Қайырлы күн,  сайт ұжымы!  Ішімдегіні шығару үшін сіздерден басқа ешкімді  таба алмадым.  Есімім - Закира. Жамбыл облысының тумасымын.  Жамбылда  жұмыс реті болмай, Алматыға келгелі - жеті жыл өтті.  Бар жерде жұмыс жасадым. Асхана қызметкерінен бастап, кеңсе қызметкеріне дейін. Алла берген төрт балам үшін кез-келген жұмысты жасаймын. Арланбаймын. Балаларымның тамағынан арам ас өткізбесем болды.

Сол соңғы қызметімдегі басшылықтың беті қалыңдау болды. Жұмысқа итше жегіп, табан ақы маңдай терімді  бермей қор қылды. 

Нәзікжандылар жігіттерді әртүрлі топқа бөледі ғой, мысалы: "крутой", "карьерист", "симпот". Сол сияқты қазіргі уақытта қыздар арасында "женатый жігіт" деген махаббат термині пайда болған. Кез келген қыз-келіншектермен әңгімелесіп отырсаң, барлығының басында бір оқиға, бір сарынды әңгіме:

Айналайын, қарақтарым! Есімім - Гала. Ұзақ жылдар  ауруханада терапевт болып, елдің алғысын алған əйелмін. Қазақстанға Қырымнан  көшіп келгенбіз. Құдайға мың шүкір! Ауылдасым -ағайыным секілді. Өзі жақсы адамға қай жерде де бір кісілік орын болатынына күмəнім жоқ.   Он жеті жасымда осы топырақты бастым. Осы жақта келін болдым. "Əр жүректе бір арман болады "дегендей  жолдасым екеуміз бір перзентке зар болған бейбақтармыз. 

Әйеліммен жастайымнан қосылдым.Осы уақытқа дейін арамызда, жәй ұрыс –керіс болса да,жанға тиер ренжісу болған емес.Балаларымыз әлі жас.Аяққа тұрып кеткен жоқ.Ал келіншегім ауру.Сауығуынан  күдер  үзген ол,маған үйлен дейтінді  шығарды.

-Уақытым аз қалды.Балаларымды жетілдіре алмай барамын.Көзіммен көріп,аманаттайын,үйленші- дейді.

Әкем лауазымды қызметте.Ол неше жылдан бері бір әйелмен  кездеседі.Оны бәріміз білеміз.Әкем ол әйелмен қызметтік іс –сапарларға да бірге барады.Ол әйел өте әдемі,сымбатты. Жақсы әйел.Жас болғасын шығар тым тартымды.

    Әкем ол әйелсіз жасай алмайды.Егер кездеспей  келсе,көңілсіз отырады.Үйімізден берекет  кетті.Ол әйел жақын қалада тұрады.Әкем сол әйел үшін,2- сағат жол жүріп барады.Не керек қартайғанда?Қалай араларын ашуға болады?Әкем ешқашан кетпеймін дейді.