- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Болған оқиға ізімен
Ғани Әлихан
Бір үйдің бағы бір адамға қонады деген рас екен , бәйбіше қайтқалы біздің бизнестің де берекесі кете бастады . Оны мен сақтап қалуға қанша тырыссам да алға баспай қатты қиналдым . Маған көмектесетін байсымақтың жүрісі анау . Өзін өзі кері тартып кереғар кертартпа болып жүр . Ол аздай үлкен қыздың шетелден келгені жығылғанға жұдырық болды . Әй - шәй жоқ , қаланың қақ ортасындағы дәріханамен , оң түстікте орналасқан тағы бір дәріхананы сатып жіберді . Оған менің қарсы тұруға қауқарым жетпеді . Өйткені сол екі бірдей дәріхана сонікі , оған ешкімнің таласы болмауы керек екен .
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Болған оқиға ізімен
Ғани Әлихан
Жүрек құрғыр толқып тұрды . Асылбектің нөмерін тапқаныммен онан әрі аса алмадым . Қалай ғана асайын мына жұмақтан кеткім келмейді . Өйткені тап қазір менің ойлап тұрғаным дұрыс емес , оны өзім де білемін . Білмейтінім тек біреу ғана , сол Асылбекке мен шынымен де керекпін бе , әлде жоқ па ?
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Болған оқиға ізімен...
Ғани Әлихан
Бәйбішесі қайтқалы Сәкеңнен күй кетті . Өз өзімен күбірлеп сөйлесіп жүретінді шығарды . Тіпті мына менде ескерусіз қалдым . Ең жаманы сол , арадан он күн өтсе де осы көңілсіздік күнде жалғасып жатты . Зар жылаған екі қыздыңда менде шаруасы болмады . Қысқасы мен бұл үйде өзімді бөтен адамдай сезіне бастадым . Өйткені ешкімге керегім жоқ сияқты көріндім . Тіпті ішімдегі ұлдың әкесі Сәкеңе де менің бары жоғым бірдей боп қалғандай болды . Осылайша бұл үйдің сәнібәйбішемен бірге кетті . Сонда да үмітсіз шайтан деген ғой , үмітімді үкілеп жұмысыма барып кеп жүре бердім .
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Болған оқиғаның ізімен...
Ғани Әлихан
Есіктен күлімдеп кірген бәйбішесін көргенде Сәкең қатты қуанды . Қуанбай қайтсін , сырт көзге денсаулығы түзеліп беті беріп қарап қалған сияқты көрінді . Кеше ғана өлем деп зарлағанын құдай естіді ме білмеймін , мына түрін көргенде бұл қатынға өлімнің ауылы жақындай қоймағанын түсіндім . Осылайша маған өз жоспарыммен арманымның ауылы алыстай түсті . Әрине бұл менің ашуыма тиіп зығырданымды қайнатты . Оның үстіне бәйбіше болмаған бір айда мені айналшықтап шықпай қойған Сәкең қайтадан бәйбішеге шапты . Ол аздай өзара күбірлеп сөйлесуі қайта басталды .
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Болған оқиға ізімен...
Ғани Әлихан
Асылбектен келдім деген хабар алғалы жаным жай таппай қойды . Ойлап қоямын , тап осы жерде аяғымды шалыс басқаным ба,әлде ол менің құтқарушым ба ? Міне осыны қанша ой елегінен өтірсемде жауабын таба алар емеспін . Өйткені басымды шырмап алған қорқыныш онан сайын үдей түсуде . Мұның өзіндік бірнеше себептері бар . Егер мен Асылбекпен осы жақын күндері кездеспесем онан соңғысының бәрі кеш болуы мүмкін .
Страница 22 из 31