НҰРЛАН ХАСИХАНҰЛЫ-1990-жылы Тамыз айының 23-жұлдызында Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы, Алтай ауылында дүниеге келген. Улаанбаатар қаласында Басқару академиясында заңгер мамандығын оқыған , ШҚО Семей қаласында, М.Төлебаев атындағы муз.колледждің Режиссура факультетін бітіріп, Абай театрында қызмет жасаған. Қазір Өлгий қаласындағы, М.Құрманхан атындағы МД театрында актёр."Ақылсыз жүрек","Ғашық жүрек"жыр жинақтарының авторы,ақын.



Кім дейсің мені...өзіммін,
Айтпаған ішкі сөзіңмін.
Қураған мына далада,
Суланып жүрген көзіңмін!
Кеудемнен жалған бір тептің,
Қолыңмен кеттің сілтеп мың.
Опасыз мына қоғамға...
Сенбеймін,сосын үркекпін.
Бəрі де бүгін ақылды,
Тай берсең "Құрмет" татымды.
Кейбіреу жүрер түн кезіп,
Қанағат етпей қатынды.
Бай болсам дедің шаршадың,
Арман боп өтті қанша күн?
Жас қызға жағы ашылған,
Бөлмеде отыр мансабың!
Жұқпай жүр жұртқа сəл кірі,
Түлкідей ішкі бар қуы.
Белгілі бірақ сыздамас,
Бастықтың еш бір балтыры...
О, Құдай кешір барсыз ба?
Адалсыз,аппақ қар сіз ба?
Жан берер сіз ғой жансызға,
Нан берер сіз ғой нансызға.
Бұл қоғам қорқау боп кетті,
Не дейсіз сондай арсызға?
ТАЛАҒЫ ТҮСКІР ҚОҒАМДЫ,
ТАРЫҒА СЫЙҒЫЗ... БАРСЫЗ БА?!


* * *
Аңсауым...
Өз ойым менің өлеңім...
Білмеймін не бар? не кемін?
Көңілсіз мына кешімнің,
Келешек білсін көлемін... 
(Ақтықтан асып не дедім?)
Жұқасын жұтып көңілдің
Жұмыр жер неге? семірдің
Жанымның жалап мұз жағын
Ақ сүтін айдың кемірдім
(ал жауыз уақыт не білдің?)
Басына бардым досымның
Жұбатбақ мені сосын кім?
Ғұмырын мəңгі тілеген,
Тілегі ғұсыл қос үнмін.
(Жалғаннан тағы шошындым!)
...Күз жайлы жыр бар əнімде
Біз жайлы айтам тəңірге...
Құрт мүжіп тұрған сəттерді,
Аңсайсың сезем бəріңде!
(Жүректі жазбас дəрің де)
Біз қанша ғұмыр сүрмекбіз?
Жаныма əйтеу індет күз.
Ақынның бəрі меніңше
Алып боп қалу міндетсіз!
Көп керек емес тəттілік
Жаныма жалған жат қылық
....Аз ғана мына өмірде
Шопан боп жортам ат мініп!
(Ал маған тіле сəттілік)
Жаз жайлау,Қыстау тағы күз...


* * *

Боранмын...
Желмін...
Тамшымын...
Осқыла жалған- қамшы күн.
Тау таста өскен тағдыр-ай,
....Ерітіп ішкен қар суын.
Кеберсіп көңіл босама!
Бал ғұмыр мекен осы ара.
Қорым тас тіліп табанды,
Тікеннен тердік Тошала.
Бай далам- менің байтағым,
Бақытым сенде байқадым.
Мүйіз боп қалған күс аяқ,
Қаланың киді байпағын.
Ат қылып міндім шырпыңды,
Естіген аспан күлкімді.
Ақ сақал атам алдында,
Айраннан салғам мұртымды.
Қымыздық емдім саяңнан,
Қырыңда ұйқтап оянғам.
Бұл саба көңіл толқыса,
Іркітін ішіп, май алғам.
Қырау күн,
Жылдар тез өттің,
Керуен көш... менде кезекпін.
Жел соқса көксеп кетемін,
...Иісін іздеп тезектің...

Өрісім...
Заман ба, мынау іштары?
Тау жақта көңіл құштары.
Күз көші болған аспанның,
Айтады сəлем құстары.
Жүректің жүдеу іш жағы,
Қоғам тұр мені құсқалы.
Ғимарат-зəулім үйлерден,
Қойшының қымбат қыстауы.
Жан-жағым қырау қыс қары,
Жаз-жайлау көрген түс тағы.
Таулары тарих болған жер,
Талпынам саған ұшқалы.

