Атырауда балабақшадағы балаға қатысты жанжал: тәрбиешінің бұрын сотталғаны анықталды
- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz Атырауда жекеменшік балабақшада бір жарым жастағы балаға тәрбиешінің күш қолданғаны туралы істің жаңа мән-жайлары белгілі болды. Зардап шеккен баланың ата-анасы тәрбиешінің бұған дейін сотталғанын анықтаған. Бұл ақпаратты балабақша басшылығы да растады.
Балабақша директоры Нағима Аманкосованың айтуынша, 27 жастағы тәрбиеші мекемеде шамамен екі ай жұмыс істеген. Жұмысқа қабылданған кезде ол соттылығы жоқ екені туралы анықтама ұсынған.
50 мың теңгеге дейінгі мектеп көмегі: Қандай отбасылар ала алады?
- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz Қазақстанда 2026–2027 жаңа оқу жылына дайындық аясында әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балаларына мектепке қажетті киім-кешек пен оқу құралдарын сатып алу үшін материалдық көмек көрсетіледі. Биыл бір балаға берілетін ең төменгі көмек мөлшері 50 851 теңгені құрайды.
Семейде Threads желісіндегі пікірлері үшін тұрғын 2 жылға бас бостандығынан айырылды
- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Threads әлеуметтік желісінде діни тақырыптағы жарияланымдарға қалдырған пікірлері үшін қала тұрғынын 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Абай облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, азамат И. шамамен бір жарым жыл бойы Threads әлеуметтік желісінде басқа қолданушылардың дін тақырыбындағы жазбаларына пікір қалдырып отырған.
Семейде көпірдің қақ ортасында фотосессия ұйымдастырған әйел жауапқа тартылды
- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz Семей қаласында түнгі уақытта автомобиль көпірінің жол жүру бөлігінде фотосессия ұйымдастырған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан кейін белгілі болған. Желі қолданушыларының алаңдаушылығын тудырған видеоны тексеру барысында тәртіп сақшылары заңбұзушының жеке басын анықтады. Ол Ақтөбе облысының 35 жастағы тұрғыны болып шыққан.
Жалған жүктілік анықтамасы: мас жүргізушіні жауапкершіліктен құтқармақ болған полицей сотталды
- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz Павлодар облысының Ақсу қаласында мас күйінде жол-көлік оқиғасына себепкер болған әйелді әкімшілік қамаудан босату үшін жалған жүктілік анықтамасын пайдаланған құқық қорғау қызметкері сотталды. Бұл туралы прокуратура мәлімдеді.
Страница 347 из 725





