- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Желмен жағаласа жеткен тұяқ дүбірін естігенде бәйбішені тағы да үрей басты . Апырай бұл тірлігім қалай болғаны мені бір албасты басқалы тұр ғой дейді ішінен . Алайда қызыл виноның буы бар оның үстіне Оңтайға деген кек бойын кернеп барады .
Көзін жұма салып Көбейдің құшағына құлай салғысы келеді . Бірақ тұяқ дыбысы жақындай түскенде ес жиып бәрінде ой елегенінен өтіріп алды . Қайтейін Оңтай менің өзім қалап тиген байым ғой , көзіне шөп салғаным жарамас деп барып бір ақ тоқтады .
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Ғани Әлихан
Соңғы күндері бәйбішемен телефонда ғана сөйлесіп жүрген Оңтайдан ес кете бастады . Сорлы ғой сорлы ,ауданмен ауыл арасы ары кетсе екі сағаттық жол . Ал бұл болса қалың түскен қарды сылтауратып мұнда жатып алды . Тіпті шынтуайтқа келгенде соңғы кездері Оңтай ағамыз өз басыменде жүрген жоқ . Өйткені кіші тоқал мойын болса қу қайын ене ми боп жабысып алған .
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Қысқасы шыр еткен қоңырау үнін естіген Оңтайдың қуанышында шек болмады . Өйткені арғы жақтан жеткен қыз дауысы "солдат аға ,солдат" деп сүйінші сұрап айғайлап жатты .
Содан апыл- ғұпыл киініп кіші тоқалға қарап тайып тұрды . Күткенім осы ғой менің Құдай маған берді деп желіп келеді . Алайда кіші тоқалмен құндақтағы баланы терезеден ғана көрудің сәті түсті . Содан жалма- жан қалта телефонын алып бәйбішеге, онан ортаншы тоқалға хабарласты .
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Осылайша Оңтай ағамыз үш жаққа жүгіріп жүргенде кіші тоқалдың толғағы басталды .
Соңғы он бес күнде ауданға кеткен ағамызға үйдегі бәйбіше қатты өкпелегені бар .Бірақ қанша ренжісе де қыздай тиген байы ғой ашуын сыртқа шығармаған .Тек анда - санда қоңырау соғып , күн суытса малға қарауға жалғыз өзінің мұршасы келмейтінін сондықтанда мына үш малшының екеуімен өзі келіп жеке сөйлесуі керектігін айтқан .
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Ғани Әлихан
Осы Оңтай деген ағамызды екінші әйел алыпты дегенді естігенде ауылдағылардың бірі жаға ұстаса бірі қуанып жатты . Өйткені бұл сонау КСРО құлап қазақ тәуелсіз ел болғаннан соңғы оқиға . Анығын айтсам 1999 - шы жыл .
Страница 19 из 31