Аға, бұл сізсіз бе?
- Подробности
- Категория: Проза
Әңгіме
Базардан оны-мұнымды сатып алып, шығар есікке таяй бергенімде терісі сүйегіне ілінген, ұрты суалған, қақырық толы кеудесі кіркіреп тұрған, түрі жапалаққа айналып кеткендей бір қайыршы мені көптен көрмеген танысындай құшақтай алды. Шашының ұйпа-тұйпасы шыққан, жара-жара бетінің адам қарарлық кейпі жоқ. Итеріп жібердім. Жиіркеніп, үсті-басымды қаққыштай бастадым.
— Кешір, кешір, — деді қалбалақтап. Оның сөйлегені тұнық дүниені лайлап жібергендей болып, табан астында ашуым қызсын.
Итырғын (әңгіме)
- Подробности
- Категория: Проза
Қанат Қайым
Жалпы өзі, қазақтың ұғымында итырғын болды деген сөз – мол байлыққа, оңай олжаға кенелді деген мағынада айтылады ғой. Ал біз болсақ, көзді ашып-жұмғанша тура мағынасында итке байып, итырғын болдық та қалдық.
Бұл енді – өркениетке ұмтылып, елдің алдына шығып, көш басында болайық деген игі қадамымыздың алғашқы жемісі.
Ана жүрегі
- Подробности
- Категория: Проза
Бердібек Соқпақбаев
Салқын күздің сары таңын Балқия ана бүгін де жайсыз ұйқымен атқызды. Көзі ілінсе болғаны тағы да соғыс шықпай қойды түсінен.
Өте бір шошымал түсті Балқия таңға жақын көрді: жалаң аяқ жалан бас, көйлекшең қалпы қанды қырғын майдан даласын кезіп, жан ұшырып жүгіріп келеді екен. Іздегені жалғыз ұлы аяулы Мәмбеті. «Мәмбет! Мәмбет!» — деп Балқия пәрменімен ышқына айғайлайды. О жағы, бу жағынан гүрсілдеп жарылып жатқан тажалдарды елеп те қоймайды. «Мәмбеті Мәмбет!».
Жағымсыз кейіпкер
- Подробности
- Категория: Проза
Тұрсынжан Шапай
Сіз, көбіне, бірінші жақтан жазасыз ғой... Кейіпкерлеріңіз, негізінен - "Мен"... Жаңа қарасам, "мен" деген бірінші жақ жіктеу есімдігі мәтіннен түгел... ұшып кетіпті!.. Кітабыңыздың жартысынан көбінде бас кейіпкер жоқ...
Баспадан міне-міне шыққалы тұрған кітабымның редакторы таң атпастан телефон соқты. Даусында абдырап-сасқандық, тіпті, бір үрей бар.
- Кітабыңыздың... әңгімелеріңіздің бас кейіпкері жоғалып кетті!..
Жындарға дастарқан жайғызған - Мәшһүр Жүсіп әулие
- Подробности
- Категория: Проза
Атақ-даңқы алты алашқа жайылып, әулие атанған қасиет иесі - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Ғұламаның өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеумен келе жатқан өз ұрпағы Әсет Пазыловтың еңбектеріндегі мынадай мәліметтерді оқырмандардың назарына ұсынғанды жөн көрдім.
"Мәшһүр Жүсiп бiр күнi Баянауылға бармақ болып, жанына баласы Шарафиден мен сүйiктi немересi Төлеубайды ертiп, ат-арбасына атын жегiп жолға шығады. Бозбай деген жерден аса бергенде немересі:
Страница 441 из 725
Соңғы жаңалықтар
- Каспийдегі қайғылы оқиға: Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қамауға алынды
- БАӘ-ден Қазақстанға халықаралық іздеуде болған үш күдікті экстрадицияланды
- Атыраудағы қайғылы оқиға: Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен кездесті
- Орал маңында қосалқы станцияда 10 жастағы бала тоқ соғып, көз жұмды
- Қауіпсіздік кеңесі аппаратында кадрлық өзгерістер болды
- Өскеменде порнографиялық материалдар дайындап, таратқан 14 адам сотталды
- Telegram-дағы «жеңіл жұмысқа» сенген 20 жастағы елордалық алаяқтық үшін 3 жылға сотталды
- Қостанайда бұрынғы әйелін қызғаныштан атып өлтірген ер адам 12 жылға сотталды
- Қазақстанда жемқорлық туралы хабарлағандарға 17,3 миллион теңгеге дейін сыйақы беріледі
- «Жарты патша» атанған қазақ...
- «Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге арналған білім гранттарының санын 350 орынға арттырды
- Атырауда балабақшадағы балаға қатысты жанжал: тәрбиешінің бұрын сотталғаны анықталды
- Түркістан облысында құқықбұзушылықты видеоға түсіргендерге 43 мың теңгеге дейін сыйақы беріледі
- Таиландтағы мектептегі атыс: шабуылдаушы алдымен ата-әжесін өлтіріп, кейін мектепте тағы алты адамды атып кеткен
- 50 мың теңгеге дейінгі мектеп көмегі: Қандай отбасылар ала алады?
- Ақілгек
- Ақтауда жағалауда қызбен жанжал шығарған ер адам 30 тәулікке қамауға алынды
- Солтүстік Кипрде қазақстандық бойжеткенге пышақпен шабуыл жасалды
- Аңызға айналған альпинист Нирмал Пурджа Пәкістандағы Броуд-Пикте қаза тапты
- Таиландтағы қос ресейліктің өлімі: тергеу барысында тағы үш адамның мәйіті табылды





