Шуақбаев Марат Тұрлан ұлы  Атырау облысы , Индер ауданы тумасы.Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері балалар бөлімінің меңгерушісі . Жоғарғы санатты дәрігер - фтизиатр.Қоғам қайраткері.Қазіргідей халықтың басына қиындық түскенде,  ерікті түрде тегін онлайн кеңес беріп, ем жүргізіп отырған дәрігер.
 
 - Әлеуметтік желі фейсбук арқылы қазіргі халықтың эпидемиологиялық жағдайына байланысты жан айқай іспетті дəрігерлерді онлайн кеңес беруге шақырып үндеу  жолдадыңыз.Бұл сырқаттан емделеді соны халыққа жеткізуіміз керек дедіңіз ?
 
- COVID-19 ауылдық жерлерге жетіп жатыр , көптеген ауылдарда дәрігер жоқ . Бар жерлері мамандары COVID-19 сырқатын емдейтін , РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНДА сынақтан өткен жаңа ,арзан әрі тиімді , иньекциялық (тамырға , бұлшық етке , тері ішіне немесе тері астына егуді) емдеуді қажет етпейтін , науқастардағы індеттің ауыр түрінің алдын алатын , тек қана таблеткалар арқылы емдеуге болатын емдеу протоколын меңгермеген !.

Ауруханаларда орын жетпей жатыр , өйткені , алғаш ауру басталғаннан дұрыс ем қабылдамағандықтан емдеу орындарына ауыр хәлде жеткізілуде .

Әлеуметтік желілерді , Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып бұл сырқаттан емделуге болатынын халыққа жеткізуіміз керек.

Шығыс және Батыс Қазақстанан , Астана төңірегі мен Алматы және Алматы облысы, Талдықорған , Шымкент , Түркістан , Жамбыл , Ақтөбе қалаларында тұратын жерлестеріміз дәрігерлік көмек сұрауда. Қолымнан келгенше кеңес беріп , дәрігерлік тағайындаулар жасап , сараптамалар жасауға жіберіп жатырмын .

Бұл бір адамның қолынан келетін іс емес , ел сіздердің көмектеріңізге зәру әріптестер. 

Ел COVID-19 инфекциясымен бетпе -бет қалды . Қандай дәрі берерін білмей , не істерін білмей , қандай қайрат қыларын білмей шырылдауда .

 

 

Жайбарақаттық танытсақ індет әрбір қазақ отбасына келеді . Тек өз ағайын - тумамызды ғана емдеп , бұта түбінде бұғып отырсақ , халқымызды қырып алсақ , ертең біз кімге керекпіз ?.

Оларға сіздердің кеңестеріңіз , жылы сөздеріңіз , қолдауларыңыз керек !.

Осы протоколмен біраз отандастарымды емдедім  . Нәтижесі  оңды , осы менің азды - көпті тәжірибеммен бөлісейік.

Бұл емді тағайындағанда қан құрамын , оның қою - сұйықтығын қадағалау , қосымша ауруларын ескеру , нысана - органдардың жұмысын қадағалау , асқынулардың алдын алу және жағдайы қатал болса ауруханаға жеткізуге кеңес беру - дәрігерлік қызметке жатады. Оны әрбір ауырған адам қажет етпейтіні де түсінікті .

Компьютерлік бағдарламаны жақсы меңгерген маман болса , осында топ құрайық (мүмкін құрылған болар).

Сіздердің қолдауларыңызды күтемін, әріптестер !

- Сізді онлайн тегін кеңес беруге не итермеледі ?
 
- Нар тәуекел !.
Қара нар керек біздің бұл іске !

Қазақ бабаларымыз қиын іске белді бекем буғанда осылай демейтін бе еді ?. "Не бел кетеді , не белбеу кетеді", демейтін бе еді , тәуекелге бел байлағанда ?.

