"Қарт кісінің құпиясы"(3-бөлім)
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
+18
Ғани Әлихан
Болған оқиға желісімен....
Бұл кезде менің жаңа бөлімшеге барғаныма алты ай болған еді.Үйден кеткеніме жылға жақындап қалған кез.Ауылдағы шешемнен алғаш рет хат келді. Амансың ба құлыным ?-деп басталған хат “көріскенше күн жақсы балам “-деп аяқталыпты.Шешемнің сауат ашпағанын білем ғой, бұл хатты бауырларымның бірі анамның айтуымен жазғанын ішім сезіп тұрды.
Соңғы алты айда 66 журналист қаза тапқан
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
2018 жылдың алғашқы жартысында 22 елден 66 журналист қаза тапқан.
Мұндай деректі Press Emblem Campaign үкіметтік емес ұйымы Женевада өткен жиын барысында мәлім етті. Аталған ұйым әлемдік қауымдастықтарды қақтығыс аймақтарындағы БАҚ өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шаралар қолдануға шақыруда.
Әйелім көзіме шөп салып жүр ме деген ой мазалайды
- Подробности
- Категория: Сырласу
Алла басқа салған соң пенденің көмбеске амалы жоқ. Сондай пенденің бірі менмін. Мұндай шарасыздыққа кез болғалы да тоғыз жылдың жүзі болыпты. Отбасылымын. Әйелім мен он жасар ұлым бар. Ең жақын қамқоршыларым да солар. Туысым жоқ емес. Анам, екі апайым мен бауырым бар. Бірақ «анадан алтау болсаң да отаныңа жалғызсың» дегендей, төртеуміз бір анадан туғанмен әрқайсысымыздың өз отбасымыз, өз тіршілігіміз бар. Анам ауылда, бауырымның қолында.
"Қарт кісінің құпиясы"(2-бөлім)
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
+18
Ғани Әлихан
Болған оқиға желісімен....
Тілім күрметіліп даусым шықпай аяқ қолдан жан кетті -деп шəйдан ұрттап қойып қария сөзін қайта жалғады .
Әрбір дерлік материалды миымның әр талшығымен «жазамын»
- Подробности
- Категория: Риясыз әңгіме
Жайна Сламбек
Астана арнасы “Біздің уақыт”апталық сараптамалық бағдарлама жүргізушісі
Жайна ханым, сұхбатымызды эфирге келу жолыңыз жайлы айтудан бастасақ...
Журналист болғаныма 22 жыл. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін 1996 жылы аяқтағасын барып кіріскенмін. Жұмысқа оқуды тәмамдағасын тұрғанымды айтып отырғаным, журфакта білім алып жүргенде жұмыс істеп бастайтындар көп.
"Қарт кісінің құпиясы"(1-бөлім)
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
+18
Ғани Әлихан
Болған оқиға желісімен....
Өмір бойы өкініп келемін деп əңгімесін бастады қырман басында жатқан қарт кісі.
Сонау 1997 жылы бидай басына барғандағы бейтаныс қарияның əңгімесі осылай басталды.Жас баламын дəрет алуға құманға суын жылытып беремін, тамақ алдынан қолына су құямын ,барынша сыйлап сіз отыра беріңіз мен өзім шығып қарайлап келемін деп алдына түсе бердім.Түспей қайтемін, жасы жетпіске таяп қалған қарт кісі күні бойы тұнжырап жүреді.
Күйеуім үйленгеніне мойынсұнбайды
- Подробности
- Категория: Сырласу
Әркімнің бір уайымы бар дегендей,жасым он тоғызда.Ерте тұрмысқа шықтым.Басында сүйіп қосылғандай едік. Енді арадан алты ай өтпей суып бара жатқан сияқтымыз. Дене сымбатым да,кескін келбетім де ешкімнен кем емес. Ыстық –суығымыз тез –ақ басылып қалды. Күйеуім үйленгендігін жұрттан жасырғысы келеді. Үйден шыққан сəтте-ақ қолындағы неке жүзігін шешіп тастайды. Қанша рет байқадым. Мені ертіп достарымен кездесуге барғысы келмейді.
Жеңгеме түсінде аян берген...
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Жеңгем көрген түсі дәл келетінін айтады. Өңінде болатын жағдайды алдын ала болжап сезеді екен. Әсіресе, өзіне етжақын бауырларының басындағы жайды анық көреді. Мәселен, бірде түсінде сіңлісінің мұңайған түрін көреді. Таңертең ерте анасына қоңырау шалса, сіңлісінің дене қызуы көтеріліп, аяқ астынан ауырып қалыпты.
Түрмеден қашып кеткен қылмыскерді 2900 полицей іздеп жатыр
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Францияда 2900 полицей түрмеден тікұшақпен қашып кеткен қылмыскерді
Жексенбі күні 11:20 шамасында Калашников автоматымен қаруланған үш ер адам қылмыскерге қашуға көмектескен. Бұл операция бар жоғы бірнеше минутқа созылған.
