Төреғали Төреәлі мен Мөлдір Әуелбекова бірігіп тағы да клип түсірді. Жақында ғана Мейрамбек Беспаев пен Сандуғаш Стамғазиеваның репертуарындағы «Сен болмасаң» әніне бейнебаян түсіріліп жұртшылық жақсы қабылдаған болатын.

Осы әннің жалғасы іспетті «Қоштасудың қиыны -ай» әніне бейнебаян түсіріліп ,көпшілікке жол тартты.

Жақында ғана «Қозы –Көрпеш Баян сұлу»телехикаясы экранда жарық көріп,қызу талқыға түсті.Тарихи тақырыпты арқау еткен бұл фильм экранға жол тартқанан, көпшілік сынап тастады.

«Қазақи иіс жоқ,тарихи фильмді Баянға тапсыру үлкен қателік »деп жазған болатын танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы.Ал фильмге бөлінген қаражатты қайтарсын деп әнші,актриса Меурерт Түсіпбаева мен қоғам белсенділері талап еткен болатын.

«Мен кино сынына қатысты толық қанық емеспін. Өйткені ол кезде Тайландта жүргем.

Мальдив аралында  ұлымен демалыста жүрген Ерке Есмахан,өзін аяғы ауыр деп болжам жасап жүргендерге жауап берді.Еркенің  белгілі асаба,әзілкеш Әли Байжұматпен байланысы бар деген ақпарат тараған болатын.Бірақ Ерке де,Әли де бұл жөнінде нақты ақпарат берген жоқ.

«Алдараспан» әзіл –сықақ театры «Қалаулым» туралы қойылым қойды.Бұл YouTube желісінде таралып жағымды пікірлер айтылып жатыр.

«Осы Нұржан өте талантты, əзіл-сықақтың хас шебері,еңбегі зор,ерінбей ізденетін еңбекқор жігіт."Алдараспанда" сен тұр, мен атайын деп тұрған жігіттер, əбден пісіріп тастаған. Керемет,бірінен-бірі өтеді.Қай қойылымын алсаңыз да, мін жоқтай. Мəдениет басшылары осы жігіттің еңбегін елегісі келмейтіндей көрінеді».- деп жазады әлеуметтік желі қолданушысы Гүлзада Жұманова.

Қыркүйек айында Мөлдір Әуелбекова қыздардан құралған топқа кастинг жариялаған болатын.Алайда, төрт ай бойы Мөлдір олар жайлы жақ ашпады.Енді міне, жас продюсер   әнші балапандарын елге көрсетуге дайын.

« Біздің продюсеріміз  елге танымал әнші Мөлдір Әуелбекова. Бізді  кастинг арқылы іріктеп таңдап алды.Қазіргі таңда біздің бүкіл жағдайымызды жасап,өнерге  талпынысымызды арттырып жатыр» -дейді  топ мүшесі Анеля.