Болған оқиға ізімен...
Жеткер Жүсіп
Қалалық газетте жүрген кезім-тін. Жаңадан ашылған болатын. Бас редакторы бұрын «үндеместің « контарында жұмыс істеген адам. Орыс тілді облыстық газетте жұмыс істеген, өзі орысшалау болғанмен, негізі қазақ,жаны жайсаң жан-тын. Кейінгі кәріс бастықтың қаҺарына іліккен облыстық басылымдағы әріптестері осы қалалық газетті паналады. Жеті сегіз тілші. Мен қазақша бөлімінде жалғызбын, қызым корректор,өзім тілші. Жетісіне бір мәрте жарық көреді. Құрылтайшысы қала әкімшілігі. Апталықтың тең жартсын қазақшаға толтырдым. Бұрқыратып жазып жүрдім. Бастығым мәз.Риза болып жүрді. Сықақ әңгімелерді көзінен жас аққанша күліп отырып оқиды. Газеттің әр саны шыққан сайын балаша қуанатын. Жан жаққа қоңырау шалып, оны және «жарнамалап» отыратынын қайтерсің?! Бірде іште «бунт «болды.
Орыс тілді қатындар редакторға менің айлықты артық алатындығыма қарсылық білдірді. Сонда тұрып редакторым «Сен жетеуіңнің жазғаныңды бір өзі жазып отырған жоқ па?» деді оларға. Және редакцияға келіп жатқан хаттардың дені қазақ тілінде деді қасқайып тұрып. Ырза болдым, мың болғырға.
Үнемі жымиып жүретін сол бастығым, аяқ асты жүректен кетті. Абдырып қалдық, әбіржіп қалдық. .Менің болса да оның адамгершілігіне, азаматтығына аузым тұщымай қалды .Бір республикалық газеттің меншікті тілшісі болып жүрген , Қызылорда қаласына белгілі қайраткер ертеректе қала басшылығы қызметін атқарған кісінің қызы бар-тын.Сол марқұмның қарасында көп жылады. Көрінгенмен құшақтасып тұрып аңырасын. Қимасы шығар дедім. Бірақ оның қазаққа жаны ашымайтын,нәсілсіз біреу екенін білетінмін. «Жаман балаға жақсы әке қырық жыл азық» демекші. Әкесінің арқасында «қыт-қыттап жүрген әйел-тін. Күн суытпай сол «жылағыш » апамыз,бас редактор болып келді. Әкесімен бірге қызыметтес болған қала әкімі солай шешіпті.....
Міне сол күнен бастап,Сырдың қарашаңырағы атанған редакцияның астыңғы қабаты «шошқа базға» айналды. Күнде арақ.Көшедегі алқаш біткен жиналды.Сарымсақ пен ішкіліктің иісі әлемді алды .Даурықпа, әңгіме,темекінің көк түтіні, жиркенішті мадақтау мен мақтану .Өз жазғандарына өзге ішкіштерден пікір сұрау. Қысқасы жын ойнаққа айналды .Іштегі ыдыс аяқ үш күндеп жатты. Шыбын үймелеп, жағымсыз иіс қолқа қапты. Ал әкімдік болса өздерін мақтап жазған ішкіштердің мақаласына мәз, жалақыны бұрқыратып төлеп жатты. Мен осының бәріне тосқауыл болар деген оймен бір жазушы ағамды жұмысқа тарттым.Жұмыссыз қаңғып жүрген еді. Бірақ ол да бір болымсыз сорлы болып шықты. Күшігінде таланған қасқа аналардың ығынан шыға алмады. Мен болып жатқан келеңсіздіктерді әкімге оның идиологиялық орынбасарына айттым. Кезінде ана қатынның әкесінің шарапатына бөленген екеуі де, үн қатпады. Бас редактордың бір қызы бартын. Енді айына десем күнә болар,жылына бір байға тиетін .Бәрін сол билеп төстеді. Айтпақшы оның қолының сұғанағынан жалақы алған күні жұрдай болатынбыз. Шағымданды онысын айтып Люба деген корректор. Ақыры жұмыстан кетті.,арызданған келіншек.
Менің де ізіме шам алып түсіп жатқан кез. Қызымды жұмыстан шығарып, бір жігітті алды. Міне,бағанадан бергі әңгімемнің кіріспесі де осы жігіт еді, қалғаны әдірем қалсын! Тек орыстардың алдында жалпылдаған намысы жоқ сол кездегі билік, бүгінде де сол қалпында қалғанына өкінесің... Бірде әлгі жігіт айтты. «Үйде шал бар. Белгілі қоғам қайраткері. Мына бастықтың әкесімен қызметтес болған. Мен соның немересімін Атам сіздің жазғандарыңды үзбей оқиды Өзіңізбен әңгімелескісі келеді » деді. Бір сәті түскен күні «обедтте » үйіне ертіп апарды әлгі шалдың немересі.
Кезінде келбетті кісі болған-ау деп шамаладым 87 дегі ақсақалдың аппақ жүзіне көзімді салып. Жеке қалдық.Әңгіме тиегін ентігіп отырып ағытты.
-Уәде бер. Бұл айтқандарымды мен о дүниелік болғасын жариялаймын деп.
