сәкеңнен күй кетті . Өз өзімен күбірлеп сөйлесіп жүретінді шығарды . Тіпті мына менде ескерусіз қалдым . Ең жаманы сол , арадан он күн өтсе де осы көңілсіздік күнде жалғасып жатты . Зар жылаған екі қыздыңда менде шаруасы болмады . Қысқасы мен бұл үйде өзімді бөтен адамдай сезіне бастадым . Өйткені ешкімге керегім жоқ сияқты көріндім . Тіпті ішімдегі ұлдың әкесі Сәкеңе де менің бары жоғым бірдей боп қалғандай болды . Осылайша бұл үйдің сәнібәйбішемен бірге кетті . Сонда да үмітсіз шайтан деген ғой , үмітімді үкілеп жұмысыма барып кеп жүре бердім .
Ақтауда КВН ойыншысын өлтіргендер сотталды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Көңілді тапқырлар клубы Ақтөбе құрамасының экс-капитаны Данияр Әлімбаевты өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты. 32 жастағы азаматтың қазасына Сыздықов кінәлі деп танылып, 15 жылға түрмеге жабылды.
Бәрі мені ақша үшін ғана керек ететін сияқты...
- Подробности
- Категория: Сырласу
Құрметті оқырмандар, мен сіздерге бүгін өз басымдағы жайғдайымды айтып бергім келеді. Жасым 33-те, тұрмыстамын, бір ұл, бір қызым бар.
Түсінікті болу үшін бәрін басынан бастап баяндайын. Мен колледж бітіріп, Астана қаласына жұмыс іздеп келдім. 23-жасымда тұрмыс құрып, тұңғыш ұлымды дүниеге әкелдім. Жолдасыммен дəм-тұзымыз жараспай ажырастық. Тұрмысқа шықпай тұрып-ақ ол жігіттін арақ құмар екенін білетінмін.
Байлар да жылайды...(11- бөлім)
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Болған оқиғаның ізімен...
Ғани Әлихан
Есіктен күлімдеп кірген бәйбішесін көргенде Сәкең қатты қуанды . Қуанбай қайтсін , сырт көзге денсаулығы түзеліп беті беріп қарап қалған сияқты көрінді . Кеше ғана өлем деп зарлағанын құдай естіді ме білмеймін , мына түрін көргенде бұл қатынға өлімнің ауылы жақындай қоймағанын түсіндім . Осылайша маған өз жоспарыммен арманымның ауылы алыстай түсті . Әрине бұл менің ашуыма тиіп зығырданымды қайнатты . Оның үстіне бәйбіше болмаған бір айда мені айналшықтап шықпай қойған Сәкең қайтадан бәйбішеге шапты . Ол аздай өзара күбірлеп сөйлесуі қайта басталды .
Арбаға таңылған ару қыздың аузынан шыққан ең қымбат сөз
- Подробности
- Категория: Проза
Күнде жұмысқа баратын жолымда мүгедек жанға арналған арбаға таңылған бір бойжеткен пайда болды. Иә, пайда болды дегенім қызық естілер, алайда осы сөз осы араға жарасатын сияқты. Себебі, қанша жылдан бері бұл көшемен жүріп келемін, мынадай өңді, сыпайы қыз бала көзіме шалынған емес. Өзінің ұлты да басқа екені байқалады, әдемі жүзі, қалың қиғаш қасы, дөңгеленген қара көзі әзірбайжан, гүржі немесе шешен халқының қызы екенінен хабар салғандай. Басына орамал тартқан, киімі мұсылманша, арбада отыр демесеңіз, бойы сұңғақ, сымбатты ару мүсіні мінсіз жаралғандай...
Өзбек әншісі "әдептен озған" бейнебаяны үшін лицензиясынан айырылды (видео)
- Подробности
- Категория: Даңқ пен Дақпырт
Өзбекстандық жас әнші Шахло Ахмедова "Өзбек концерт" тарапынан лицензиясынан айырылды. Ведомство оның жаңа бейнебаянын әдептен тым озған деп бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі Nuz.uz порталына сілтеме жасап.
Видео әлі экранға шыққан жоқ, бірақ бір-екі күн бұрын Желіде пайда болды. Бейнебаянда жігіт пен қыздың махаббат драмасы көрсетіледі. Бұл жұптың бақытты сәттері кейіпкер қыз өз сүйіктісін басқа бір қыздың құшағынан көрген кезде аяқталады. "Өзбек концерт" комиссиясы роликті көріп, әдептен тым озған және жалпыұлттық құндылықтар мен менталитетке сай келмейді деп шешті. Кеңесте Шахло Ахмедованы лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданды.
Әжейдің басына шелек кигізіп, ұрып жыққан жігіттердің қылығы жаға ұстатты (видео)
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Самарқанд қаласында төрт жігіт кейуананың басына шелек кигізіп, ұрып кеткен. Желіге тараған оқиғаның видеосы көпшілік арасында қызу талқыға түсті. Қазір бұзақыларды полиция іздестіріп жатыр деп жазады ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқиға ағымдағы жылдың мамыр айында "Шодиена" сауда үйінде, №46 дүкеннің жанында орын алыпты.
Жігіттер егде әйелдің басына шелек кигізіп, содан кейін басынан жұдырықпен ұрған. Соққы нәтижесінде кейуана жерге құлайды, ал қылықтарына риза болған бұзақылар оқиға орнынан қашып кеткен.