Халықтың әлеуметтік желідегі жанайқайы , мемлекеттік және медициналық ұйымдардың COVID-19 жұқпасының соңғы бір ай ішіндегі індеттің өршуіне байланысты абдырап қалуы мені осы іске итермеледі .

Бір апта бұрын 82 жастағы әкемнің құрдасы , Мурат інімнің әкесі Ислам әкеміз жазылып шықты бұл тажалдан . Иә , ол кісіні бастапқы кезде баласы емдеді , кейін мен еміне ТҮЗЕТУ енгіздім . Кеше ғана 70 жасқа 26 маусымда толған ағамыз толық жазылды .

Кез келген жанды ажал құштыратын оба немесе шешек сияқты індеттер емес тәжтажал. Иә , қауіпті , қатерлі . Бірақ , толық емделуге болады .

Кейбір әріптестерім "бұл саған не керек ?Ертең біреу өліп қалса - сені сотқа береді, ол қызметің үшін неге ақша алмайсың ? Алмасаң , неге босқа шырылдайсың ? Қазір каспий голд бар емес пе бәрінде ?- деп жатыр . 

Иә, менің онлайн емдегендегі құқығым ешбір заңмен қорғалмаған , бірақ тиым салған жерін де көре алмадым .

Осы қиналған ғазиз жандардың жаудырған алғысының , батасының арқасы болар - күні кеше ғана кішкентай немерем - ЗЕРЕТАЙЫМ ажалдан аман қалды ..

Әріптес ДӘРІГЕР бауырларым , ортақ істен қалыс қалмаңыздар. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл!" , деген ғой бабаларымыз . Атсалысайық, елімізге , халқымызға , үкіметімізге , медицина қызметкерлеріне көмектесейік !.

Зейнеткер дәрігерлерімізді тартайық ортаға !.

Еңбек демалысын кейінге шегерейік !.

 

- Пневмония бірден өршіп , халықты баудай түсірген індетке не үшін дəрігерлер қауқар жасай алмады?

COVID-19 пневмониясы Қазақстанда немесе Қазақстан COVID-19 трагедиясы.
 

Қазақстанда неліктен осындай қайғылы оқиға орын алды ?. COVID-19 жұқпасы туралы ақпарат Қытай елінде ол алғаш анықталған кезден бастап (2019 жылдың қараша - желтоқсан айларын қоспағанда) АШЫҚ ақпараттық кеңістікте болған жоқ па ?. Мемлекет деңгейінде алынған шаралар неліктен өз жемісін бермеді ?. Яғни , еліміздің медицина қызметі індет етек жайғанда шарасыздық танытты ?. Италияның "қаралы оқиғасы" неге ескерілмеді !.
Бас эпидемиолог тарапынан бұл сұраққа тиянақты жауап жоқ , вице - министрдің айтып отырғаны анау !.
Шет елдік ғалымдар мен бақылаушыларының пікірінше , оның алғы шарты енгізілген төтенше жағдайдың баяу емес , бірден ашылғанан болған . Өйткені , осы пандемияны басынан өткерген әлемнің бірқатар елдерінде , карантиндік жағдайды біртіндеп ашқанына қарамастан , жаңа індет ошақтары анықталып , шектеу шараларын қайта енгізуге мәжбүр . Үкімет пен ДСМ індеттің пайда болу қатеріне қарсы жасақталған шараларының індет бұрқ ете түскенде атқарылуы жеткіліксіз болған .

Жарайды , оны сарапшы мамандардың болашақтағы толық талдауына қалдырып , мәселені эпидемиологиялық көзқараспен талдап көрелік . Себебі , кез келген аса қауіпті жұқпалы аурулардың (тіпті , барлық жұқпалы аурулардың) алдын алуда ауру таралу жолын - эпидемиялогиясын  білудің маңызы өте жоғары . Сол себепті , дәрігер мамандар дайындайтын оқу орындарында оларға ерекше мән беріледі . Эпидемиология пәні бөлек оқытатыны өз алдына , жұқпалы ауру туралы әрбір дәріс оқылғанда оны эпидемиологиясы міндетті түрде баяндалады .

