1.Тоңазытқыштың мұзын ерітіп, суын төккен-нен кейін жылы суға ас содасын қосып жуып, іші әбден құрғағанша бір-екі сағат ашып қойған жөн. Сонда оған қойған тағамдар иістенбейді. 

2. Ұзақ уақыт пайдаланылған пышақтар, қасықтар мен шанышқылар қарайып кетсе, оларды картоп пісірілген суға салып, бірнеше минутқа қалдыр. Сүрткеннен кейін, бұрынғысындай жалтырап шыға келеді. 
3. Пышақтарды жарты сағат тұз ерітіндісінде ұстасаң (1 стақан суға 1 қасық тұз), олар әлдеқайда жақсы қайралады. 
4.Қабырғаға жапсырылған түсқағаз оңайлық-пен алынбайды. Оны жеңілдету үшін, үтіктің ыссы буын басып жүргізсе, тез алынады. 
5. Дастарханның қайрылған жері сынбасын десеңіз, іш жағына лейкопластар жапсырып қою керек.