el24.kz Семей қаласында түнгі уақытта автомобиль көпірінің жол жүру бөлігінде фотосессия ұйымдастырған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан кейін белгілі болған. Желі қолданушыларының алаңдаушылығын тудырған видеоны тексеру барысында тәртіп сақшылары заңбұзушының жеке басын анықтады. Ол Ақтөбе облысының 35 жастағы тұрғыны болып шыққан.

 

 el24.kz Павлодар облысының Ақсу қаласында мас күйінде жол-көлік оқиғасына себепкер болған әйелді әкімшілік қамаудан босату үшін жалған жүктілік анықтамасын пайдаланған құқық қорғау қызметкері сотталды. Бұл туралы прокуратура мәлімдеді.

 

  el24.kz Қазақстанда мұрағат ісі мен ветеринария саласында еңбек ететін мамандар үшін жаңа қосымша төлемдер мен үстемақылар қарастырылды. Тиісті өзгерістер Үкіметтің №564 қаулысына сәйкес 2026 жылғы 30 маусымнан бастап күшіне енді.

Жаңа нормаларға сәйкес, енді ветеринария және мұрағат ісі саласының қызметкерлері заңнамада көзделген еңбек жағдайына байланысты қосымша төлемдер мен үстемақыларды ресми түрде алуға құқылы.

 

   el24.kz Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Астанадағы республикалық Бас мешіттің атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Енді еліміздің басты діни нысандарының бірі ресми түрде «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

 

  el24.kz Қазақстанда зейнетақы жүйесін жаңғырту және оның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібіне шықты. Осы бағытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының және бейінді ұйымдардың қатысуымен арнайы жұмыс тобын құрған.