 Эпидемиолог маманы болмасақ та , осы бағытта талдау жүргізіп көрелік .
Өйткені , кез келген емдеуші дәрігер белгілі бір дәрежеде ЭПИДЕМИОЛОГ БОЛУЫ МІНДЕТТІ !. Иә, қателескен жоқпын , МІНДЕТТІ !. Өйткені , сырқатты алғаш ҚАБЫЛДАЙТЫН солар және алдына келген кез келген науқас дайын диагнозбен келмейді , тек қана сол ауру түріне тән ШАҒЫММЕН келеді . Ары қарай оның қандай ауру екенін анықтау , жұқпалы болса АЛҒАШҚЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ШАРАЛАРЫН АЛУ емдеуші дәрігер міндеті .

Алдымен , COVID-19 инфекциясының қысқа да қанды тарихындағы екі эпизодқа тоқталайық .

Оңтүстік Корея онымен күрестегі ең таңдаулы елдер қатарына саналады . Ол ел , 2015 жылғы MERS эпидемиясынан кейін өз медицина саласын қайта құру арқылы қол жеткізе алды . Кәріс халқының өмір сүру салты мен жоғары дәрежедегі биотехнологиялық медицинасына тоқталмай - ақ қоялық . Міне , оларда да орын алған екі эпидемиологиялық оқиға көңіл аударарлық .

Індет жаңа басталған кезде шұғыл шаралар арқасында олар эпидемияны ауыздықтай алды - 20 қаңтар мен 17 ақпан арасында 30 - ақ сырқат тіркелді . 18 ақпан күнгі Тэгу қаласындағы шіркеудің тоталитарлық секта сыйынуға 1290 адам келді . Ал , 29 ақпан күні келгендер індет басталып , 1 наурызды ауырғандар саны 909 - ға жетті !. Індет көзі болып Қытайдың Ухань қаласына барып келген 42 секта мүшелері болып табылды . Яғни, шоқыну кезінде 909 : 42 = әрқайсысы орта есеппен 21 адамға жұқтырған .

Қазір ол елде ковид инфекциясының екінші толқыны басталды . 9 мамырға індеттің 40 жаңа жағдайы тіркелді . Оның көзі 29 жастағы кәріс жігіті өзін өзі оқшаулау тәртібін бұзып , бір түнде бес түнгі сауық орталығына барған !.
Осы екі оқиға ол елде екі рет төтенше жағдай енгізуге мәжбүрледі .

COVID-19 ауруының инкубациялық кезеңі , яғни жұққаннан ауру белгісі пайда болғанша , 2 - 14 күн , орташа алғанда 5 күн . Ұмытпаймыз.

Сырқаттанудың алғашқы кезеңінің ұзақтығы шамамен бір апта . Ол кезеңде ауру белгілері анық білінбейді :субфебрильді дене қызуы - 37,0 - 37,5 , мұрыны ,тамағы жыбырлау , құрғау немесе сулану , қүрғақ жөтел , тағы басқалары .

14 + 7 = 21 күн . Осы ЖОҒАЛҒАН 21 күн ҚАЗАҚ ЕЛІН ТРАГЕДИЯҒА алып келді !.

ДАМУ кезеңі 2 - 3 апта . Бұл кезде ауру белглері барынша айқын білінеді , ол арқылы ауру ақыры немен аяқталатынына болжам (прогноз) жасауға болады .

Содан соң ғана қалпына келтіру кезеңі (реабилитация) басталады . Бұл да өте маңызды кезең , алдағы уақытта , Алла тағала саулық берсе , оған да бір жазбамды арнамақпын .

