Щучинск санаторийсінде алтыншы күні жүріп байқағаным бұл жақта қазақ ұлтына қарағанда өзге ұлт өкілдері көп келеді екен. Ішімнен Қазақтар тойшыл қауым тойдан босамай жатқан болар дедім, немесе Түркия Дубайды аралап Бурабайды қайтсін деген ой келді.

Өйткені өзгенің қаңсығы өзімізге таңсық болып тұратын әдетіміз тағы бар.. .

Щучинск санаторийі Шортанды (Щучинск) қаласында Көкшетауға жетпей, Бурабай ауылының жанында орналасқан. Щучинск аталуы себебі мұнда Шортанды (Щучинск) көлі бар. Қаланың да, санаторийдің де атауы сол Шортанды көлінен шыққан. Бұл көлде шортан (щука) көп мекендейтін болу керек. Щучинск санаторий 1926 жылы қаланған. Алғашқы да шахтерлар үшін ашылған екен. Еліміз егеменді ел болғалы мұнда түрлі батпақ, жылы ванна, тағы басқа әдістермен адамдарды емдеу жұмыстары жүргізіледі. Қазақстанның түрлі өңірінен ауыз қуыс, тыныс жолдарын, аяқ-қол, бел сүйек қақсауларын емдетуге, әрі Шортанды мен Бурабайдың орманындағы Қарағай, Шырша, Арша, Аққайың ағаштарынан бөлінген хош жұпар ауамен дем алуға келеді.

Тау, таудан аққан саф таза, тастай мөлдір бұлақ, ну орман, өзен-көл бәрі осында. Щучинск санаторийінде 1 ші маусынан бастап кісі басына 12500 тг тәулігіне алынады. Ол қаражаттың ішіне төрт уақыт тамақтану, өте ыңғайлы, таза жатын орын, бассейн, спорт зал, бильярд сонымен қатар жоғарыда айтылған ем-домның бәрі және тегін экскурсиялар кіреді.

Он күнге жүз жиырма бес мың тг, сонымен қоса Щучинсктің жанында орналасқан Бурабай ауылына таксимен барып, ондағы Абылай хан тағын көріп, Кенесары апанында жатып, Жұмбақтас пен Оқжетпеске шығып, суға түсіп, қайыққа мініп, балмұздақ жеп келуіңіздің бәрі Щучинскт санаторийінде он күн демалысыңызбен қосқанда 150 мың тг ден аспайды.

ТУРКИЯ, Дубайға арзан деген билеттің құны барып-келу үшін 150 мың тг. Иә, алты сағат ұшақта ұшып келуіңіздің өзі 150 мың тг. Онымен қоса шет елде демалып, қыдыруыңызды есептегенде біраз қаражат жұмсайсыз.

Щучинск санаторийінің асханасында Туркия, Дубай, тіпті қасиетті елдерде жоқ таза бал, қолдың сары майы, қымыз, айран секілді табиғи сүтті өнімдермен тамақтандырады. Бір мезетте санаторийде 300 адам тамақтана алады.

Туркияның алты қаласында, Мекке, Мединеде, Қытайда жоқ, тек қана атамекен Қазақстанның қара топырағынан нәр алған таза балмен шәй ішіп, жүз пайыз таза қаймақ, майдың дәмін осында ғана тата аласыздар. Ендеше бір- екі тойдан қалып, шет елге шығуды аңсап, бөтеннің бөстегінен бақыт іздемей, тарихқа толы, қазақтың ең қасиетті, қадірлі, құнарлы жеріне келіп демалып денсаулықтарыңызға ең үлкен салым жасаңыздар достар. 

Ләззат Мырзаш