Құрметті біздің Отандастар! Біз, қазақ елі ежелден-ақ өзінің тектілігі мен батырлығына өзгелерді сүйсіндірген елміз. Біздің арғы тегіміз сонау Сақ пен Ғұннан бастау алып бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Біздің ержүрек ата-бабаларымыз ел мен жерді қалай қорғап, тәуелсіздікті мығым ұстап тұрудың озық үлгісін көрсетіп кеткен. Тарих сахнасында талай сынды өткерсек те сағымыз сынып, ар намысымызды ешқашан аяққа таптатқан емеспіз. Бұл да біздің әлем елдері алдындағы абыройымыздың асқақ болуына бір себеп.

Желтоқсан таңы тағы да қаралы хабармен  атты.Қазаққа Төлеген болып танылып, сүйіктісіне айналып кеткен Құман Тастанбек  өмірден озды.Әлеуметтік желілердің барлығында  Қыз - Жібегіне көңіл айтқан посттар,қайғыға  қабырғасы қайысқан қалың ел! Қаза қайырлы болсын қазақ елі !Бақұл болыңыз ,Аға !

 Бүгін Талдықорған қаласындағы «Жастар» мәдени-демалыс саябағында жетісулықтар Тәуелсіздік мерекесін атап өтті. Саябақта спортшылардың жетістіктерінің көрмесі қойылып, келушілер назарына ұсынылды. Шара Б. Римова атындағы драма театры әртістерінің «Тәуелсіздік елдік пен ерліктің іргетасы» атты мерекелік театрландырылған көрінісімен басталды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналып Талдықорған қаласындағы «Жастар» Спорт сарайында өткен салтанатты жиында 65 адамға мемлекеттік награда және 7 адамға «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағын тапсырды. Мемлекеттік марапатқа ие болғандар қатарында «Қазақстанның Еңбек Ері» атанған аңызға айналған спортшы, танымал меценат әрі бизнесмен Жақсылық Үшкемпіров, «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағын алған космонавт, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов те бар, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ел экономикасының дамуына үлкен кедергі тудырып отырған  «Сыбайлас жемқорлықпен» күресу- баршаның парызы. Әскери киім киіп, Отанына адал қызмет етемін деген әскерилер үшін мұндай жат қылықпен айналысу кешірілмес қателік екені белгілі. Осы тұрғыда Маңғыстау облысының  Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде үлкен жиын өтті. Шарада  жемқорлыққа қарсы тұру бағытында 2017 жылғы атқарылған жұмыстар мен оның қорытындысы айтылды. Жекеқұрамға елімізде аталмыш бағытта істеліп жатқан тындырымды тірліктер де аз емес.