Атыраудағы резонансты іс: куәлар не айтты?
el24.kz «Жангелдин ісі»: Малшы мен бақташының куәлігі сотта жаңа жайттарды ашты
Атырау облысында қоғам назарын аударған Жангелдин ауылындағы бір отбасының өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасуда. Кезекті сот отырысында куәгер ретінде ауыл тұрғыны Дархан Бақытов пен ауылдың бақташысы жауап беріп, оқиғаға қатысты өздеріне белгілі мән-жайларды баяндады.
Дархан Бақытовтың айтуынша, 2025 жылдың 9 қарашасында оған Наурыз Мұқанғалиев WhatsApp арқылы хабарласып, мал бағу жөнінде ұсыныс жасаған. Тараптар күніне 3 мың теңге көлемінде ақы төлеуге келіскен. Куәгердің сөзінше, еңбек ақысы Мақсот Қарабалиннің Kaspi Gold картасы арқылы аударылып отырған.
Бақытов қараша айының ортасында Наурыз Мұқанғалиевтің тапсырмасымен қорадағы малды сатып алуға келген адамдарға көрсеткенін айтты. Оның сөзінше, Наурыз ата-анасының емделуге кеткенін айтып, малға қарауды жалғастыруды сұраған. Куә бұл ақпаратқа сенгенін және ешқандай күмәнданбағанын жеткізді.
Сонымен қатар, куә марқұмдардың малын шамамен екі жарым ай баққанын, кейін еңбегі үшін бір сиыр беруге уәде етілгенін айтты. Ол мал бағып жүрген кезеңде үй мен сарайға кірмегенін, сондай-ақ күдік тудыратын ешқандай белгіні байқамағанын мәлімдеді.
Сотта жауап берген екінші куә – ауылдың бақташысы. Ол көктемнен күзге дейін ауыл тұрғындарының ірі қарасын бағып келгенін айтып, сәуір айында Мақсот Қарабалин өзіне төрт сиыр тапсырғанын жеткізді. Бақташының айтуынша, соңғы төлем қазан айында жасалған. Ал қараша айында төрт сиырды иесіне қайтармақ болған кезде, үйден ешкімді таппаған.
Екі куә де Наурыз Мұқанғалиевпен тек WhatsApp арқылы жазбаша байланысқанын, аудио немесе бейнеқоңырау болмағанын айтты.
Бұл іс бойынша бұған дейін айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиев сотта қайынағасы Наурыз Мұқанғалиевті қасақана емес, өзін-өзі қорғау мақсатында өлтіргенін мәлімдеген болатын.
Қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Іске судья Зарема Хамидуллина төрағалық етеді. Сот процесі 2026 жылғы 18 мамырда басталған.
Тергеу нұсқасы бойынша, айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиевке адам өлтіру, ұрлық және алаяқтық секілді бірнеше бап бойынша айып тағылған.
Сот отырыстары жалғасуда. Іс бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ, сондықтан айыпталушының кінәсі тек сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана анықталған болып есептеледі.
Қазақстанда 66 мыңнан астам азамат банкрот деп танылып, 250 млрд теңге қарызы есептен шығарылды
el24.kz 2023 жылдан бері қолданыста жүрген «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң мыңдаған қазақстандыққа қарыз жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді.
Бұл туралы Сенат отырысында Мемлекеттік кірістер комитетінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Меруерт Сисембаева мәлімдеді.
Ресми деректерге сәйкес, заң күшіне енгеннен бері елімізде 66 397 азамат банкрот деп танылған. Соның ішінде мемлекеттік кірістер органдары арқылы 65 765 азаматтың 134,8 млрд теңге көлеміндегі қарызы есептен шығарылған.
Ал сот тәртібімен 632 азамат банкрот деп танылып, олардың 115 млрд теңге берешегі жойылған. Осылайша, жалпы алғанда шамамен 250 млрд теңге қарыз есептен шығарылды.
