el24.kz Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында 2026 жылғы 18 мамырға қараған түні 5,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша түнде Лючжоу қаласы маңында болған.

Табиғи апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бір адам із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы жергілікті билік құрған төтенше жағдайларды жою жөніндегі жедел штаб хабарлады.

 

   el24.kz Франция аумағында хантавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Стефани Рист мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, вирус жұқтырған әйел бұған дейін аурудың өршуі тіркелген MV Hondius круиздік кемесінде болған. Ол кеше Францияға оралғаннан кейін жағдайы күрт нашарлап, хантавирусқа тапсырған ПТР-тест оң нәтиже көрсеткен.

 

el24.kz Қазақстан тумасы Санжар Әбішев Ұлыбритания астанасындағы ең беделді әрі тарихи аудандардың бірі саналатын Сент-Джеймс (St James’s) округінде өткен жергілікті сайлауда жеңіске жетті.

Қандасымыз Sanjar Abishev Ұлыбританияның Conservative Party атынан сайлауға түсіп, Westminster City Council құрамына кеңесші (councillor) болып сайланды.

 

 el24.kz 2029 жылдың сәуір айында Жерге жақын маңнан диаметрі шамамен 350 метр болатын Апофис астероиды ұшып өтеді. Бұл оқиға астрономия саласында соңғы ондаған жылдағы ең маңызды әрі сирек құбылыстардың бірі ретінде бағаланып отыр.

Ғалымдардың есептеуінше, астероид Жерден бар болғаны 32–38 мың шақырым қашықтықта өтеді.

 

  el24.kz Айға бағытталған Artemis II миссиясы барысында экипаж мүшелері күтпеген техникалық қиындыққа тап болды. Ұзақ сапар кезінде зымыран ішіндегі маңызды жүйелердің бірі – дәретханада ақау тіркелген.

NASA өкілдерінің мәліметінше, 10 күндік ұшуға есептелген санитарлық құрылғы әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай істен шыққан. Ақау зәр жинау жүйесінде анықталған. Бұл, сырт көзге қарапайым көрінгенімен, ғарыштағы тіршілікті қамтамасыз ететін аса маңызды элементтердің бірі болып саналады.