- Подробности
- Категория: Бүгін
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» жобасын «Қызылорда облысы бойынша «Жас Отан» Қоры» табысты жүзеге асыруда. Жоба аясында «Жас Отан» Жастар қанатының жанынан құрылған еріктілер топтары жан-жақты бағытта іс-шаралар атқаруда.
- Подробности
- Категория: Бүгін
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы 2016 жылдан бастап шетелдердің Ұлттық кітапханаларында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығын ашу халықаралық жобасын іске асыруда. Қазіргі кезде әлемнің 11 елінде: Корея, Қырғыстан Республикасы, Финляндия, Венгрия, Малайзия, Түркия, Қытай Халық Республикасы, Грузия, Францияда Орталықтар ашылып қызмет етіп жатыр.
2017 жылдың 21 желтоқсанында София астаналық кітапханасында Қазақстан әдебиеті және мәдениеті орталығының ашылуы өтеді (София қаласы, Болгария мемлекеті).
- Подробности
- Категория: Бүгін
Құрметті біздің Отандастар! Біз, қазақ елі ежелден-ақ өзінің тектілігі мен батырлығына өзгелерді сүйсіндірген елміз. Біздің арғы тегіміз сонау Сақ пен Ғұннан бастау алып бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Біздің ержүрек ата-бабаларымыз ел мен жерді қалай қорғап, тәуелсіздікті мығым ұстап тұрудың озық үлгісін көрсетіп кеткен. Тарих сахнасында талай сынды өткерсек те сағымыз сынып, ар намысымызды ешқашан аяққа таптатқан емеспіз. Бұл да біздің әлем елдері алдындағы абыройымыздың асқақ болуына бір себеп.
- Подробности
- Категория: Бүгін
Желтоқсан таңы тағы да қаралы хабармен атты.Қазаққа Төлеген болып танылып, сүйіктісіне айналып кеткен Құман Тастанбек өмірден озды.Әлеуметтік желілердің барлығында Қыз - Жібегіне көңіл айтқан посттар,қайғыға қабырғасы қайысқан қалың ел! Қаза қайырлы болсын қазақ елі !Бақұл болыңыз ,Аға !
- Подробности
- Категория: Бүгін
Бүгін Талдықорған қаласындағы «Жастар» мәдени-демалыс саябағында жетісулықтар Тәуелсіздік мерекесін атап өтті. Саябақта спортшылардың жетістіктерінің көрмесі қойылып, келушілер назарына ұсынылды. Шара Б. Римова атындағы драма театры әртістерінің «Тәуелсіздік елдік пен ерліктің іргетасы» атты мерекелік театрландырылған көрінісімен басталды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Страница 86 из 104


