- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Болған оқиға ізімен...
Ғани Әлихан
Бүгін өзі мазам болмай салым суға кетіп жұмыстан шыққанмын . Жаз басталғаннан тұмау жұқтырдым ба білмеймін , қалтырап - дірілдеп үйге әрең жеттім . Аулаға кіргенше ойыма келмеген , бүгінде тоқтаған көлігімнен түспей тұрып зәулім үйге көз жүгірттім . Өйткені бұл үй маған бұрында жұмақ көрінсе, тап қазір тозақ көрініп жүр . Сол үшін де көліктей түспей жан - жағыма қарайтынды шығардым . Қиялымда құдды бір жаналғыштар босағада күтіп тұрғандай болады да тұрады .
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Болған оқиғаның ізімен...
Ғани Әлихан
Арманыма жеттім десем армансыз адам бола ма , мұнан кейін де маған деген тағдырдың тосын сыйы таусылмады .Сәкеңді қолға түсіріп алып жұмысқа бірге барып кеп жүргенде араға он бес күн салып бәйбіше жетті . Енді бұл бұрынғы бәйбіше емес , ажары кіріп тіпті де сұлуланып кетіпті . Мұны көрген Сәкең менен бәйбішеге секірді . Әрине бұл менің күткенім емес , ішім күйіп іштарлық басталды . Осылайша кешегі ең жақын әпкетайым бүгінгі басты жауыма айналды .
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Болған оқиғаның ізімен...
Ғани Әлихан
Бәйбіше не десін , Сәкең жақсы адам дегеннен басқа жауап ала алмадым . Онан әрі тәптіштеп сұрап жатуға менің шамам жетпеді . Несіне езе берейін өзі аурудан көз ашпаған қатыннан не сұрайсың . Менің болса ақылым айран . Сонда да сұрақты төтесінен қойып тікелей төсекке тірегім келген . Алайда қазіргінің жастары төсектен басқа айтпай ма деп ойлап қалар деп тағыда үнсіз қалдым .
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Болған оқиғаның ізімен...
Ғани Әлихан
Анамның көңіл күйі болмағанын түсінемін , өйткені көкейінде маған деген күдікпен қауіп бар . Қалай болғанда да ол да ана ғой, менің киген киімдеріммен қол сөмкемді іштей есептеп шыққаны анық . Себебі бас аяғын қосқанда үш жүздің үстінде , сондай - ақ қалтамда жүз мыңдай ақша тағы бар . Бұл дегенің осыдан он бес жыл бұрын үлкен ақша ғой . Міне анамның маған үрпие қарағанының себебі де осы .
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Болған оқиғаның ізімен...
Ғани Әлихан
Сәкеңнің үндемей жүргенін түсінемін , бірақ жұрттың еркектері жалмаңдап тұрған соң қайтейін . Өйткені соңғы айларда еркек біткеннен аяқ алып жүруден қалдым . Қайда барсам да қайда отырсамда сол бір сұрақ . Қарындас таныссақ болама , қарындас сұлу екенсіз , қарындас нмер беріңізші тағы да сол сияқты сөздер . Тіпті енді біреулері аңдысып бітті . Еркек дегенде ес болмайды дегені рас екен . Қымбат көлікпен қымбат киім киген қызға еркек атаулы да өш болатынын енді ғана түсінгендеймін .
Страница 23 из 31