Жақында ғана, «Шаруам жоқ» деп елді шулатып ән айтқан, Төреғали Төреәлі елді  таң қалдырумен келеді.Тағы бір жаңа ән «Қатемді кешіріңдер» жарыққа шықты.Әнін  Құрал Молжанов,сөзін Қайнар Алагөзов жазған.Соңғы кезде Төреғали үлкен ширығу үстінде жүрген сыңайлы. Болып жатқан жайттар, жүйкесінде жарылыс тудырып шығармашылығына оң әсер еткендей, бірінен  соң бірі жаңа ән жарық көріп жатыр.

"Шаруам жоқ"Төреғали Төреәлінің жаңа әні тағы шу тудырды.Сөзін Қайнар Алагөзов  жазған,Төреғалидің  әні ,әлеуметтік желіде қызу талқылану үстінде.Бірі , журналистер Төреғалиді айтып ұпай жинап отыр деп, журналисттерді кінәласа ,бірі  сен халықтан үлкен емессің,халықтан кешірім сұрамақ түгілі , «маған не істейсің?» деп талтайып тұр ғой -деп пікір қалдырып жатыр. 

 

Баян Мақсатқызы Тұрсын Алагөзовпен неке қиғаннан кейін тойы болғанын айтты, деп хабарлайды Today.kz "Гәкку" арнасына сілтеме жасай отырып.

"Тұрсын менімен ақылдаспай тұрып үлкен тойымыз болатынын айтып қойды. Бұны БАҚ жарыса айтты. Кейін мен одан "неге олай айттың?" деп сұрасам "қалжыңдадым" дейді. Менің 44-ке келіп ақ көйлекпен тұрғанымды елестетіп көріңізші. Бірақ 2017 жылдың 7 желтоқсанында біз ресми некемізді қидық. Тойымыз болды. Өз-өзіміз болып атап өттік", - дейді Баян Алагөзова. 

Халық әртісі Алтынбек  Қоразбаевтың  70-жылдық мерей тойына арналған концертінде  бос орын болмады -деп  хабарлайды  НТК  арнасының «Ревю» бағдарламасы.

    Концерттің  «Алтын күзім, армысың!»деп  аталуында да үлкен мағына  бар екен.Бұл жөнінде  Алтынбек Қоразбаевтың өзі «70- жасты мен күзге теңедім,шынымды айтайын- деп ағынан жарылды композитор.Ол  көктем емес, ол ақиқат.Жаз да емес,ол да ақиқат.Бар жиған  жеміс –жидегіңді,тергеніңді  еліңе,халқыңа шашуыңды беріп отырғаның күз емей не?»

Төреғали Төреәлі мен Мөлдір Әуелбекова бірігіп тағы да клип түсірді. Жақында ғана Мейрамбек Беспаев пен Сандуғаш Стамғазиеваның репертуарындағы «Сен болмасаң» әніне бейнебаян түсіріліп жұртшылық жақсы қабылдаған болатын.

Осы әннің жалғасы іспетті «Қоштасудың қиыны -ай» әніне бейнебаян түсіріліп ,көпшілікке жол тартты.