Бəрі де кездейсоқ басталды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
14- қараша бізге бір жыл
Мейірхан Мейрамбекұлы " kz.el24.kz" порталының жоба жетекшісі
Бəрі де кездейсоқ басталды. Кездейсоқтық - бір үлкен жобаға негіз болды. Іс бастау оңай емес. Істің көзін табу да қиын. " kz.el24.kz" порталы - үлкен шыңдалу жолы болды. Сындарлы уақыттың көшінде бір жылды артқа қалдырдық. Іс басынан əр уақ тілеулес жандар табылды. Жеткер Жүсіптей ағамыз жөн-жобаны нұсқап, өз өнегесімен бөлісті. Сындардан ширадық. Сын айтқан оқырманның пікірін топ болып зерделедік. Оқырман талабын ескеру мен оқырман мүддесі - біздің басты мұратымыз.
Байлар да жылайды...(10- бөлім)
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Болған оқиға ізімен...
Ғани Әлихан
Асылбектен келдім деген хабар алғалы жаным жай таппай қойды . Ойлап қоямын , тап осы жерде аяғымды шалыс басқаным ба,әлде ол менің құтқарушым ба ? Міне осыны қанша ой елегінен өтірсемде жауабын таба алар емеспін . Өйткені басымды шырмап алған қорқыныш онан сайын үдей түсуде . Мұның өзіндік бірнеше себептері бар . Егер мен Асылбекпен осы жақын күндері кездеспесем онан соңғысының бәрі кеш болуы мүмкін .
ИММУНИТЕТІҢІЗДІ ӘЛСІРЕТЕТІН ӘДЕТТЕР
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Дәрігерге баруға асықпайсыз
Дәрігерге сирек баратын адамдардың ауруы көбіне асқынып кетеді. Ертерек тексеріліп, ертерек емделсеңіз жағдайыңыз да соғұрлым жақсы болмақ.
БҰҰ қыздардың пәктігін тексеруді доғаруға шақырды
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
БҰҰ-ның әйелдерді алалауға қарсы күрес комитеті Тәжікстан билігін неке қияр алдын қыздың пәктігін тексеруді доғаруға шақырды.
Қызым өзінің де, менің де бақытыма балта шапты....
- Подробности
- Категория: Сырласу
Күйеуім қайтыс болған. 2 қызым бар. Бірақ екеуінің мінезі екі түрлі еді. Әсия-пысық,қайсар, сәнқой. Айман-көп сөйлемейтін, өз ісін тыңғылықты атқарып, көп еркелеуді де білмейді.
Мен 40-тан асқанда 2 қыз да тұрмысқа шықты. Әсия армандаған бай жігітін тапты. Айман да тұрмысқа шығып, Астанаға кетті.
Бар қызық, Әсиядан шықты. Күйеуі екеуі бизнес ашып, өз тірліктерін жасап жүрді. Бизнес күннен-күнге өркендеп, өсе берді. Екі бала да өсіп келеді. Бір күні Әсия бизнестеріне ақша жетпей жатқанын айтып жылады. Маған "үйіңді сатып, біздің қолымызға кел, кейін бәрі орнына келген соң қала ортасынан бір бөлмелі жаңа үй алып береміз" деп уәде берді. Ана болғасын, балаң бақытты болса екен дейсің. Мен келістім. Олар үйді сатып, бизнестерін жасап жүрді. Мен де жұмысымды істеп, бірге тұрып жаттым.
Страница 195 из 255
Соңғы жаңалықтар
- Атыраудағы резонансты іс: куәлар не айтты?
- Түркістан облысында екі бала суға кетіп, көз жұмды: анасы таңғы бесте жұмысқа кеткен
- Ринат Зайытов әлеуметтік желідегі жазбалары үшін сотталғандарға рақымшылық жасауды ұсынды
- Вьетнамда қамауда отырған Қайсар Қамзаны Қазақстанға қайтару мәселесі қаралуда
- Атырау қаласының әкімі ҰҚК-ге жауап алуға жеткізілгені хабарланды
- Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты сараптама қорытындысы белгілі болды: прокуратура істің қазіргі мәртебесін түсіндірді
- Ақбаян Мұқанғалиеваның психикалық жағдайына қатысты нақты қорытынды әлі шыққан жоқ
- Назым Қахарман өмірбаяндық кітап шығарады: онда Бишімбаевтың жеке өміріне қатысты деректер де қамтылған
- Ақілгек
- Астанада Бейімбет Майлиннің ескерткішіне шыққан бойжеткеннің ісі сотқа жолданды
- Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырап, бір ұшқыш қаза тапты
- Ақтөбе облысында мектеп қызметкері суға кетіп көз жұмды
- Атыраудағы отбасының жоғалуына қатысты істе Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қудалау тоқтатылды
- Ресей тарапы AZAL ұшағы апатынан зардап шеккендерге өтемақы төлейді
- Өң мен түс (Әңгіме)
- Амнистия туралы жаңа заң: Бишімбаев жаза мерзімін қысқартуға өтініш бере ала ма?
- Астанадағы мейрамханаларға қатысты шу: қоғамда ит еті дауы қайта көтерілді
- «Қыз Жібек» камзолы цифрландырылады: Мәдениет министрлігі дауға қатысты түсініктеме берді
- Чакра деген не?Оның атқаратын қызметі қандай?
- Қытайдың оңтүстігінде болған жер сілкінісі: екі адам қаза тауып, бір адам жоғалып кетті
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru











