- Подробности
- Категория: Сырласу
Барлықтарыңызға сәлем! Аты –жөнім аноним болсыншы.Жасым 22 де. Тұрмыстамын, кұдайга шүкір 2 қызым бар. Күйеуімнің де мінезі жайлы. Жұмысы да, табысы да жақсы. Бірақ,жұмыстан келгесін телефонға жабысып,ватцаптан шықпайды.
Кейін тексеретінді шығардым.Сосын код қойып тастады.”Мақұл“ деп үндемей жүрдім.Қолайлы сәтті күттім десе де болады.Кодын байқап қалсам,бірден басқасына ауыстырып тастайтын.Телефонын тексергенді жақтырмайтын шығар деп ойлап жүрдім.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Мен сіздерден жəне оқырмандардан бір жайтқа қатысты кеңес сұрағым келеді. Тұрмысқа шықпаған қызбын. Алайда, үш жыл бұрын бір жігітпен жүріп алданып қалдым. Сүйем деді, күйем деді. Ақыр соңында бос сөзге қарқ болып, абыройымнан айрылып қала бердім. Ол жігіт қазір елде емес. Германияға машина жасап сататын компанияға жұмысқа тұрып кетіп қалды. Біз екеуміз тоқсан күн ғана жұп болып жүрдік. Сол менімен жүріп жүргенін де шетелге кететінін еш айтпады. Үйленеміз деп, маған жарым боласың деп, торына түсірді.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Сəлеметсіздер ме, "Сырласу" клубы. Мен өз басымнан өткен нəрсені айтып өтейін. Барар жерім, басар тауы жоқ бейбақпын. Анам ғана бар. Оның өзін біреулер қарап отыр. Анамның мамандығы -есепші.
Сексен сегізінші жылы бір мекемеде жұмыс істеп жүргенін де есептен қателесіп, содан істі болған. Сол күннен ауру. Өзіне-өзі қарай алмайды. Туған сіңілсінің қолында. Өзіме келер болсам, ішкенім - ірің, жегенім - желім. Күйеуге шыққалы мені бір уайым жеп барады.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Арма, "Сырласу" клубы! Əркімнің тағдыр жазуы əр қилы. Менің айтайын дегенім тіптен бөлек. Келін боламын деп, көңілім бір көтерілмей қойды.
Ана өнегесін көрмеген жанмын. Əйел адам болмаған соң ер адамға тəн қасиеттерім барын жасырмаймын. Туғаннан əкемнен басқа ешкімді көрмедім. Расымен де, жалғыз əкем ғана бар. Жайымды біліп тұрып, келінімді қызымдай көрем деп алып, маған” еркекшора келін “деп ат қойып алды.
- Подробности
- Категория: Сырласу
(Жетімдер үйінен асырап алған қыздың хаты)
Гүнай Текин
Ойсыз адамдардан көңілім налалы,
Тырнаған сайын олар жарамды.
Ана! Сізсіз көңілім өмірдің аязы мен боранына шыдамайды. Маған сізден асыл адам жоқ. Жұрт сізді көп жабықтырады. Мені сізге жат дейді. Жат емеспін. Мен жетімдер үйін бақандай 10 жасыма дейін мекен қылдым. Əр күні бұл жерден бір күні ата-анам алып кетеді деп ояндым, көз ілдім.
Страница 71 из 95