Сонымен қатар 1 118 азамат төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолданған. Бұл рәсім борышкерлерге қарыздарын белгілі бір кесте бойынша өтеуге және қаржылық жағдайын реттеуге мүмкіндік береді.
Меруерт Сисембаеваның айтуынша, заң қабылданғаннан бері бірнеше рет жетілдірілген. Соңғы өзгерістердің нәтижесінде банкроттық рәсімдерін қолдану тәртібі жеңілдетіліп, кейбір талаптар алынып тасталды. Сондай-ақ өтініш беру процесі оңтайландырылып, жекелеген санаттар үшін рәсім мерзімі қысқартылған.
Сонымен бірге бірқатар мәселелер әлі де өзекті болып отыр. Атап айтқанда, кей азаматтардың иелігінде құны өте төмен ETN бағалы қағаздарының болуы олардың банкроттық рәсімінен өтуіне кедергі келтіреді. Көп жағдайда адамдар мұндай активтердің бар екенін білмейді.
Бұдан бөлек, қаржы ұйымдарының заң талаптарын бұзған жағдайдағы жауапкершілігі нақты айқындалмаған. Сондай-ақ кей банктер мен қаржы ұйымдары мемлекеттік органдардың шешімдеріне жиі шағымданып, қосымша тексерістер жүргізуді талап етеді.
Сарапшылардың пікірінше, банкроттық туралы заң азаматтарға қарыздан құтылуға нақты мүмкіндік бергенімен, оны одан әрі жетілдіру және қаржы секторымен өзара жұмысты күшейту маңызды болып қала береді.
Түркістан облысында екі бала суға кетіп, көз жұмды: анасы таңғы бесте жұмысқа кеткен
el24.kz Түркістан облысының Келес ауданында екі баланың өмірін қиған қайғылы оқиға қоғамның қабырғасын қайыстырды. Ошақты суару каналында суға кеткен балалардың мәйіті бір тәулікке созылған іздестіру жұмыстарынан кейін табылды.
Қайғылы жағдай Келес ауданына қарасты Еңбекші ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 8 жастағы Юсуфахмет пен 13 жастағы Диас үлкендердің қарауынсыз қалған кезде канал маңына барған. Қатты ағыс балаларды ағызып әкеткен.
Марқұм балалардың анасы Айгүл Тамашеваның айтуынша, оқиға болған күні ол таңғы сағат бесте жұмысқа кеткен. Артынша мүгедектігі бар күйеуі де табыс табу үшін үйден шығып кеткен. Үйдегі кіші балаларға әдеттегідей үлкен қызы қараған. Алайда ол анасына дәрі апарып беру үшін сыртқа шыққан сәтте Юсуфахмет пен Диас каналға қарай кетіп қалған.
Оқиға туралы хабар түскеннен кейін ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздеуге ондаған құтқарушы, арнайы техника және еріктілер жұмылдырылған. Бір тәулікке жуық жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде балалардың денесі судан табылды.
ТЖД мәліметіне сәйкес, өңірде жыл басынан бері судағы жазатайым оқиғалардың саны артқан. Мамандар ата-аналарды балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырып отыр.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын құқық қорғау органдары анықтауда.
Бұл қайғылы жағдай балалар қауіпсіздігі мәселесінің қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті. Әсіресе жаз мезгілінде каналдар мен өзен-көлдердің маңында ойнайтын балаларға бақылауды күшейту қажеттігі туындап отыр.
Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырап, бір ұшқыш қаза тапты
el24.kz Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан бір адам қаза тапты. Екінші ұшқыш түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Көлік министрлігінің мәліметінше, апат 27 мамыр күні Павлодар облысының Железинка ауылы маңында болған. Әуе кемесі «Жеңіл және аса жеңіл авиацияны пайдаланушылар» заңды тұлғалар бірлестігіне тиесілі.
Ведомствоның хабарлауынша, ұшақ авиациялық-химиялық жұмыстарды орындау кезінде апатқа ұшыраған. Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесі электр желілеріне соғылған.
