Танымал өзбекстандық дизайнер Нариман Григорянды өлтірді деген күдікті ұсталып, қамауға алынған.

Әзірге ұсталған адам жайында мәлімет таратылмады. 14 қаңтарда Яшнабад аудандық ішкі істер басқармасына Нариман Григорянның өлімі жайында ақпарат түскен. Оның денесі дизайнер жалдап тұрған пәтерде табылған. Нариман Григорян – өзбектің танымал дизайнері әрі хореограф. 2004-2008 жылдары Өзбекстанның хореография академиясында білім алған. "Nariman Grigoryan" брендінің негізін қалаушы болған.
 
Дереккөз:centralasian.org