- Подробности
- Категория: Бүгін
Тұңғыш Президент күніне жеңісті тартуды Алматы облысындағы 26 Нұрсұлтан есімді жасөспірім ұсынды
«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының мұрындық болуымен 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Ұлы дала қазынасы» жобасы аясында«Хан дойбысынан» жасөспірімдер арасында біріншілік өтті.
Ең қызығы, ойынды «Нұрсұлтан» есімді балалар ойнап, бір-біріне дес бермейтін тартымды сайыста бақ сынасты.
- Подробности
- Категория: Бүгін
Рухани бай адам ғана болашаққа нық қадам басады. Осылай ой түйген
Маңғыстау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы
Бас Қолбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласына қолдау білдірді.Жаһандану дәуіріне жаңа бастау болатын
аталмыш жобада елбасы елдің дамуына жетелер бірнеше жолды көрсетті.
- Подробности
- Категория: Бүгін
Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету туралы тарихи Жарлыққа қол қойған болатын. Аталған Жарлық әліпбиге қатысты көптен талқыланып келе жатқан мәселелердің, ой-толғамдардың қорытындысы, түйіні болды. Әліпбиге қатысты ендігі әңгімелер мен шаруалар жаңа әліпбиді кезең-кезеңімен игеру, қолданысқа тиімді енгізу төңірегінде болмақ. Осы тұрғыда кітапханамыз «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» деген атпен біршама іс-шаралар өтуде. Соның бірі, 28 қарашада, қоғамдық сананы жаңарту бағдарламасы аясында ашылып отырған «Рухани жаңғыру» залында өтті.
- Подробности
- Категория: Бүгін
Бүгін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Ел тірегі - Елбасы» кездесу кеші өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық этномәдени бірлестік басшылары, белсенді мүшелері, облыстық ҚХА құрылымдары, зиялы қауым өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студент жастары және БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты жиын басталмас бұрын оқушылардың арнайы дайындаған «Ел тірегі – Елбасы» атты әдеби композициясы орындалды.
- Подробности
- Категория: Бүгін
Баспасөз парағы
Өтетін жері: Нартай Бекежанов атындағы
музыкалық-драма театры
Өтетін күні: 28.11.2017
Уақыты: 17:00
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Қызылорда корейлер қауымдастығы» облыстық филиалының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 28 қарашасында Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрында «Корейлердің Қазақстанда тұрғанына 80 жыл» атауымен салтанатты кеш өтеді. Мерекелік кеш аясында Кореяның белгілі фотографы Ким Джин Соктың фотокөрмесі өтеді.
Страница 90 из 104