«Бортта экипаждың екі мүшесі болған. Оқиға салдарынан бір ұшқыш қаза тапты. Екінші ұшқышты ТЖД қызметкерлері алып шықты, ол есін біледі», — делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта зардап шеккен ұшқышқа медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Көлік министрлігі әуе апатының себептерін ведомствоның Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің мамандары анықтайтынын мәлімдеді. Тергеу тобы оқиға орнына аттанған.
Ринат Зайытов әлеуметтік желідегі жазбалары үшін сотталғандарға рақымшылық жасауды ұсынды
el24.kz Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов әлеуметтік желідегі пікірлері мен жазбалары үшін сотталған қазақстандықтарға рақымшылық жасауды ұсынды.
Мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген депутат әріптестеріне үндеу жасап, жалған ақпарат таратуға қатысты айыппен сотталған азаматтарға кешіріммен қарау қажет екенін айтты.
«Менің жалғыз өтінішім – әлеуметтік желіде пікір жазғаны үшін сотталған қазақстандықтарға рақымшылық жасау. Әсіресе Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша сотталғандарға. Құдай үшін, осындай адамдарды кешірейік», – деді Ринат Зайытов.
Депутаттың айтуынша, интернет кеңістігіндегі пікірлер үшін жауапкершілік мәселесін қайта қарастыру қажет. Оның пікірінше, кейбір жағдайларда азаматтардың әрекетіне құқықтық баға берумен қатар, оларға жеңілдік жасау мәселесі де назардан тыс қалмауы тиіс.
Қылмыстық кодекстің 274-бабы жалған ақпарат таратуға қатысты жауапкершілікті көздейді. Соңғы жылдары аталған бап бойынша қозғалған қылмыстық істер қоғамда қызу талқыланып келеді. Сарапшылар мен құқық қорғаушылар бұл мәселе бойынша түрлі көзқарас білдіріп жүр.
Соңғы уақытта әлеуметтік желілердегі жазбаларға байланысты бірнеше резонансты іс тіркелді. Атап айтқанда, Threads әлеуметтік желісінде қазақтар мен мұсылмандарға қатысты қорлайтын пікірлер жариялаған Алика Мухамадиева Қылмыстық кодекстің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру») бойынша кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ ұқсас дерек бойынша Виолетта Паршинаға қатысты Алматы қаласының полициясы қылмыстық іс қозғаған болатын. Бұл жағдайлар әлеуметтік желідегі жарияланымдардың құқықтық салдары мен сөз бостандығының шекарасы жөніндегі қоғамдық пікірталасты күшейте түсті.
Айта кету керек, Ринат Зайытовтың ұсынысы әзірге депутаттық бастама ретінде айтылды. Рақымшылық жасау туралы түпкілікті шешім заңнамалық тәртіппен қабылданады.
Астанада Бейімбет Майлиннің ескерткішіне шыққан бойжеткеннің ісі сотқа жолданды
el24.kz Бейімбет Майлин ескерткішіне шығып суретке түскен бойжеткеннің әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Оқиға Астанадағы Қаламгерлер аллеясында болған.
Куәгерлердің бірі әлеуметтік желіде монумент жанында демалып отырған сәтте ескерткіш басына шығып алған қыздарды байқап, видеоға түсірген. Бейнежазба желіде кең таралып, көпшілік тарапынан сынға ұшырады.
Осыдан кейін елордалық полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, видеодағы қыздың жеке басын анықтады. Полиция мәліметінше, ол — Астананың 18 жастағы тұрғыны.
Астана қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бойжеткен мәдени нысан мен қоғамдық орынға құрметсіздік танытқаны үшін жауапкершілікке тартылған.
«Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылды. Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», – делінген ведомство хабарламасында.
Тәртіп сақшылары мәдениет және тарихи мұра нысандарына ұқыптылықпен қарау қажеттігін еске салды. Сонымен қатар ескерткіштерді қасақана бүлдіру немесе қорлау әрекеттері вандализм ретінде бағаланып, заң аясында жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін атап өтті.
Айта кетейік, Қаламгерлер аллеясындағы «Үш бәйтерек» монументі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдеріне арналған мәдени орындардың бірі саналады.
Махаббат неге ұзаққа бармайды?
- Подробности
- Категория: Сырласу
el24.kz Әрбір қарым-қатынас басында ерекше сезім мен түсіністікке толы болады. Алайда уақыт өте келе сол жылулық жоғалып, ер адамның көңілі суып кететін сәттер кездеседі. Мұның себебі көбіне әйел адамның байқамай жіберетін ұсақ мінез-құлықтарында жатыр.
«Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаға кәсіпкер жаңа көлік сыйлады
- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz Алматыда өткен Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы ойында қазақстандық команданың жас қақпашысы Шерхан Қалмырза жанкүйерлердің назарын өзіне аударды.
Қырғызстанда өлім жазасын қайтару бастамасы көтерілді
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елде балаларға, әйелдерге және қыздарға қарсы жасалған аса ауыр қылмыстар үшін өлім жазасын қайта енгізуді тапсырды. Бұл жөнінде оның баспасөз қызметі ресми хабарлады- деп жазады el24.kz тілшісі.
Бурак Өзчивит Ақтауда: Түркі әлемінің мәдени астанасы атанған қалада түрік актері қонақ болды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz 2025 жылы Ақтау қаласы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланғаны белгілі. Осы мәртебеге орай ұйымдастырылған «Қорқыт ата» түркі халықтарының кинофестиваліне Түркияның әйгілі актері Бурак Өзчивит арнайы шақырылды.
Ойыншы
- Подробности
- Категория: Проза
Ырысбек Дәбей
el24.kz Піл сүйегінен жасалған әппақ шар жап-жасыл шұға бетінде домалап барады. Төртеуі демін ішіне тартып, шардан көз алмады. Діттеген жеріне жетпей тоқтап қалардай көрінген әппақ шар ортаңғы ұяшықтың ернеуіне ілініп, көбелек қанат қаққан мезеттей іркіліп барып, ұяшық ішіне үзілген тамшыдай құлады.
Павлодар облысында 3 жасар қыздың қазасы: әкесі күдікке ілінді
- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz Павлодар облысында ауыр қылмыс тіркелді. Теренколь ауданында 3 жасар бүлдіршін қаза тапты. Бала ауыр жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Министрлер мен сыртқы саясатқа жауапты лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды — Ақорда
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Астана. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар қызметінен босатылып, жаңа тағайындаулар жасалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ресми хабарлады.
Қымбатшылық пен төмен жалақы: Экономикалық талдау
- Подробности
- Категория: Бүгін
Қазақстандағы "Сталкинг" заңының алғашқы қолданысы: Атырау облысындағы іс
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Қазақстанда 2024 жылдың 16 қыркүйегінен бастап күшіне енген "Сталкинг" (қудалау) заңының алғашқы ісі Атырау облысында тіркелді. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырып, жаңа заңның маңыздылығын көрсетті.
Санамның құпиясы: жан өлген соң қайда барады?
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Атыраулық тіс дәрігерлерінен 600 млн теңгенің мүлкі тәркіленді
- Подробности
- Категория: Бүгін
Қазақстанда ҰБТ форматы мен мазмұны өзгереді
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz: Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) мазмұны мен әдістемесі жаңартылады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ресми мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, өзгерістер алдымен пилоттық режимде енгізіледі. Жаңа сұрақтар халықаралық стандарттарға сәйкес дайындалып, оқушылардың сыни ойлау қабілетін бағалауға бағытталады.
Қара кемпір
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Маман да, адам да қат жүз шақты түтіні бар ауылға шүйкедей қара кемпір көшіп келгенде — ешкім кет демепті. Ақкөңіл де көпшіл ауыл халқының жастар жағы — енді әжеміз болады десіп,кемпір-сампырлар шүйіркелесетін құрбы таптық десе,қуақы шалдар — кекетіп-мұқататын тағы бір қубас кемпір артық болмайды депті.
Қымбатшылық жағдайында қаражат үнемдеу жолдары
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
el24.kz Бүгінде қымбатшылық халықтың басты мәселесіне айналды. Дүкендегі азық-түліктің бағасы күн сайын өсіп, коммуналдық төлемдер де қалтаға салмақ түсіруде.
Осындай жағдайда әр отбасының алдында «қаражатты қалай тиімді жұмсауға болады?» деген сұрақ туындайды.
Страница 17 из 255
Ең көп қаралған
- Өмірімдегі ойранды айту оңай деп пе едің...
- Ғалымдар: Беттегі әжім - ажал жаршысы
- Құда баламен көңілдес болған келіншектің әңгімесі
- Жеңгесімен көңілдес болған жігіттің хаты
- Көктемнің мың бір түні...
- Аңыз адам ( Пахан зоны)
- Көңілдестерім.Көршім Руслан` (+18)
- Екі бала туған әйелге төсек ләззатын ұқтырған еркек
- Күйеуімді сағындым...
- Күйеуімнің аруағымен бірге тұрып жүрмін...
Соңғы жаңалықтар
- Атыраудағы резонансты іс: куәлар не айтты?
- Түркістан облысында екі бала суға кетіп, көз жұмды: анасы таңғы бесте жұмысқа кеткен
- Ринат Зайытов әлеуметтік желідегі жазбалары үшін сотталғандарға рақымшылық жасауды ұсынды
- Вьетнамда қамауда отырған Қайсар Қамзаны Қазақстанға қайтару мәселесі қаралуда
- Атырау қаласының әкімі ҰҚК-ге жауап алуға жеткізілгені хабарланды
- Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты сараптама қорытындысы белгілі болды: прокуратура істің қазіргі мәртебесін түсіндірді
- Ақбаян Мұқанғалиеваның психикалық жағдайына қатысты нақты қорытынды әлі шыққан жоқ
- Назым Қахарман өмірбаяндық кітап шығарады: онда Бишімбаевтың жеке өміріне қатысты деректер де қамтылған
- Ақілгек
- Астанада Бейімбет Майлиннің ескерткішіне шыққан бойжеткеннің ісі сотқа жолданды
- Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырап, бір ұшқыш қаза тапты
- Ақтөбе облысында мектеп қызметкері суға кетіп көз жұмды
- Атыраудағы отбасының жоғалуына қатысты істе Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қудалау тоқтатылды
- Ресей тарапы AZAL ұшағы апатынан зардап шеккендерге өтемақы төлейді
- Өң мен түс (Әңгіме)
- Амнистия туралы жаңа заң: Бишімбаев жаза мерзімін қысқартуға өтініш бере ала ма?
- Астанадағы мейрамханаларға қатысты шу: қоғамда ит еті дауы қайта көтерілді
- «Қыз Жібек» камзолы цифрландырылады: Мәдениет министрлігі дауға қатысты түсініктеме берді
- Чакра деген не?Оның атқаратын қызметі қандай?
- Қытайдың оңтүстігінде болған жер сілкінісі: екі адам қаза тауып, бір адам жоғалып кетті
Күйеуіме ерегескенде көңілдес тауып алсам ба екен...
«Не істесем екен? Күйеуім құмар ойынмен ауырады…»
Әкесі үшін құрсағымдағы кінәсіз шаранадан құтылғаным дұрыс па?
«Тораңғылы» хикаясы
Бос үйде телефон тұтқасын көтерген беймәлім бейне
Төсексіз, ауру болып қалу мүмкін бе?...
Сіз неден қорқасыз?
Немересіндей қызға қырыңдауға бола ма?
Келінім көшенің гүлі
Үйленудiң 5 себебі: Сіздің себеп қайсына жатады?
Құлыптаулы абақтадан шығып кете берген Сарымолда әулие
Кезіндегі ақымақтығым үшін өкінем, амал қанша...
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru














