Дәурен Тлеуханұлы-Ақтөбе облысы ,Әйтеке би ауданы ,Көрпе ауылында 2000жылы 28қазанда дүниеге келген.Бірнеше Республикалық,облыстық жыр мүшайралардың жеңімпазы."Жауқазын","Жас өркен"кітаптарына өлеңдері енді.

Қара алмас көзді, қасың да керік, Қадалмас саған жан қайда?! «Хамсадан» біздің ғасырға келіп Қалып ең қалай, паң Ләйлә?!

Жүрегім бұлай бүлінбес еді, Кетпес те еді ес-түсім. Хиссадан шыққан күніңде сені Көрдім мен биде кешкісін.

Жарқылдап жүзің, жайнады өңің, Қарасам - қайта жоқ бопсың. Өлеңнен келген Ләйләні менің Өлеңім қалай тоқтатсын?!

Әлібек  Шегебай

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Сүткент ауылында дүниеге келген. Республикалық «Жалын» журналында жарық көрген өлеңдер топтамасына Т.Айбергенов атындағы сыйлық берілді. 2002 жылғы Астана қаласында өткен Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Шығармашылықтағы жетістіктері үшін 2004 жылы Қазақстан Жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты атанды. 2002 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

Бірнеше жыр жинақтарына өлеңдері енген. «Алакеуім», «Әйнекке түскен Ай сәуле», «Ақ қауырсын» атты жыр кітаптарының авторы.

Әсел Оспан

Сағынба мені,
                   қайтесің енді сағынып, 
Жайымды менің
              жүрсің бе енді жаңа ұғып.
Жылдарда қалды
                көнеріп кетті көмескі із,
Бұйырды  тағдыр
                өзгенің сені жары ғып.

Сағынба мені,

Ситора Ахрор

Аспан тар емес,

Арманмен ұшуға.

Аспан паң емес,

разы мұң шағуға.

Көру шарт емес,

Адамды тануға.