Нақты күні есімде жоқ 1995-ші жыл еді .Əскерден жаңа келген болатынмын .Бір досым Жамбыл облысынан үйленіп күйеу жолдас болып менің баруым бар .Басқа адам таппағандай жалынып қоймады - қоймады .
Сонымен не керек : Жамбыл қайдасың? -деп тұрып тартып кеттік . Жəмəн жигули сілемізді қатырып шаршатқаны болмаса, жолда қалдырмай жеткізді ғой əйтеуір . Барсақ ,
ойбоййй қыз-қырқын өріп жүр ,құлындай құтырған құдашалар, келіннің класстастары ығы-жығы уда-шу .Шүйіркелесіп араластық та кеттік.
Менің бір əдетім бар .Арақтан көбірек сілтеп жіберсем не өлең айтам ,не сеспей қатып ұйықтаймын .Ал күйеу жігіт асыра сілтесе еңіреп жылайтыны бар.
Сонымен не керек ,барлық жөн жоралғысын жасап бəрі де ойдағыдай өтіп кешке қарай жастар жағы отырып қалдық .Бойдақтықтың буы ғой, ана қызбен жүз грамм,мына қызбен жүз грамм деп грамдатып, нормадан асып кетіпті .Ал енді күйім келді дейсің құрғыр.Домбыра, гитара сұрай бастадым .Өкінішке орай сол жерден гитара табылып ,өлең айтып ,есім кіресі- шығасы боп отыра бердім .
Сыпайылық ұмыт қалып, күйеу жолдас деген,естен шығыпты. Негізі тым жақсы бешір боп жатқан. Бəрін жартыбас Дариға бұзды.Үнсіз кеп оң жақ бүйірімнен шымшып алмасы бар ма ?Жаның шыққыр. Селк ете түстім де, бетіне бажырая қарадым.
Сөйтсем :
- Тысқа шық! Марат бүлдіріп жатыр - дейді.
- Бүлдірсе байың ғой, маған не дейсің?- дедім ашуым кеп.Ол болса аузы жыбырлап бірдеңелерді айтып жатты, мен оған қарамадым қисайып жата кеттім.
Менің жаттым дегенше ұйқыға кететінімді Дариға қайдан білсін қолымнан тартып- тартып ештеңе шықпаған соң, атып тұрды да далаға жүгірді .Айтшы, айтшы тағы да əн айтшы деген басқа қыздардыңда сөздерін тыңдамадым сол жатудан қатты ұйқыға кетуге ыңғайландым.Сонда да ойлап қоямын ,есім барда ұйықтап қалайын, əйтпесе масқара болармын деп , осылайша жатып ұйқыға кетіппін.Қанша уақыт ұйықтағанымды білмеймін. Көше жақтан шыққан дыбысқа оянып кеттім .Қарасам менен басқа тірі жан жоқ. Тас қараңғы бір бөлмеде бір өзім жатырмын .Бағанағы шулап жүрген құдағи да жоқ, құрдас та жоқ ,құдаша да жоқ жалғыз ғана өзім .Тұрып барып терезеден түскен жарық сəулесіне қарап əупірімдеп жүріп есікті тауып сыртқа шықтым .
Дабырлаған дауыс қора жақтан шығып тұр .Біреулер ұрсып жатыр ма деп қоям .Қой не болсада барайын деп аяңдап əлгі тобырға жақындай түстім .
О құдай жақындап кеп қарасам Маратым біреуді мойнынан құшақтап алған еңіреп жылап тұр .Сорлыыыы ,мынау Дариғашты құшақтап жылап тұр екен ғой .Сағынып қалыпты ғой деп ойладым . Сөйтсем бұл жүгірмегім Дариғаны емес ,енесі Салиманы құшақтап алып еңіреп тұр .Мұның көп ішсе жылайтынын Дариға білмесе де ,мен білем ғой. Не де болса тоқтау айтайын ,үйге кіргізіп жатқызайын-деп қолынан ұстап өзіме қарай тарта бастадым .Бұл ақымақ менің тартқаныма "енесін" жіберер емес:
-Мама мен сізді сыйлаймын ғой - деп онан сайын өкіріп берсін .Ұят-ай ұят
-Мама мен сізді жақсы көрем ғой .Мама а а а у у- деп қосып қояды .
Не айтайын кеше "қызын" алып, бүгін "енесіне"ғашық боп қалған ба?- дерсің. Қатын алған жазғыз өзі сияқты .Қыз тек осының енесінде ғана бар сияқты. Қаным басыма шауып, күшке басып ,белінен құшақтап көтеріп алдым да, үйге қарай тұра жүгірдім .Бұл ақымақ сондада қоймайды:
- Мама мені кешіріңізші ,мама мен сізді сыйлаймын-деп енесіне қарап емешегі үзіліп еңіреп келеді .Үйге кіргізіп атып ұрдым да ,екі бетінен шапалақтап сабай бастадым .Арасына құйрықтан да теуіп-теуіп қоям. Сөйтсем енесі жүр : - балам ұрмай- ақ қойшы, мас қой енді-деп қояды .Ойбүййй бұған не дейсің енді .Бет аузы кезеріп аң - таң боп Дариғашта сонда жүр.Тағы біреулер жүр.
- Дариғаш су əкел-деп бұйырдым .
Шелектеп тұрып басына суық су құйдым .Бұл жүгірмек Мамалағанын сондада қоймайды-ау қоймайды.Ашуым келгені соншалық сол жерде буындырып өлтіріп тастағым келді .Жооқ көп ұзамай басы ашыла бастады .Онан біраз уақыт өтіп қорылдап тұрып ұйқыға кетті . Қасына жатып мен де қисая кеттім .Түн іші .Есік жақ сықырласа жалт қараймын сондағым енесі кіріп келе ме деген ой .Алайда түніміз тыныш өтті .
Оянып кеттім ,тағы да сол жалғыз жатырмын . Көзімді уқалап ұйқымды ашалмай үйден шықтым .Сөйтсем жəмəн жигулидің ішінде Маратпен Дариға отыр .Аяғымды сылтып басып мен де келдім .Бетіме қарауға беті жоқ Маратым менімен салқын ғана амандасты .Мен де жақ ашпадым .Дариғашта лəм-мим демеді .Сол күні түс ауа жолға шықтық . Жолда аудан орталығы” Луговой “деген жерге тоқтап су алдым .Сол жерде алғаш рет таза қазақша сөйлейтін негр қызын көрдім .Қап-қара шашы, бұйра-бұйра негрдің өзі .Бірақ сүп-сүйкімді .
Маған қызық көрінгені соншалық , атын сұрап үлгірдім .Өкініштісі сол аты есімде қалмапты Тек қана : - Мен қазақпын ғой, неге сонша қарайсыз ? -деп күлгенінде , əппақ маржандай тістері көрінгені есімде қалыпты .Сол жылдары он екі-он үш жастардағы қыз еді . Сонан қайтып таза қазақша сөйлейтін негрді кездестірмедім .Қысқасы мені Мараттың "енесі" емес тап осы қара қыздың осы күнгі өмірі қызықтырады .Не болды екен ? Тұрмысқа шықты ма екен ?Танитындар барма екен ?
Қайда жүрсің Қара - Маржан қыз ?