- Подробности
- Категория: Сырласу
19 жасымда тұрмысқа шыққанмын.Қазір 38- жастамын.Құдай берген екі балам бар.Күйеуім бар. Бала болдым ба,отбасылық өмірдің мәнін түсінбедім бе,екі бала туғасын 24 –жасымда ажырасып кеттім.Соның өзінде ол келіп,кетіп жүрді.Бір байқағаным арамыз суып кеткесін,қайта отбасы болып кету қиын екен.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Əркімнің өз несібесі бар. Алла əркімге өзіне лайық дүниені береді ғой. Ал, соған санасы жетпейтіндерге не деуді де білмейді екенсің?!
Көре алмаған адамға дауа жоқ екен. Əке-шешемнің ақ батасымен ақ некелі жар болдым. Келген де бірден бөлек шығуға мүмкіндік болмады. Жəне мамандығыма сай жұмыс болған соң, ата-енемнің қолында қалуға қарсы болмадым. Менің алдымда түскен абысыныммен тату болуға барымды салдым.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Жұрттың бəрі атымды ұмытқалы қашан?! Ашуым келеді. Неге мен? Адамға ыңғайсыз. Көрген адамдардың бəрі бір түрлі қабылдайды. Кішкентай бала біткен мені көрсе, сықылықтап күледі. Жігіттер де мені көрсе, теріс қарап күледі. Əйтеуір, күледі. Қыз баласы болған соң мұртымның болғандығын қабылдай алмайтын сияқты. Мазақ болудан шаршадым. Ер жігіттердің мұртындай қалың мұртым бар. Мектеп кезінде, яғни он бірінші сыныпқа дейін мұртым аса қатты білінбеуші еді.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Сіздердің сайттарыңызда талай тағдырды оқып,мен де өзім жайлы айтып бергім келді. Мен жіберген қатені қыздарымыз қайталамасын.Мүмкін біреуге сабақ болар .Сәл нәрсеге өкпе артып, отбасын бұзып,кейін өкініп жүрмесін деген оймен жазып отырмын.
Жалықтым... Іштен тынып күн кешуден, бəрі жақсы деп бақытты түр жасаудан. Бір рет қисайған жүк түзелуі екі талай екен. Екінші рет тұрмыс құрғаныма көп болмады. Бірінші күйеуіммен тату-тəтті өмір сүріп жүрген уағымда, арамыз бір айда бір-бірімізді қызғанамыз деп суыды.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Жауыздық - жүректің қарайып, адамдықтан безуі. Абысыным тағдыр дегенді түсінер емес. Түсінгісі де келмейді. Мен -жесір əйелмін. Жолдасымды Ауғанстанға əскерге алып кеткен, сонау сексен жетінің наурызында. Жасым небəрі жиырма екіде басыма қара орамал салынды. Өлгім келді. Өмірдің мəні жоқ сияқты көрінді. Сол аралықта мені өмірге қайтарған нəрсе - құрсағымда жаңа біткен тіршілік иесі-тін. Сол қызым екеуміз жолдасымның ошағын сөндірмедік.
Страница 73 из 95