Алматы облысында ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт

                           Көшбасшысының

«Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды

 
Бүгін Қарасай ауданы Шамалған ауылында ҚР Тұңғыш Президенті –
Ұлт Көшбасшысының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының салтанатты
ашылуында ҚР Тұңғыш Президенті Қоры орталықтың экпонаттар қорына
Мемлекет басшысы пайдаланған үкіметтік авто көлігін сыйға тартты, - деп
хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Орталықтың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Президенті
Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков құттықтау сөз сөйледі. Осыдан
кейін шара жиналғандарды облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен
шын жүректен құттықтаймын! Бүгін осынау Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының туған жерінде «Атамекен»
тарихи-мәдени орталығының салтанатты ашылу рәсімінде баршамыз
Елбасымыздың Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқының кемелді
келешегі үшін атқарған ерен еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз.
Орталықтың алтын қорына жиналған барлық экспонаттар Елбасының
балалық шағынан егемен елдің Көшбасшысына айналғанға осы күндерге
дейінгі жүріп өткен сара жолынан сыр шертеді. Менің ойымша, бұл
орталықтың өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде олардың санасын
жаңғыртуда өзіндік елеулі үлесі болары сөзсіз. Бүгін тұсауы кесіліп отырған
осы орталықтың барша қазақстандықтардың тарапынан сөзсіз мойындалған
Ұлт Көшбасшысымен жақындастыратын орталыққа айналарына сенімдімін, -
деді өңір басшысы А.Баталов.
Құттықтауынан кейін облыс басшысы бүгінгі айтулы шараға
мұрындық болған тарихи-мәдени орталықтың ашылуына өзінің өлшеусіз
үлесін қосқан барша азаматтарға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын
табыстады.
Марапатталғандар арасында «Заман-Ту» ЖШС директоры Шәміл
Қожаханов, «Қазкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес
Рақышев, «Дәулет Серпін» ЖШС директорының міндетін атқарушы
Жалғасхан Дәлібаев, құрметті зейнеттік демалысқа шыққан Қарасай
батырдың «Шапағат» мектеп музейінің меңгерушісі Рымкеш Шайкенқызы
мен Күләш Әміровалар бар.
Осыдан кейін сөз алған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының
атқарушы директоры Қанат Жұмабаев бүгінгі ашылып отырған орталықтың
келешек ұрпақ үшін тарихи мән-маңызға ие екендігін ерекше атап өтті.
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директоры Қанат
Жұмабаев өзінің құттықтау сөзінде: «Біз бүгін тарихи мәні бар үлкен оқиғаға
куә болып отырмыз. Бұл күн барлық қазақстандықтар үшін елеулі күн,
өйткені Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – қарқынды әлеуметтік-
экономикалық және саяси дамуы бар мемлекеттің бірегей үлгісін жасаған
заманымыздың танымал мемлекеттік және саяси қайраткері. Елбасы секілді

тарихи тұлға - біздің жастарымыз теңелуге тырысып, өздері үшін дұрыс
бағдар белгілеуінің, еліктеуінің айшықты үлгісі, ал оның идеялары мен
еңбегінің жемісі халық игілігіне айналуға тиіс», - деді.
Сондай-ақ шарада Ушинский атындағы орта мектептің оқушысы
Дархан Шафхатов жиналғандар алдында өз құттықтауларын жеткізді.
Ғимараттың салтанатты түрде лентасын қию рәсіміне мәртебелі
меймандармен бірге Болат Назарбаевта қатысты. Осылайша, Тұңғыш
Президент – Ұлт Көшбасшысының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының
өз жұмысын бастауына жол ашылды. Шараға қатысушылар мен қонақтар
көпшілік назарына қойылған бірегей экопзициялармен танысу мүмкіндігіне
ие болды. Тағы бір қуанышты сәт - ҚР Тұңғыш Президенті Қорының
орталықтың экпонаттар қорына Мемлекет басшысы кезінде пайдаланған
үкіметтік авто көлігін сыйға тартуы болды.
Естеріңізге салар болсақ, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.
Назарбаевтың «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы Алматы облысының
әкімдігі және ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қолдауымен
ашылды.  
Елбасының туған жерінде құрылған Орталықтың мақсаты -
қазақстандықтар арасында Елбасының шығармашылық және саяси жолын
кеңінен тарату, сондай-ақ Президенттің өмірі мен қызметінің айшықты
үлгілері негізінде жастардың патриоттық тәрбиесін күшейту.
«Атамекен» тарихи-мәдени орталығында ҚР Тұңғыш Президенті –
Елбасының Қоры мен Кітапханасы, Тұңғыш Президенттің Музейі, Президент
Іс басқармасы, ҚР Ұлттық кітапханасы, Шамалған ауылының мектеп-музейі,
Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі және М. Тынышпаев атындағы
Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі берген құжаттар, кітаптар,
фотоматериалдар және басқа да экспонаттар жиналған.  
Жаңа орталықта экспонаттар Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметінің,
Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдеріне
сәйкес хронологиялық ретпен орналастырылған. Бұл Орталыққа келушілерге
қазақстандық мемлекеттіліктің қайта жаңғыруы процесіндегі, экономикадағы
және әлеуеметтік саладағы, тарихи дамудағы түбегейлі терең өзгерістерді
өткерудегі және Қазақстанның ХХ және ХХІ ғасырлар шеңберінде
халықаралық беделінің нығаюындағы Елбасының ауқымды үлесін, рөлі мен
еңбегін көзбе-көз бағалау мүмкіндігін тудырады.  
Бірінші залда болашақ Мемлекет басшысының балалық және
жасөспірім жылдарына, еңбек жолының басталуына арналған экспозиция
орналасқан.
Екінші залдың экспонаттары Елбасының одақтық республика басшысы
қызметтерін атқарған және тәуелсіз Қазақстанның бүкіл халқы Тұңғыш
Президент етіп сайлаған кезеңдерге жатады.
«Атамекен» орталығының үшінші залы Елбасының басшылығымен
іске асырылған ауқымды қайта құруларға, Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігінің ширек ғасырындағы даму қорытындыларына арналған.

Сондай-ақ мұнда Н.Ә. Назарбаевтың туған ауылы Шамалғанға әр жылдары
барған сәттері туралы фотоматериалдар да бар.
Төртінші залда Елбасының сыртқы саясаттық қызметі – Астанада
өткізілген саммиттер және «ЭКСПО-2017» көрмесін қоса алғандағы ірі
халықаралық шаралар, Қазақтардың Бүкіләлемдік құрылтайы, шетелдердің
мемлекет және үкімет басшыларының ресми келген сапарлары туралы
материалдар орналастырылған.
Елбасына шетелдік көшбасшылар тарту еткен хаттамалық сыйлықтар
келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды.  
Сондай-ақ «Атамекен» орталығында Президент еңбектерінің, сондай-
ақ түрлі авторлар жазған Елбасының жолы туралы кітаптардың үлкен
топтамасы жинақталған.
 
 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі