Арсызға өзіңнің арлы екеніңді  дəлелдеудің еш қажеті жоқ. Арсыз өзі  арлыны көріп ұялмаса, онда оған сөз өтпейді.

     *

Өсекшінің тірлігі - адамдар арасында  араздық тудыру. Өсекшіні жұрт атын айтпай таниды.  Өсекші екенін анық біледі. Түсінбейтінім,  өздері біле тұра өсекшінің сөзін тыңдайды. Өсекшінің сөзіне құлақ қояды. Бəрінен де ең дұрысы- өсекшінің өсегіне құлақ қойма. Сонда араздықта болмайды.

Кеуде керме,

Сөзді бөлме

Үлкенді құрметте,

тағың биік болса да.

Кішіні жетекте,

Тірлігің жарты қалса да.

Жан дүниенді жақсартатын  жеті  жәйіт бар.

1.Әкімдердің шапағаты.
2.Ғұламалардың шариғаты.
3.Байлардың салауаты.
4.Кедейлердің қанағаты.
5.Үлкендердің ұлағаты.

Сиқыр мен көз тиюдың адамға әсері бар. Өйткені, яһудилердің Зұрайқ руынан Ләбид ибн әл-Аъсом Алланың Елшісін (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сиқырлаған. Соның кесірінен ол ауырып, жатып қалған. Бұл жағдай Алла Тағала тарапынан «Фалақ» пен «Нәс» сүрелерінің түсуіне себеп болған[1]. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сиқырланғаны жайында келген хадис «Сахих Бухари», «Сунан Ахмад ибн Ханбал» кітаптарында баян етілген.