Әңгіме

                                 Ерсін Ерғалиев

   10 сыныпты аяқтадым. Жоғары оқу орнына қабылдау емтиханы тамыз айында басталады. Әкеме емтихан басталғанша қой бағып ақша табайын деп едім (ол кісі кеңшардың кадрлар бөлімін басқаратын) «сынаққа дайын болсаң жолыңа ақша тап» деп рұқсатын бергенде, қуанып кеттім. Сонымен жолдасым Айдарбек екеуміз кеңшардың қойын бағуға кірістік. Мініске берген атқа көңілім толды. Бұл кезде аттың күні өтіп, машиналардың бәсі жүрген кез. Астымдағы ат талай жарыстарға қатысып жүлделі орын алып жүрген сәйгүлік болса да, заманы өтіп, қойшының аты ғана болып қалған еді. Аты Жұлдыз. Қолға үйренген көнбіс мал.

Алма Түсіпбекова
 
 Біздің қоғам маңқа мұрны шу-шу еткен, жалқаулығы тағы бар, аяғын санап басып, ауыр қозғалатын сары Атанға ұқсайды. Ең сорақысы, оның ноқтасы кімнің қолында кетпеді десеңізші...
 Есте жоқ ескі замандарда бір диуана әлгі Атанды көрген екен. Оның айтуына қарағанда, әлгі атанның шудасы тоқты-торымның өлексесін бір отырғанда қылғыта салатын, ол аз десеңіз, алпауыт құрлықтарды  түйір ас құрлы көрмейтін, тістерінің арасына  тұрып қалған  алтын-күмістерді асқазанына қарай «асыратын»,  бағалыны бағындай көретін,  өмірі толмайтын  өңеші бар әлдекімнің жұмулы жұдырығында қалған екен дейді...

Қызылжар қаласында тығыз шаруам болып автобекетке келіп едім, автобусқа билет болмаған соң таксистер тұрағына келдім. Таксист: «Қызылжарға барсаңыз бір орын бос», - дегесін Қызылжар қаласын бетке алып жүріп кеттік.

Көрші жолаушы егде тартқан, иманжүзді әйел екен. Ол кісі «жол қысқарсын», - деп мені әңгімеге тартты. Есімін Әлпеш дегенде менің таңырқап қалғанымды көріп:

 
Оралхан Бөкей
 
Біздің ауыл Салықсалғанның иығында отырған. Шілденің дәл ортасы болса да, бұл жерде қоңыр салқын, бұлтсыз күндері тамылжыған тамаша мезгіл басталушы еді. Не ыстық емес, не суық емес жайлаудың жайма-шуақ сәтінде, төбеңнен көкпеңбек болып төңкеріліп тұрар аспанға қарағайдың бүршігін лақтырып ойнайсың. Қанша құласаң ауырсынбайтын, канша құласаң жапырылмайтын күлтеленген күреңсе балапан табанымызға кілемдей жұмсақ тиюші еді-ау. Теңіз бетінен қаншама биік болғанмен, осы Салықсалғанның кез келген жеріне жерошақ қазсаң, көлкілдеген су шыға келетін. Әсіресе, жаңбырлы күндері қырдан құлаған лайсаңға айналып, шошайтып-шошайтып қарағай бөренеден қиып салған үйлердің мазасын кетіретін. Ол кезде колхоз. Колхоздың сиыры күніне үш рет сауылады. Ал әр сауынның арасында шөп шауып, оны маялайтын. Кеште, тіпті түні бойы сеператорға сүт тартып, май шайқайтып. Шаршау дегенді білмейтін қыз-келіншектер соғыс жылынан кейінгі бейбіт күннің шуағына жылынып, сызылта ән салатын. Тау арасында жылтылдатып от жағып, ән шырқағанда, лаулаған жалын бақсыдай тілін жалаңдатып күй шертіп, тау-тасты күңірентіп тұрғандай әдемі сезілуші еді-ау. Біздер - балалар, күні бойы өгіз үйретіп, бұзау жаямыз, үш уақ сиыр сауғызамыз. Ымырт үйіріле, алтыбақан құрған азаматтардың маңайында арпалысып, тиіп-қашып ұлардай шулап ойнап жүргеніміз. Біздің ішімізде менен екі-үш жас үлкендігі бар Тортай атты бала болушы еді. Әке-шешеден тым ерте айырылып, алыстан қосылар аталастарының есігінде жүретін. Қой аузынан шөп алмас жуас, құлағының сәл мүкісі бар, бала болып көп ойнамайтын, жасқаншақ еді. Бәрімізден гөрі ерекшелігі, таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін. Қолына не тисе, соны талғамсыз оқитып Тортай ортамыздағы білгішіміз, аузымызды ашып тыңдар абызымыз сықылды. 

Әңгіме

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кеңес Одағының басшысы И. Сталин күдіктенген ұлттарды қудалады. Соның нәтижесінде, Еділдің ен бойына қоныстанып, қос қапталын еміп жатқан ежелгі немістер мен қалмақ, ноғай, татарларды жылы ұясынан түп қопарып Қиыр Шығысқа және Қазақстанға көшірді.