Жігіттердің бəрі үйленіп жатыр ,мен де қалмайын деп үйленбеймін ба ? Үйленіп алып соңында масқара боп үйден бездім ...
Тараз қаласы маңында тұратын бір қызбен сөйлесіп бір жыл жүріп мектебін бітіргеннен ала қаштым ғой . "Ойбай келін келді" - деп зыр жүгірген ауылдастарым ,құрдас - достарым ,туған - туыстарым əп - сəтте жиналып бір қошқардың басын қазанға салып абыр - сабыр тойды бастап жіберді . Қысқасы тыңғырлаған бешір болып ауылды басына көтеріп ансамбль ойнап жатты ...
Шешемнің қуанышында шек жоқ .Келін жұмсап қолды қусырып отыратын болдым деп ол жүр ...
Бəрі де ойдағыдай өтіп жатқан . Үйленгеніме шамамен төрт - бес сағаттай болғанда атой салып айғайлап қуғыншы жетті . Əй - шəйға қараған жоқ :” кеше ғана мектеп бітірген қызымызды алып қаштыңдар ,сотқа беремін ,отқа беремін , түрмеде шірітемін” - деп қызды қайтып алды да кетті . Ауылдастардың бəрі аңырап қала берді . Қысқасы осыдан бес минут қана бұрын той - тойлап, улап - шулап жатқан ауылда тыныштық орнады . Ал бес сағат бұрын қатынды болған Ғани қайтадан қатынсыз қалды. Сонымен бəрінің бастары салбырап көңіл - күйлері кетіп ,ел - жұрт тарай бастады . Бас аяғы бес сағаттың ішінде осындай сұмдық оқиға болды .
Енді қайттім ,елге қарауға бет жоқ қызды алып қашқан үш сыныптас жігіт көршінің үйіне барып тығылдық . Ол екі қабатты ескі үй , менің сыныптасымның туған əпкесінің үйі . Өзі бізден үш - төрт жасқа үлкендігі бар .Тамағын салып шəйін беріп кіріп - шығып ақылын айтып жүр . “Сөйлесуің шала болған, пісіріп сөйлесе алмағансың əйтпесе кетпеуі керек еді”- дейді . “Жəне де он сегізге толмаған қыз екен ,сотқа берсе құрыдым дей бер “-дейді .Ал мен де тіл жоқ , тек жастықты құшақтап жатып өкінгеннен басқа амалым қалмады . Жүз грамм - жүз граммдап жұтып жатып сол түні ұйқыға кеттік . Ертесіне тағы да сол жүз грамм . Қап құрғыр ай , əп - əдемі қыз екен айрылып қалдың -ау деп жездесі отыр .Ол кезде қазіргідей ұялы телефон жоқ . Ол қыздан хабар жоқ .Оны іздеп баруға мен де бет жоқ . Байланыс жоқ . Қысқасы түк жоқ . Жоқ , жоқ ,жоқ ғой !
Сонымен ертесі түс болды . Тамақ бар, тəбет жоқ . Алдымызға дастарханын жайып болған көрші келіншек қолына жуылған киімдерін ұстап балконға шығып кетті . Кенеттен : “Ғани ,Ғани балконға шықшы анау қыз кешегі қыз емес пе дейді ? Қай қыз қане , қайда ? - деп тұра жүгірдік . Міне қызық ! Мынау менің қызым ғой ,бұл неғып жүр”- деп қоям .
- Ғани түсші ,сөйлесейік -деп тұр . Бұл неғып жүр - деп бəріміз аң - таңбыз .”Түсші сосын айтамын мен келдім “-дейді . Мына сөзді естіген Ғани екінші қабаттың балконынан төмен секірді . Жетіп келіп құшақтап көтеріп алдым. Тапа - тал түс болса да ұятты қойып құшағыма басып біраз тұрдым . Сонымен :
- Папам айтты ,жақсы көрсең жолыңды байламаймын ,бар бара ғой - деді деп тұр. Тап сол сəт папасын (қайын атамды) қызынан да жақсы көріп ,ғашық боп қалғансың ғой . Туһ мұндай қайын атаның қызын қалай алмайсың енді .
Осылайша бір тəуліктің ішінде өмірім астаң- кестеңі шығып қайта орнына келді .Кешегі той - томалақ қайта жалғасты . Бəрі мен ойлағандай өмірім басталды . Тек қайын жұртым кешегі текке кеткен ақ қошқардың құнын қайтармады . Енді соны қалай өндірсем екен деп ойлап жүрген жайым бар.