Тойда ән айтып, би билеген Камшат Жолдыбаеваның видеосы YouTubeде жарық көргені сол,көпшілік сынап тастады. Бірі :

«Тойда үлкен де кіші де болады.Жартылай жалаңаш жүргені тым ұят» десе, екіншісі :«ашық шашық, халықтың алдында ұят, ар- намыс жоқ қыз» десіп пікір қалдыруда.

Енді бірі:

« Маған ұнайды Камшат Жолдыбаева. Ол жалаңаштанса солай ақшасын тауып жүр .Онда тұрған ештеңе жоқ» деп, қолдаушылар да табылып жатты.

Тойдың қашан, қай жерде болғаны белгісіз.

· Өзбекстандық әнші Сардор Мамадалиев ,Ақтөбе облысында өртенген автобуста қаза тапқан жерлестері рухына арнап «Жон болам» атты ән арнады.Әннің сөзін жазған Шавкат Рахимов.
· Бұл жөнінде өзбектің ақын қызы Ситора Ахрор; "Сардордың əні - қара нанның қадірін алыста жүріп ұққан жандардың зары. Арманының ақ қағазға жыр түскен, нотаға айналған тұсы. Дүниенің əрбір бөлігінде нанын іздеп жүрген жандардың тағдырын суреттеген шынайы əннің туғанының дəлелі" –деген болатын.

 

Оқиға  Жамбыл облысы ,Талас ауданы ,Жданов  (қазіргі С.Шәкіров) ауылында болған. 1991 жылдың жаз кезі.

Кеш қарайып, ел-жұрт малын жайлап жатқан кезде көлік апаты болады. Бұрын естеріңізде болса серый УАЗик болатын. Үлкен машина. Сондай көлік Ойық ауылынан келе жатып, Ждановкаға жеткенде алдынан мас жігіт шығып қалады. Сол жігітті қағып кетпейін деп УАЗик «столбқа» соғылады. Не керек жаңағы жігіт сол көлікті сол жерде тоқтатады. Ал, ол тура біздің үйдің қасы.

Қазақтың қара домбырасын ұстаған,күйші арда ұл -Мұрагер Сауранбаев қаңтардың жиырмасы шаңырақ көтеріп, Астананың төрінде тойын өткізді. Тойға ел ағалары мен қазақ өнерін биіктеткен азаматтардың барлығы қатысты. Батыстың даңғаза музыкасынсыз Айгүлдей күйшінің күйімен ерекшеленген бұл той - Мұрагердің анасының арманы. Марқұм Мақпал ана перзентінің қуанышында келінінің қолынан шай ішуді армандаған екен. Текті арманы бала жүректің төрінде жүргені ақиқат.
Қазақилық пен тектілік үйлескен сəт - жүрек елжіретер дүниенің болары анық. Себебі, қазақилық - қанмен бойға дарыған қалып.

Қазақтың  қара өлеңімен елді тамсандырып,дәстүрлі әндердерді заман болмысына  сай әрлеп, ән салып жүрген «Қоңыр» тобындағы Мархабат Мықтыбеков ұлды болды.Бұл жөнінде Арман Абубакир фейсбуктегі парақшасында хабарлады;

«Сүйінші, сүйінші Алаш елі! 
"Қоңыр" тобының мүшесі, ұлттық музыканың көрнекті өкілі, күміс көмей, жез таңдай әнші ағамыз Мархабат Мықтыбеков пен белгілікомпозитор, қолөнер шебері Жәудір Артықбаеваның шаңырағында шаттықтың бесігін тербетіп, маңдайы торсықтай өмірге ұл келді!