« Жаным» деген сөзді ең  алғаш саған айттым.Бірақ...сен ол сөздің мәнісін түсінбедің.Тіпті  қашан қалай айтқаныма да мән бермедің.Өйткені ойың  басқада  жүрді.Жүрегің басқа біреуді қалады.Соның бәрін сезсем де, мен өз махаббатым үшін  күрестім.Сені өзіме қарату үшін,өзімді сүйдіру үшін бәрін жасадым.Бетіңе жел болып тигім келмейтін.Бір күні мені сүйеді деген сеніммен жүрдім.Менің махаббатымның жылуы екеумізге жетеді деп ойладым.

   Бірнеше жыл бұрынғы бұл оқиға  махаббат мейрамы қарсаңында есіме түседі де тұрады. 

    
Күйеуім екеуміздің жеке тұра бастағанымызға көп болған жоқ. Жоқшылықты да бір адамдай сезініп қалдық. Мен жұмыста жоқпын, оның айлығы бір айдан екіншісіне әзер жетіп жығылады. Табысы тиынына дейін есептеулі, күтпеген жерден сусабын бітіп қалса — тағы бәле. Осындай бір кезең өтіп жатты. 

     Жанымдағы жақын жүрген жігіттердің бәрін тауысып болған соң, өзгенің назарын іздей бастадым. Менің еркек атаулыға келгендегі ұстанымым: бір ашқан есігіңді қайтып ашпа – бәрбір көретінің бір көрініс. Ал, мен көріністердің қайталанғанын қаламаймын. Әлеуметтік желіге тіркеліп, ең әдемі деген суретімді қойдым да, отыз бен қырық жас аралығындағы жігіттерге достық ұсына бастадым.

 

Хабарсыз кеттіңіз көп уақыт…

Ұқпадым

Жоғалттық нені біз?!

Ұялшақ жүректі тулатып,

Сіз мені «сүйем» деп едіңіз….

           Алдыңғы жылы мектеп бітіргенімізге 15 жыл толуына орай ауылға барып, сыныптастар болып бас қосқанбыз. 15 жылда кім неге қол жеткізгенін айтқызбай-ақ сыртқы түрлерінен сезіп жатырмыз. Мектептен әріп танып, жазуды үйреніп шыққанына ғана шүкір етіп шыққан кейбір тақтай ми сыныптастардың кейбірі ат тізгінін қолға алған маңызды адамдарға айналған. Бүгінгі күні ескіріп, сарғыш тартқан ескі суреттер секілді өз бояуын жоғалтып алған бір кездердегі сұлу қыздар да кездесіп жатты. Соңғы парталардың бірінде өз-өзімен бейғам отырып, елеусіз сыныпқа кіріп, елеусіз күйі шығып кететін, мыңқ етпей отыра беретіндігін қызық көріп шашынан тартып қалған балаларға жабайы мысықтарша шарылдап, көзі шапыраштанып кететін сүйкімсіз қыз сол күйі бір жігіттің мейіріне бөленбестен, жігіттен хат алып жүрек шымырлау секілді тәтті сезімдердің не екенін білместен мектеп бітіріп, мүлдем алыс қалаға бәрінен жырақтап кетіп қалған еді. 15 жыл өткеннен соң да бітіріп келген шаруасы жоқ, не күйеуге тимеген, не бала тумаған – соқа басы сопайып Жука өзі келді.