           * * *


Ауылды аңсап жыр төсім...
Қос көзді қолмен сүртесің
Қой бөліп кешке келгенде
Жағамын шамның білтесін
Бақытты шақ ғой бұл бұл деген
Мен бұрын қалай білмегем?!
Күрсініп атам күй шертсе
Қауышқан қаңтар шілдемен
Жоқ екен сенсіз жалпы мəн...
....Шалғайда шаттық шалқыған
Қаспақ жеп жатқан қайран үй
Іргеңнен іркіт аңқыған
Ашылап тұрмын бір түрлі
Аңсадым ауыл-жұртымды
Тістеді тағы сағыныш
Тістетші маған құртыңды
Кесілген сонда кіндігім
Түсіме еңгіз түн бүгін
Сол үйге барам танимын
Жел жыртқан белдеу түндігін...

              * * *
Сары далама сағыныш...
Маған тез жет қайтадан Мамыр күнім
Сені мендей дəл күзде сағынды кім?
Ал, өткенім онсызда осы мезгіл.
Жауып тұрған ақ қардай қалыңдығым...
Жағалаймын жағаны...Ішкі құрбан
Айналайын ақ өлең ыстығыңнан.
Биші толқын көйлегін мұздан киер
Қараша күн біткенде құсты қуған.
Мың толқыным болғанда мұз етегің
Сырғып ойнап, сыр айтып жүз өтемін,
Сағынышты осылай оқтап алып
Күздің салқын күндерін күзетемін.
Ақпан келіп тау-дала жатар аппақ
Ақ кірпігі аспанның жапалақтап.
Аяз қатал аямай алдан шығып
Бет қызартып кетеді шапалақтап
Өтер, кетер мезгілдей Тоқты ғұмыр
Сескенбейді себебі шоқтығы жыр...
Сиясымен сыр айтқан тағдырлардың
Күзде ғана сезілер жоқтығы бір..!


                       * * *

Түн іші...
Көз ілмес тағы түн іші,
Пендеміз бітпес бір ісі.
Кеңдіктен-теңдік таппасам,
Мінездің шығар қырысы!
Ұнайды түннің тынышы,
Бұлттардың баяу жүрісі.
Көлеңке бейне ай-нұрлы ,
Таулардың ғажап тұрысы.
Тіршілік үнсіз түн іші,
Күрсінген дала тынысы.
Түсінде ғана жолығар,
Өлі мен өмір тірісі...
Уақыттың өткір қылышы,
Жалт еткен "Жалған" мұнысы.
Жұлдыздар аққан бір-бірлеп,
Тым қысқа ғұмыр- түн іші.
(Аспанның куə күмісі...)

                * * *

Хат көңіл...
" 1 "
Көрсем деп іздеп кештерден
Көрмедім бірақ еш жерден
Күзгі бақ менің мекенім
Көктемсің өзің кеш келген...
Бұл бəлкім соңғы Көктем-Күз
Бұйра бұлт жасын төккен біз
Үркітіп бізді ұшырған
Кінəсіз екі кептерміз.
* * *
" 2 "
Құс қанат жылдан сапар күт...
Көз ілмей енді жатам түк
Қастардан көрген құрмет ғой
Достардан көргем қаталдық!
Солардың көрдім не бірін
Бар еді байғұс не құның
Алыстың неге арада
Соншама туды не күнің
Жырымды жүрек дəл арнар
Бағасын біліп бағамдар
Дос деген мендік əлемде
Өзімдік бар ғой адалдар!
* * *
" 3 "
Біраз күн болды үнсізбін
Терезе айғыз үнсіз күн
Берем деп бір күн бақытқа
Өлмейтін жансыз гүл сыздым...
Кеш болды
Жоқсың көрмедім
Ақ толқын алды көл демін
Білтедей үміт билейді
Ішінде салқын бөлменің
Босамай өмір қонақтан
Бір-бірін жандар жоғалтқан
Ойымды жастап жатқанда
Оянды ойсыз шолақ таң...

         * * *
Оң-солын білмес жалын шақ,
Таппайды тыным жаның сəт.
Бақытсыз болып қалмаймыз,
...Біреуді біздер сағынсақ...
Күз бұлты басқа көшіп ал,
Көктемгі таудың төсі қар...
Қызғансын! 
Сүйсін ғашықтар!
Басқаның осы несі бар?!
Көреміз аңсап тағы түс,
Жүректе жүз мың жарылыс.
Бақытсыз сəттер емес ғой,
Басыңа берсе сағыныш?!
Күтеміз күнде біз нені?
Өткеннің қайда іздері?
Аңғармай кете береміз,
Соққанда жылы күз желі...Н
ұрлан Хасиханұлы.