- Подробности
- Категория: Бүгін
«МӘҢГІЛІК ӨНЕГЕ – ӘЗ МҰХАММЕД» атауымен ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні Сәтбаев қаласында Мәуліт кеші өтті. Сәтбаев қаласы әкімдігінің қолдауымен, Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы мен Б.Балқыбайұлы атындағы Сәтбаев қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен рухани кештің басты қонақтары елімізге танымал «Өнер қырандары» театры болды.
- Подробности
- Категория: Бүгін
2017 жылдың 14 желтоқсанында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қызылорда облысының Қазақстан халқы ассамблеясының ХХ сессиясы өтті. Оған облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділері, зиялы қауым өкілдері, облыстық, қалалық депутаттар, үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен белсенділері, оқу орындарының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Сессия жұмысы мемлекеттік Әнұранмен басталды. Сессияның күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. «Тәуелсіздік және Қазақстан халқы Ассамблеясы: ХХV сессия қорытындыларынан туындайтын міндеттер мен мақсаттар», екінші марапаттау, үшінші мәселе облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасарын бекіту.
- Подробности
- Категория: Бүгін
Қапшағай қаласына қарасты Ақөзек ауылында 120 орынды жаңа мектеп іске қосылды. Бұл ауыл тұрғындары үшін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үлкен сый болды. Бұрынғы мектептің ғимараты тозып, оқушылар сыймағандықтан жаңа мектеп салудың қажеттілігі туындаған еді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- Подробности
- Категория: Бүгін
Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Тәуелсіздік күні қарсаңында 1986 жылдың желтоқсанында болған оқиғаға қатысқан азаматтарды қабылдады. Жыл сайын болатын кездесуге осы жолы 30-ға жуық адам қатысты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Жиын барысында өңір басшысы Амандық Баталов қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтай келе, мәжіліс залына жиналған әрбір азаматтың егеменді ел болу жолында сіңірген еңбегінің ерен екендігін атап, осы азаматтардың күнделікті өмірде жастардың бойында ұлтжандылықты дәріптеп жүргендігі үшін алғысын білдірді.
- Подробности
- Категория: Бүгін
Ұлттық палата мәселелерді Жоғарғы Сотпен бірлесе шешетін болады
7 желтоқсан күні Жоғарғы Сот мінберінде «Бизнестің құқығы мен заңды мүддесін сотта қорғаудың тиімділігін арттыру» атты форум өтті. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев қатысқан Форумда Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов сөз сөйледі.
Страница 88 из 104
