Жамбыл облысындағы әскери бөлімде әлімжеттік дерегі бойынша бірқатар офицер қызметінен босатылды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Жамбыл облысы аумағындағы әскери бөлімде орын алған әлімжеттік дерегіне байланысты бірқатар лауазымды офицер қызметінен босатылды. Қазіргі уақытта Отар кентінде кезектен тыс тексеріс жүргізу үшін арнайы комиссия жұмыс істеуде.
Астанада 7 жастағы балаға қатысты қылмыс: сотталған қария апелляцияға жүгінді
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Астанада 7 жастағы шөбересіне қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған 82 жастағы қарияға байланысты істің мән-жайы белгілі болды. Қылмыстық іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Еске сала кетейік, сот үкімімен айыпталушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда сотталған азамат үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген.
Өзін хакер деп таныстырған азаматқа қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа деректер
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Атырау қаласында өзін «хакер» ретінде таныстырған азаматқа қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша жаңа ресми мәліметтер белгілі болды.
Атырау облысының полиция департаменті мәліметінше, 2025 жылдың сәуір айында алаяқтық дерегі бойынша төрт арыз тіркеліп, соның негізінде қылмыстық іс қозғалған. Тергеу материалдарына сәйкес, іс төрт эпизодтан тұрады.
Қашқын қылмыскер сотталды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Түркия Республикасынан Қазақстан Республикасының азаматы жасаған қылмыстары үшін жауаптылыққа тарту мақсатында экстрадицияланды,-деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.
Қылмыскер алдау жолымен жәбірленушіні қылмыстық жауаптылықтан босату үшін 30 миллион теңге көлемінде пара беруге көндірген, сондай-ақ ресми құжатты қолдан жасаған.
TikTok-та қазақ қыздарына тіл тигізген Ресейлік блогерлер 5 жылға дейін сотталуы мүмкін
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Ресей азаматы Анар Абдуллаев пен Грузия азаматы Ренат Пашаев әлеуметтік желілерде қазақ қыздарына қатысты балағат сөздер айтқаны үшін жауапқа тартылуда.
Бас прокуратураның орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, блогерлердің әрекеті TikTok әлеуметтік желісінде жасалған видеолар мен тікелей эфир жазбалары арқылы жүзеге асқан. Олар қазақ ұлтына тиесілі қыздарды ашық түрде талқылап, балағат сөздер қолданған.
Страница 24 из 725





