Қазақстанда желтоқсан айында ҚР Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні мерекелері өтеді. Сонымен қатар, Жаңа жылдағы демалыс күндері бар.
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні жұмаға келіп тұр, сол себепті қазақстандықтар 1-і мен 3-і аралығында үш күн қатарынан демалады. Бұл шарт 5 күндік жұмыс аптасына қатысты, 6 күндік жұмыс аптасында 2 желтоқсан жұмыс күні.
Тәуелсіздік күні 16-17 желтоқсан, ол сенбі мен жексенбі күндеріне келіп отыр. Қазақстандағы мерекелік күндер туралы заңға сәйкес, демалыс күні мерекелік күнмен қатар келетін болса, мерекелік күннен кейінгі жұмыс күнінде – 18 және 19 желтоқсан демалыс болады. Осылайша, қазақстандықтар 16-19 желтоқсан аралығында қатарынан 4 күн демалады.
Ал Жаңа жылдық мерекелерде қазақстандықтар 30, 31 желтоқсанда және 2018 жылдың 1, 2 қаңтарында демалатын болады.