«Өзбекнауо» эстрадалық бірлестігі желіге өзінің жалаңаш суреті мен видеосын салатын жұлдыздармен күресіп жатыр. Бұл туралы өзбектің «Жәмият» газеті хабарлады.
«Өзбекнауо» эстрадалық бірлестігінің төрағасы О. Әбдукаххаров
Әнші Мұрат Қожаның бұрынғы жары Айман Нұразхан енесін есіне алып, елді жылатты. Ол жан тебірентерлік жазбасын желіге жазған.
«Ата-ененің батасын алу, ененің мейіріміне бөлену үлкен қуаныш, мәртебе. Енеммен болған күндерім әлі есімде. Иә, мен бақытты жанмын. Еске түсірер естеліктер жетерлік. Менің мәңгі жүрегімде сақталатыны анық. Енеме деген сағыныш кеткен емес. Өмірдің сынағы болар, отбасымның шайқалуымен қатар арада жарты жылдан кейін суық хабар келген еді.
«Өзбекнауо» эстрадалық бірлестігі желіге өзінің жалаңаш суреті мен видеосын салатын жұлдыздармен күресіп жатыр. Бұл туралы өзбектің «Жәмият» газеті хабарлады.
«Өзбекнауо» эстрадалық бірлестігінің төрағасы О. Әбдукаххаров
МузАрт тобының солисті Мейрамбек Беспаев музыкалық арналарды басқаратын болса, ең бірінші жалаңаштарды құртатынын айтты. Сонымен қатар, сахнада өнер көрсетіп болғаннан соң, топтың жанкүйерлері қандай сыйлық беретінін де жасырған жоқ.
Бұл туралы Мейрамбек Zhuldyz.tv арнасына берген сұхбатында айтты.
Ел арасында танымал өнер жұлдыздары жөнінде қаңқу әңгімелер көп. Әсіресе, халыққа әнші-әртістердің жеке өмірі қызық. Соңғы кездері жұрт ұзақ үзілістен кейін сахнаға қайта оралған Бақыт Шадаеваны сөз қылуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Базбіреулер әншіні өзінен 20 жас кіші директорымен көңіл қосқан деп айыптауда. Ел көкейіндегі сұраққа Бақыт Шадаева 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында жауап берді.
“Иә, менің тамаша директорым бар. Ол өте тартымды, кейде ол маған қатты ұнап кетеді. Ол да маған үнемі көңілін білдіреді. Бірақ бұл бар болғаны жұмыс. Сондықтан дәл қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Директорым өз міндетін тиянақты түрде орындайды, соған ризамын. Мен қажетті кезде қажетті орыннан табыламын. Менің костюмдерім, фонограммаларым, қажетті нәрсенің бәрі болады”, – дейді әнші.
дереккөз: Stan.kz
Әнші Мәдина Сәдуақасова Ұлан-Батырда өткізген ән кешінде жұртшылықтың қошеметіне бөленіп, моңғол халқының ұлттық киімін сыйға алды. Сонымен қатар әнші сахна төрінде тәй-тәй басқан бүлдіршіннің тұсауын кесті.
«Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған концерт болған соң, қазақтың салт-дәстүрі тұсаукесерді де сахнада кішкентай Айзереге жасап жібердік. Ал кейін моңғол елінің азаматтары моңғол ұлттық киімін
(шапан)кигізді», – деп жазды әншінің өзі желідегі парақшасында.
Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің өнері мен сұлулығына тәнті болып, жағымды пікірлер қалдырды. Кейбірі Моңғолиядағы қандастарымыздың ұлттық киімдері әдемі екенін де айтып жатты.
Страница 11 из 19
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru