Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында оқырмандар үшін жаңа «Рухани жаңғыру» залы ашылды.
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында ашылып отыр.
Жаңа залдағы кітаптың қоры 3000-нан асады. Аталмыш зал еліміздің белгілі қоғам қайраткері, журналист және саясаттанушы Қуаныш Сұлтанұлының кітап қорымен толықты. Олардың арасында "Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы" , "Президенттің бір жылы", "Елбасы таңдамалы сөздерінің көптомдығы", Н.Назарбаевтың "Елмен сырласу", «Қазақтың Шерағасы», «Властилитель Азии» атты кітаптар, сондай-ақ, автордың "Қазақтың жаңа дәуірі", "Мүдделер тоғысы", "Елбасы және қазақ мемлекеттілігі", және т.б. кітаптары бар.
Айта кетейік, 2017 жылдың сәуір айында елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аттты бағдарламалық мақаласы қолға алынған болатын. Мамандар мақаланы маңызды саяси-идеологиялық құжат екенін айтады. Себебі бұл мақалада ұлттық құндылықтарымыз, мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары туралы туралы айтылған.
Мемлекетіміздің ең басты мақсаты — елімізді дамыған 30 елдің қатарына енгізу екені белгілі. Осыған орай заманға сәйкес рухани жаңғыру мәселесін насихаттау мақсатында жаңа зал оқырмандарға жол тартты.
ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың баспасөз қызметі