-Ләппай көке дедім
-Менің қолым қанға көп былғанды. Қиянатым көп. Соны айтсам жеңілдермін бәлкім,бұ дүниеде. Ал ана дүнием болса да дозақтың оты ғой .Кешпес мені, кешпес деді ол жіңішке даусымен жыламсырап..
-Ау, көке дедім.Түңілетіндей не болды? Ұзын сөздің қысқасы шал Қызылорданың түрмесінде қызмет еткен екен.Халық жауларының дүрбелеңінде ол жаққа жолдамамен барыпты. Жазықсыз жандарды жазалауға тікелей қатысқан.
-Дарияның арғы бетіне қазіргі «Лесхоз »жаққа апарып аттық. Қайыққа мінгіземіз.Қолын сыммен байлап. Жаза орындау таң алдында жүреді. Сол жерді ЧТЗ тракторы тұрады. Соны от алдырамыз, жарықтықтардың жан даусы естілмесін деп. Кейде басқа жақтан адамдарды вагонмен әкеледі.Бірқазан жаққа.Адам аздық етсе жазаны орындау үшін бізді шақыртады.Сол жаққа барамыз кейде.Атылғандарды бір шұқырға булдозермен көме-тін. Ақсақал кейде әңгіме айтып отырғанда талықсып,талып қалатын. Балалары мен келіндері маған ренжиді. Мен кетіп қаламын.Бірақ қояр да қоймай шал олардың табанына іс қойып, мені шақырттырып алдырады. Ұзын сонар азалы әңгімені бастайды, шаршап қалады талып қалады,шақыртып алады .Менің де балаларының да өзінің де ығыры шықты.
-Мына жазуды оқы деді ол бірде бас жағынан тапаншаны алып.Оқыдым. Николай Ежовтың өз қолынан алған жазуы бар «именной » тапанша. Аузы үңірейіп, адамның үрейін ұшыратындай қап қара бәле екен,салмақты.
-Мен тапсырманы орындадым. Заман солай еді деп ақталғым келеді. Бірақ өз жанымнан қалай ақталамын? Шырқыраған дауыстар, көзінен қан аралас аққан жастар,менің жанымды тыншыта ма? Пұшайман шал көп әңгіме айтты. Бір кітаптың желісіне жетер. Ішінде жасаған жақсылықтары да аз емес. Көп мүсәпірге жәрдемі тиген жерлері де бар.Онымен иық тіресе қызмет еткен жандардың да атына қанықтым.Сәкеннің басын «кіш»еткен адамды танып білдім.Қазір кәтта қызметкердің әкесі. Жағаңды ұстайсың істеген істеріне, зұлымдығына. Кезекті бір шақырған күні барсам, болдырып жатыр екен. Ыммен ишара білдірді де қойды. Шамалыдан соң қалшылдап,сандырақтай бастады. Екі көзі төрдегі суреттің астында көп медалдардан шоқтығы биік те ілулі тұрған «Қызыл ту» орднінде. Кенет екі қолы ербеңдеп, «Қан қан тамшылап тұр! Анаң қара қан тамшылап жатыр » деп әлгі орденге шұқшия қарай берді, аларып. Мен шығып кеттім. Баласы иманын үйірту үшін көрші молданың үйіне кетті. Рас өтірігін қайдам «25 ке беріледі деді Қызыл ту ордені»Ол не тағы ? -деп едім,оны айтқан адам маған ежірейіп, «25 адамды атқаннан кейін беріледі,ол орден » деді..Селк ете қалдым.26 шы санақпен өзімді атайын деп жатқандай.Қан сасыған оқиғаның бұл мендегі бір үзгі ғана. Қызық.
Сол кезде «халық жауының »қанын ішіп қоймай, артындағы ұрпағын да қоса жерге тықты. Тұқымына тұз септі. Сібір айдады, көзіне көк шыбын үймелетті. Ал оны зар еңіреткен қанішерлердің ұрпағы өсті,өнді оқыды. Арнайы «қамқорлыққа »кенелді. Басшылық қызметтер атқарды. Қолы қанға былғанған әке аталарының атына көшелер берілді. Не деген «абыройы »биік, өлмейтін қайта жылдар өткен сайын «құлпыра » беретін зұлымдық бұл? Менің кейіпкеріме де 5 жылдан соң атына көше берілді.Ана нәсілсіздер жұмыс істеп жатқан орыс тілді газет табақтай қылып ол туралы бірнеше рет мақала берді.
Айтпақшы ол газет арсыз әкімдіктің арқасында жекешеленді. Мемлекеттік «тапсырыстарға » ие болып,жүріп жатыр.Бірақ бір саналы азамат,оларды ұлардай шулатып,Сырдың қара шаңырағы «Сырбойы» газеті болған қасиетті ғимраттан қуып шыққан-тын. Қамқоршысы бар «ішкіштер »онымен далада қалмапты. Бір ғимратты жалға алып әкімдерді мақтап,жұмыс атқарып жатыр. Құрт сияқты табанға салып езе салатын қазақы тілді басылым емес қой,өйткені ол! Түртіп қалсаң байбалам салады, «Қазақтар күн көрсетпей жатыр» деп...