Сонымен ,11 мамыр күні Қазақстанда Төтенше жағдай аяқталды . Халық , әсіресе жастар , ойын - сауық орындарына , той - топырға т.б. жерлерге лап қойды . Екі аптада , яғни 11.05-24.05 арасында жерлерге COVID-19 жұқпасының жеңіл , бірақ ЖҰҚПАЛЫ түрімен ауырып жүргендер де барған болатын . Келесі 2 аптада , яғни инкубациялық кезең өткен соң , 25.05 - 08.06 олардан жұқтырған жастар , әрине , жеңіл түрімен ауырады , бірақ ӨЗ ОТБАСЫНА вирусты алып келді .

Осы кезде қазақ отбасыларындағы үлкен кісілер ауыра бастады . Әрине , олар біздің түсінігімізге сай "жәй грипп қой , есік - терезе ашық қалды , кондиционер мен сплит система қосылып қалды , мұздатқыштан су ішіп ем - салқын тиді (естеріңізде болса , сол кезде қаты ыстық болды)", мың түрлі сылтаумен үйде ауырып , жеңіл - желпі ем - дом жасап , дәрігер шақыра қоймады . Шақырған дәрігерлер де COVID-19 жұқпасын дұрыс анықтай алмай , үйден емдеді (цефозолин, глюкоза 5%, аскорбинка , аитамины , қырт - сырт) . Әрине , олардың бұл жерде КІНӘЛАРЫ жоқ !!!. Өйткені , УЧАСКЕЛІК ДӘРІГЕРЛЕР коронавирустың алғашқы белгілеріне анықтау , сараптамалар алу , емдеу шараларвна оқытылмады , (ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚАТЕСІ) .

Оларда , тіпті қорғаныш құралдары да болмай , келесі аптада баудай түсті!. Ауруханаға апаруға тиіс науқастар алдын ала COVID-19- ға анализдері кеш шықты , көбіне нәтижесі теріс болды . Науқастар короновирус жұқпасына дайындаған жоқ. Ауруханаларға жатқызылды да , рентген арқылы қос өкпенің пневмониясы анықталып , оны емдеу протоколына сай бірден қос антибиотикпен , тамырға жүргізілетін системалармен ем алды . Сөйтіп , ауруханалар лық толды , оларда қажетті құрал - жабдық , дәрілер , дәрігерлер мен медбикелер болмады . Түскен аурулар бір аптаға жетпей қайтыс бола бастады , прозекторилер өліктерге лық толды 
Үрей басталды !. 

МІНЕ , ТРАГЕДИЯ СЕБЕПТЕРІ :
1. Аурудың алғашқы кезеңін өткізіп алдық , үйінде дұрыс анықтамадық , емдемедік !.
2. Ауруханаға жеткізілгенін COVID-19 жұқпасына сай емдемедік .
3. Осы кезде қамсыз , қорғаныш құралынсыз , түскен сырқатқа ем - дом көрсетемін деп аурухана қызметкерлері ауыра бастады , дұрыс ем ала алмай , олар да ажал құшты !
Маусым айының 20 - сына қарай науқастар менен де кеңес сұрай бастады . ДАЙЫНДЫҚСЫЗ сол дәрігерлердің бірі МЕН ДЕ АЛҒАШЫНДА ПНЕВМОНИЯНЫ емдедім , қателестім !. Бағыма сай , Ресейдің COVID-19 емдеу протоколынан оқығаным есімде қалып , система , антибиотиктерге дәрігерлік тағайындау бермедім (берсем де науқастың өтініп сұрауымен ғана , қажет емес екенін ескертумен ғана) , спринолоктон тағайындадым . Біздің халық түсінігі қызық қой , укол мен система бермеген дәрігер жақсы маман емес деп ойлайды . Тіпті , "бұрынғы дәрігердің берген дәрісін не істеймін ?", "соны аяқтап тастасам не болады". Ондайда :қалған дәріні апарып молаға көм, сол дәрігеріңе емделе бер , деп қайтарып тастамасаң , "сұрағанын алмай қоймайды ғой !" , біздің қазекең 
Ресейдің ММУ емдеу клиникасының COVID-19 Емдеу Протоколы қолға түскен бойда (авторы Симон Мацкеплишвили) , соны қолдандым . Сенімсіздік білдірушілер АЗ БОЛМАДЫ . Емдік тағауындаудар алып алып , ауруханадан бір шыққандар болды , менің берген емімді пневмонияның дәстүрлі емімен қатар алғандар болды , ауруханадан шыққан соң оттегі жетіспейді деген қорқыныш сезімі барлар болды , бір жазғанды мың рет сұрағандар болды , түні бойы ұялы телефон арқылы кеңес сұрағандар болды ,"анамды , әкемді , бауырымды" құтқаршы деп жылағандар болды , берген дәрің осы - ақ па деп бетіме сілейіп "сенген қойым сен болсаң !??" қарап отырғандар болды , көзім қызарып , іріңдеп , ертесіне ұялы телефон бетін көре алмаған кезім болды - бәрі бастан өтті .
Ең қиын кезең артта қалды , дәрігерлер жұмысына қайта орала бастады , халықтың ҮРЕЙІ СЕЙІЛДІ , ауруханалар қайта құрылып , төтенше жағдайға лайықтандырыла бастады , ДӘРІХАНА айналасындағы кезектер азайды . Шешімі кезек күттірмейтін шаралар орындалып жатыр .

