- Подробности
- Категория: Сырласу
30 жылдыққа барамын деп, бір қателікке ұрындым. Өзімнің мектептегі жылдарым нағашы атамның ауылы- Тарбағатайда өтті. Мектеп бітірген соң ,Алматыдағы МедАкадемия-ға оқуға түстім. Сол оқуды оқып жүргенім де, бір жігітпен танысып,сөзіміз жарасып отбасын құрдым. Екі қыз сыйладым. Жиырма төрт жыл жолдасыммен бірге тұрдық. Екі жыл бұрын ,жолдасым басқа біреумен көзіме шөп салып, шаңырағымыз ойран болды. Ажырасып кеттік.Күйеуімді кешіре алмадым.Содан соң ешбір еркек маңыма жуымап еді.Еркек біткенге сенімсіздікпен қарайтын болғанмын.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Адам азды ма? Заман азды ма? Анығы жалғыз жаратқанға аян. Біз білмейміз. Ауылда тұрған соң көп нəрсеге қаладағыдай көз жұма алмайтынымыз тағы бар.
Аядай ғана ауылда тұрған соң ауылымыздағы бар адамның жайы белгілі. Жақында ауылымызға көшіп келген көршіміздің əрекетін, санамызға сидыра алмай жүрміз. Өзі елуден асқан əйел, жап-жас жігітке сүлікше жабысқанына не десе болады? Жабысқан жігіті жетім қалған ағайынымыздың баласы еді. Ата-анасынан төрт бөлмелі үй мен дүкен қалған болатын. Оңай жерде жатқан дүние үшін,жас баланың санасын улады.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Мен -келін емес, құлы сияқтымын. Таңертеңнен қара кешке дейін тырбаңдап, үйдің тірлігін жасаймын. Жолдасым -жақында ғана əскерге кеткен. Енемді анамдай жақсы көріп,айтқанын екі етпеймін. Азын аулақ табыс көзім бар. Ауылдағы балаларға ағылшын тілін үйретемін. Мамандығым - ағылшын тілі. Мектепке жұмысқа орналасуға жағдай жоқ. Үйдегі жеті биені сауып, саумал мен қымызды сату менің мойнымда. Бəріне разымын. Сүйген азаматыма адал жар атандым. Енем мені əлі толық қабылдай алатын уақытқа жетпедік. Кейде, ширатып алайын деген шығар деп қоям. Жақында анамның елу жылдығы болды. Бара алмадым. Енеме қанша өтініш жасасам да, бір тиын бермеді.
- Подробности
- Категория: Сырласу
"Кесір келін босағаңнан аттаса, көрер күнің бейнет" дегенді ,атам қазақ тегін айтпағандығын күн өткен сайын түсініп келем. Бар ананың асыл арманы -келін алып, қолын жылы суға малу. Ибалы келіннің қолыннан шайын ішіп, енелік өнегені көрсеткім келгенін,қалай армандағанымды білсеңіз еді.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Менің жасым 23-те, 3 жыл бұрын тұрмыс құрып, жолдасыммен 9 ай тұрып екі жаққа кеттік. Оның шектен тыс қызғаншақтығының кесірінен, ұзақ тұра алмадық. Ажырасқаннан кейін менің жеке өмірім быт-шыт болды.
Ажырасқаныма 1 жылдан асқанда басқа жігіттермен араласа бастады. Бірақ олар менің бұрын тұрмыста болғанымды білген кезде маған деген көзқарастары өзгеріп шыға келетін. Бәріне керегі бір-ақ нәрсе. Қысқасы, жеке өмірім еш қалыпқа келмей қойды.
Страница 74 из 95