- Подробности
- Категория: Сырласу
Сəлеметпе, "Сырласу" клубы. Айтайын дегенім, жасым жиырма екі жаста. Сарыағашқа тұрмысқа шықтым. Күйеуім Атырауда вахтада жұмыс істейді. Ене , атаммен бірге тұрамын. Күйеуім ылғи жұмыста. Айдың жарымынан көбін далада өткізеді. Екі ай болып қалды. Үйге келмей жүр. Жұмыс қауырт деп, əңгімеден қашып жүр. Күйеуім біреумен жүріп жүргендей сезініп жүрген жайым бар. Арамыз суып кеткендей. Келгенінде де құшақтап, мейірленіп мені жар жылуына бөлемейді.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Келін - ұрпақ жалғастығының ең басты дəнкері. Əрбір ата-ана келін алып қолының ұзарар күнін асыға тосады. Мен секілді, елуден асқан əрбір ананың асыл тілегі де содан басталған емес пе?
Менің шаңырағымда той болды. Ақ жұмыртқадай аппақ келін түсті. Барлығын ел қатарлы етіп жасауға отағасы екеуміз барымызды салдық. Ұлымның бір басы екеу болғанын ойланып, барлығын керемет қылып өткізсек деп шештік.
- Подробности
- Категория: Сырласу
19 жасымда тұрмысқа шыққанмын.Қазір 38- жастамын.Құдай берген екі балам бар.Күйеуім бар. Бала болдым ба,отбасылық өмірдің мәнін түсінбедім бе,екі бала туғасын 24 –жасымда ажырасып кеттім.Соның өзінде ол келіп,кетіп жүрді.Бір байқағаным арамыз суып кеткесін,қайта отбасы болып кету қиын екен.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Əркімнің өз несібесі бар. Алла əркімге өзіне лайық дүниені береді ғой. Ал, соған санасы жетпейтіндерге не деуді де білмейді екенсің?!
Көре алмаған адамға дауа жоқ екен. Əке-шешемнің ақ батасымен ақ некелі жар болдым. Келген де бірден бөлек шығуға мүмкіндік болмады. Жəне мамандығыма сай жұмыс болған соң, ата-енемнің қолында қалуға қарсы болмадым. Менің алдымда түскен абысыныммен тату болуға барымды салдым.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Жұрттың бəрі атымды ұмытқалы қашан?! Ашуым келеді. Неге мен? Адамға ыңғайсыз. Көрген адамдардың бəрі бір түрлі қабылдайды. Кішкентай бала біткен мені көрсе, сықылықтап күледі. Жігіттер де мені көрсе, теріс қарап күледі. Əйтеуір, күледі. Қыз баласы болған соң мұртымның болғандығын қабылдай алмайтын сияқты. Мазақ болудан шаршадым. Ер жігіттердің мұртындай қалың мұртым бар. Мектеп кезінде, яғни он бірінші сыныпқа дейін мұртым аса қатты білінбеуші еді.
Страница 72 из 95