ЕНДІ , СЫРҚАТ БЕЛГІСІ БАЙҚАЛҒАН КЕЗДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕКТІГІ ТҮСІНІКТІ , АУРУХАНАҒА ҚАЙ КЕЗДЕ АПАРУ КЕРЕКТІГІН АНЫҚТАДЫҚ , Т.Б. ШАРАЛАР ОРЫНДАЛЫП ЖАТЫР .

Біз алдымызда не күтіп тұрғанын ойлауымыз керек , саралауымыз керек , қажетті шаралар жасақтап , қабылдауымыз керек !..

COVID-19 инфекциясынан сауығып шыққан адам , өткен сырқаттың ауырлық дәрежесі , алған емі , қосымша аурулары , жасы , қалдық өзгерістеріне байланысты ОҢАЛТУ КЕЗЕҢІН жалғастыру керек . Бұл жай ғана ТҰМАУ емес , мұрынды тартып - тартып қойып баса беретін .

Бұл АРТЫНДА түрлі ҚАЛДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ , өкпеден бастап бүйрекке дейін ҚОСЫМША сырқаттарын қозғайтын , неврологиялық ӨЗГЕРІСТЕРДЕН бастап психикалық АУЫТҚУЛАРҒА әкелетін , артының шуы көп ІНДЕТ !.

"ҚҰРМЕТПЕН" қарамасақ тағы ҚАПЫ қалдыратын COVID-19 !.
Жаратқанның жаратқан МӘЛІМ де БЕЙМӘЛІМ вирусы !.

Ана өмірге аттанғандарға дұғамызды бағыштап , жаңадан сырқаттанғандарды ажалдан біріге аман алып қалу барлығымыздың міндеттіміз !

 
- Дəл қазір індет саябырсыды десіп жатыр.Шынымен індет ауыздықталды ма?
 
- Ресми статисканы қарасаң күніне мың жарым, екі мың адам ауырып жатыр.Бұл көп өте көп.
 
- Күзде соғатын екінші толқын бұдан да ауыр болуы мүмкін деген болжам бар.Сіз қалай ойлайсыз?
 
- Жоқ екінші толқын дәл қазіргідегідей ауыр болмайды.Бастапқы кезде ешқандай дайындық болмай ,емдейтін протокол болмай дәрігерлердің өзі біраз абдырап қалса, енді тәжрибе бар, дәрі -дәрмек,аппараттар бар.
 
- Аға, уақыт бөліп бізге сұхбат бергеніңз үшін рақмет ! Сізді талай науқастар күтіп отырғанын білеміз. Халықтың бағына аман жүріңіз !
 
Сұхбатты дайындаған : Исенбай Мәдина