Жұртқа жасаған жақсылығым қайтпады деп мұңаятын сәттер болады. Кейде жасаған игі істеріміз үшін өзімізге айып тағылатын кездер де бар. Айналамыздағы адамдардың болмысын түсініп болмаймыз. Қызғаныш пен кек бойымызды кернейді. Ал осылардың себебі неде? Бұл сұрақтың жауабын төмендегі өсиет әңгімеден біле аласыздар. 

Күндердің бір күнінде сұлу бойжеткен дана қарияға жылап келеді. Көзінен мөлтілдеген жас ағып: «Қолымнан келген көмегімді ешкімнен де аямаймын. Үнемі жақсылық жасауға тырысамын. Жүрегімдегі бар жылуымды жақындарыма тарту етсем де, қайтарымына ащы мысқыл мен дөрекі сөздер естимін. Олар менімен ашық түрде жауласады. Ешбір кінәм жоқ. Маған сонда не істеу керек? Кеңес беріңізші», - деп сұрайды.

Қаз дауысты Қазыбек пен Әлібек батыр ел аралап келе жатса, жол бойында бір қария жолығады. Қарияға сәлем беріп, Әлібек батыр мынадай сауал қояды: 

– Уа, ақсақал, ауыл берекесі қайтсе кетеді? 
Ақсақал сәл ойланып былай дейді: 
– Ауыл ақсақалы шала болса, жігіттері алты ауызды ала болса, жасы үлкеніне жасы кішісі сен десе, сол ауылдың берекесі кетеді. 

Құрметті мұсылман бауырлар Stan.kz ақпараттық агенттігі сіздерге дұға жасау туралы және дұғаның қай уақытта тез қабыл болатыны жайлы мәлімет ұсынады.

Дұға жасау тәртібі

– Бар ықылыңызды дұғаға аударыңыз. Және өзіңіздің Жаратушымен сөйлесетініңізді естен шығармаңыз. Сондай-ақ, осы уақытта жүрегіңіздің дұғамен бірге екеніне көз жеткізіңіз.

Түркістандағы киелі құдықтың шырақшысы өзі куә болған тылсым күш туралы айтты.

Түркістан қаласынан 60 шақырымдық жерде орналасқан Үкаша ата құдығының сіз бен біз біле бермеймін сыры неде? Зиярат етушілер қандай жағдайға тап болады? Құдық астында нендей тылсым күш бар? Бұл сұрақтарға жауап алу үшін  sputniknews.kz тілшісі киелі құдыққа арнайы барып, шырақшы Серік Қыстаубайұлымен сұхбаттасып қайтты.

Тарихқа көз жүгіртсек…

Шырақшы Үкаша ата құдығын ешкім қазып, қолдан құдық етпегенін бірден кесіп айтты. Аңыздарға сенсек, Үкаша Ата Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың тікелей тапсырмасымен осы маңға (қарт Қаратау тауының маңы: автор) ислам дінін насихаттау мақсатында келген екен. Нәтижесінде ислам дінін қабылдаушылар көбейіп, дін дұшпандары оның көзін құртуды ойлайды.

Ерсін Ерғалиев

Өткен ғасырдың 60 жылдары ауыл халқының тұрмысы тым жүдеу еді. Сталинның қанды шеңгелінен құтылып, Хрущевтің темір қақпанына тұтылған кез. Бірақ ауыл адамдары бір - бірімен барын бөліскен ұйымшыл ауыл болды. Анам «Батыр ана». Ол кезде ауылда көп балалы жанұя болу қалыпты жағдай тұғын. Анам ұстаз, әрі үйдегі бала-шағаның қамын жасайтын. Анамның осы шаруалардан-ақ қолы босамайтын. Біз балалары анамызға қолқабыс жасауға тырысушы едік.