Нумерология бизнес пе, ғылым ба: Сандардың адам тағдырына қатысы бары рас па?
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Сандар да сөйлейді. Оған қарап, адамның кім екенін білуге болады. Тіпті, нумерологтар өткен өмірде кім болғаныңызды есептеп, айна-қайтесіз айтып береді. Бұл рас па? Жалпы әр санның қасиеті бар екені шындыққа жанаса ма?
Отандық жұлдыздар нумерологияға неліктен сенгіш келеді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Облыстық ассамблея жанындағы Жастар қанатының кездесуі
- Подробности
- Категория: Бүгін
Достық үйінде облыстық ассамблея жанындағы Жастар қанатының ұйымдастыруымен еркін форматтағы жастардың кездесуі өтті. Оған Жастар қанатының мүшелері, қаладағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

Кездесудің мақсаты түрлі этнос жастарын біріктіре отырып белсенді орта құру, Республикалық Жаңғыру жолы қозғалысының Қызылорда облысындағы штабының құрамын толықтыру, жастарды белсенділікке шақыру. Рухани жаңғыру, жастардың санасындағы керітартушылық стереотипті жою. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылатын қоғамдық-мәдени және қайырымдылық шараларына белсене қатысу.
Лаззат Рамазанова әйел кооперациясының дамуы жайында: «Трендтерді өзгертуді қолға алайық»
- Подробности
- Категория: Бүгін
Талдықорған қаласында «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанованың қатысуымен Іскер әйелдер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Облыс орталығында өңірдің іскер әйелдері бас қосты. Олардың қатарында тәжірибелі бизнесвумен де, жеке кәсібін енді қолға алған қыз-келіншектер де, сндай-ақ аудандық филалдардың басшылары да болды.
Жеті шенеунік Жамбыл облысындағы бизнеске кедергі келтіргені үшін жауапқа тартылған
- Подробности
- Категория: Бүгін
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысына қатысты. Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, мемлекеттік органдар мен өңір бизнесінің өкілдері қатысты.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау бағытындағы жұмысының нәтижесі туралы айтқан Тимур Құлыбаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Жоғарғы сотпен байланыс орнатқанын атап өтті.
Қоныс-колониядан екі қылмыскер қашып кетті
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Қырғыстандағы Балықшы қоныс-колониясынан бас бостандығынан айырылған екі адам қашып кетті.
«Өлең – асқақ ойдың ұшқыны, ол қай сәтте де биікте»
- Подробности
- Категория: Риясыз әңгіме
ГҮЛБАҚЫТ ҚАСЕН 1975 жылы 18 тамызда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Айдарлы ауылында дүниеге келген. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде, Ө.Жолдасбеков атындағы Құқық және экономика академиясында білім алған. 1995-2008 жылдары білім саласында, 2008-2015 жылдары Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында қызмет атқарған. 2015 жылдан Алматы облысы әкімдігінде облыс әкімінің бас инспекторы қызметінде. Облыстық, республикалық деңгейдегі тілді насихаттайтын шараларды ұйымдастыра жүріп, өткізілген жыр мүшәйраларының жинақтарын («Поэзия, менімен егіз бе едің?», «Сен менің еліме бар», «Жұматай – жыр қағаны») құрастырған. 2011-2014 жылдары облыстық «Жетісу» телеарнасында «Асыл сөз» зияткерлік телебағдарламасын ұйымдастырып жүргізді. «Алуа», «Бақыт гүлі», «Құсқанаты» атты жыр кітаптарының авторы. 2014 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2016 жылы Тәуелсіздікке 25 жыл мерекелік медалімен марапатталған.
Сіз үшін ақын деген кім? Өлең дегеніміз не?
Ақын, ең бірінші, Ар өлшемін өмірде де, өлеңде де тең ұстай алған мінезді, таза жүректі жандар деп айтар едім. Туа бітті ақынның мінезінде өзге жұрттан бір өзгешелік болатыны аян. Оның сыртқы бейнесінде де өзгеден оқшау белгілері болары сөзсіз. Ұстаным-пайымы, ой-парасаты пенделік тірліктен биік, саңлақтанып көрінеді. Мен үшін, міне, ақын деген – осындай тұлға. «Қылышынан қан тамған батырды, тілінен бал тамған ақын алуға» тиіс.
Қорқынышты әңгіме
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Балаға ғашық кемпір
Жалғасы...
Боқан шалдың үйінде болған іс маған қатты әсер етті. Бұрын ауыл адамдарының бәрі тамаша, ақкөңіл, ақжүрек сияқты көрінетін. Сөйтсем, неше түрлі сұмдықтар болып жатады екен ғой мұнда.
Тимур Құлыбаев: Ауылшарушылық кооперациясы Оңтүстік Қазақстан облысының бәсекеге қабілеттілігін арттырады
- Подробности
- Категория: Бүгін
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралға Төрағасы Тимур Құлыбаев Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерін шекаралас нарықтарда бәсекеге қабілетті болу мақсатында ауыл шаруашылық кооперациясына белсенді қатысуға шақырды
«Атамекен» басшысы Шымкент қаласында өткен Өңірлік кеңесте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жергілікті әкімдікпен бірігіп, Өңірдің даму картасын әзірлеп жатқанын айтты. Картаға жергілікті өнімді өңдеу мен өткізу мәселелері енгізілмек.
Құрбыма ғашықпын
- Подробности
- Категория: Сырласу
Соңғы жылдары басымнан өтіп жатқан нəрселерге басым қатып кетті.Бала кезде көрші бір балаға ғашық болып артынан қалмай жүрдім .Көп күн солай жүрдім ұмыта алмай күнде жылап,бірақ ол балалық махаббат болғасын ба тез ұмтылып кетті.Одан кейін тіпті айтуға да ұят, мен қызға ғашық болып қалдым,тіпті өзім де түсінбей қалдым .Мүмкін емес бұл,мен сондай болғаным ба,қалайша?-деп. Бірақ шынымен ғашық болдым. Күнде ойлап кәдімгі балаға ғашық болғандай оны іздеп,іштей тынып ешкімге айтпай қатты қиналып кеттім,күнде Аллаға жалбарынып неге мен оны, қызды ұнатып қалдым,ұмыттыршы деп жалбарынып өтті күндерім.
Қорқынышты кеш
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Таң алдында дәрет қысып оянып кеттім. Қараңғыдан сұмдық қорқатынмын. Бірақ қуығыма толған дәрет қорқынышымды ұмыттырып, еріксіз сыртқа айдап шығарды. Дәліздің светін жағып, тысқа шықтым. Қора ішіндегі әжетханаға баруға жүрегім дауаламай, аулада дәрет сындырдым. Қараңғы түнде әлдекім шыға келіп бассалардай, бойымда белгісіз қорқыныш билеп барады. Дәрет алып бола сала үйге қарай жүгірдім. Дәлізге кіргенде ғана жүрегім орнына түсіп, қорқынышым ептеп басылғандай болды.Содан төсегіме келіп жаттым. Екінші керуетте жатқан інім ұйқы құшағында.
Тимур Құлыбаев: Жаппай туризмді дамытуда заманауи шешімдер керек
- Подробности
- Категория: Бүгін
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысына қатысты
Жиынды ашқан Тимур Құлыбаев бизнесті қолдаудағы Ұлттық палата мен Үкіметтің бірлесіп атқарған жемісті жұмысын атап өтті.
Маңғыстаулық іскер әйелдер «Аңыз Тұлға» жобасын іске асырмақ
- Подробности
- Категория: Бүгін
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Ақтау қаласында өткен Маңғыстау облысы Іскер әйелдері кеңесінің ІІІ форумына қатысты.
Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова және өңірдің кәсіпкер әйелдері қатысуымен өтті.
Форумда сөйлеген сөзінде Тимур Құлыбаев Қазақстанда әйелдердің 42%-ы шағын және орта кәсіпкерлікті басқаратынын атап өтті.
Қасқыр деп қорықпа
- Подробности
- Категория: Проза
Әңгіме
Ерсін Ерғалиев
10 сыныпты аяқтадым. Жоғары оқу орнына қабылдау емтиханы тамыз айында басталады. Әкеме емтихан басталғанша қой бағып ақша табайын деп едім (ол кісі кеңшардың кадрлар бөлімін басқаратын) «сынаққа дайын болсаң жолыңа ақша тап» деп рұқсатын бергенде, қуанып кеттім. Сонымен жолдасым Айдарбек екеуміз кеңшардың қойын бағуға кірістік. Мініске берген атқа көңілім толды. Бұл кезде аттың күні өтіп, машиналардың бәсі жүрген кез. Астымдағы ат талай жарыстарға қатысып жүлделі орын алып жүрген сәйгүлік болса да, заманы өтіп, қойшының аты ғана болып қалған еді. Аты Жұлдыз. Қолға үйренген көнбіс мал.
Әкем тоқал аламын дейді
- Подробности
- Категория: Сырласу
Мен бұл сайттағы жазбаларды оқып отырамын.
Менде өз сырымды жазғым келеді, өз отбасым жайлы.
Жасым 20-да үйдің үлкенімін. Менен кейін 2- сіңілім бар Аллаға шүкір.
Бір қиыны үйде ұл жоқ.
Страница 241 из 248
Соңғы жаңалықтар
- Алматыда Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойы атап өтілді
- Qarakesek Ақтөбеде 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде әлімжеттік дерегі бойынша бірқатар офицер қызметінен босатылды
- Ақшаның кепиеті (Әңгіме)
- Қазақстан ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс бастады
- Астанада 7 жастағы балаға қатысты қылмыс: сотталған қария апелляцияға жүгінді
- Павлодарда зейнеткер алаяқтардың құрбаны бола жаздады
- Жосықсыз құрылыс салушы қылмыстық жауаптылыққа тартылды
- Өзін хакер деп таныстырған азаматқа қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа деректер
- TikTok-та қазақ қыздарына тіл тигізген Ресейлік блогерлер 5 жылға дейін сотталуы мүмкін
- Қашқын қылмыскер сотталды
- Бәрі де – Ғалия үшін (әңгіме)
- Павлодарлық мектеп оқушысы Айханым Оқасова 17 жасында елордадан пәтер сатып алды
- Құлсарыдағы мектептегі оқиға: оқушы балта ұстап жүгірді, директор қызметінен босатылды
- Зеленский: Украина Қарулы күштерінің қатарында қаза тапқандар саны 55 мыңнан асты
- Психологиялық қызмет көрсету саласы заңмен реттелмек
- Азот оксидін заңсыз сату оқиғалары анықталды
- Халық медицинасын желеу еткен заңсыз орталықтарға бақылау күшейтілуі мүмкін
- Мылқаудың махаббаты
- Астанада TikTok арқылы «емшілік қызмет» көрсеткен алаяқ сотталды