Бар дүниемді бəске салды
- Подробности
- Категория: Сырласу
Саламатпысыңдар, айналайын, қарғаларым!
Адамда ақыл болмаса, мың айтқанмен өз жолын өзі табам демесе, таба алмайды екен. Өзім талай жыл теміржол саласында жұмыс істеген апаларыңмын. Құдайға шүкір, үш қыз бір тентектеу ұлым бар. Өзі марқұм ата-енемнің қолында өскен еді. Бетіне ешкім келмеді. Бір дегені, екі болмай есер болып кетті. Міне, сол тентегімнің жайы алаңдатады.
Бөлме гүлін баптау
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Бөлменің сәнін келтіретін үй өсімдіктері мен гүлдер ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан оларды аптасына 1-2 рет жылы сумен жуып тұру керек. Одан өзге гүлдерді өсіру, баптау тәсілі санқырлы. Назарларыңызға бөлме гүлдерін әдемі етіп өсіру мен баптауға арналған кейбір кеңестерді ұсынамыз.
Бөлме өсімдіктерін бойына қарай ретімен орналастырады. Сонда олардың барлығына ауа мен жарық жеткілікті, өсуі қарқынды болады.
Мырс етер
- Подробности
- Категория: Мырс етер
Оралхан Дәуіт
Бойдақ жігіт алдын ала уəделесіп, бір қызбен бассейнде жолығыпты. Қыздың да жігітте ойы бар, кет əрі емес көрінеді. Содан жігіт қызды оңашада аймалап-өбіп, шашынан иіскеп, əжептеуір-ақ еміреніп қалады дейді де ,бір уақытта бойжеткенді қос қолымен көтеріп алып, суға ұзынынан батырып, біраз уақыт бас-аяғына қарап тұрып, қайтадан жағаға шығарып тастай салады екен.
Иенсайдағы шыңғырған адам дауысы...
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Тоқтаған бетте қу отын теріп әкеп, ас қамына кірісіп кеткен Ахат қас қарайғанша қазан да көтеріп үлгерді. Күндізгі қапырықтың беті қайтып, Сауыр жоталарынан жайлауға тән салқын самал еседі.
Дастарқан басында: - Біз тоқтаған мына сайды жергілікті халық Иенсай атап кеткен – деп Едіге ақсақал тағы бір әңгіменің ұшын шығарды. Шырт-шырт етіп жанып жатқан отқа бір уақ үнсіз қадалған қария бұл жолы бұрын-соңды естімеген оқиғаны ортаға салды.
WhatsApp қолданатындардың ақшасы ұрлануы мүмкін
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Сарапшылар WhatsApp мессенджеріндегі жаңа алаяқтық туралы айтты. Қылмыстық схема көмегімен алаяқтар WhatsApp-ты қолданатындардың ақшасын ұрлауы мүмкін екен.
Алаяқтар өз құрбандарын алдап, ақылы сервистерге жаздырады. Қолданушы жазылғаннан кейін, айына 50 долларынан айырылады екен. Шабуыл былай басталады: қолданушыға телефонда сақталған нөмірлердің бірінен хабарлама келеді.
Страница 213 из 239
Соңғы жаңалықтар
- Ақтөбеде үш адамның мәйіті табылды: бірі – “Ақтөбе” футбол клубының жас ойыншысы
- ІІМ басшысы: алкоголь тек арнайы дүкендерде сатылуы тиіс
- Ұлын “өлді” деп алдаған әйел Түркияға демалуға кеткен
- 2026 жылы Қазақстанда зейнетақы өседі
- Махаббат неге ұзаққа бармайды?
- Таразда мектептерге қарулы шабуыл туралы - жалған ақпарат
- Маңғыстауда тағы бір әскери қызметкер бензинге уланып қаза тапты
- Министрлер мен сыртқы саясатқа жауапты лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды — Ақорда
- Бурак Өзчивит Ақтауда: Түркі әлемінің мәдени астанасы атанған қалада түрік актері қонақ болды
- «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаға кәсіпкер жаңа көлік сыйлады
- Қырғызстанда өлім жазасын қайтару бастамасы көтерілді
- Ойыншы
- Павлодар облысында 3 жасар қыздың қазасы: әкесі күдікке ілінді
- Қымбатшылық пен төмен жалақы: Экономикалық талдау
- Қазақстандағы "Сталкинг" заңының алғашқы қолданысы: Атырау облысындағы іс
- Санамның құпиясы: жан өлген соң қайда барады?
- Атыраулық тіс дәрігерлерінен 600 млн теңгенің мүлкі тәркіленді
- Қазақстанда ҰБТ форматы мен мазмұны өзгереді
- Қара кемпір
- Қымбатшылық жағдайында қаражат үнемдеу жолдары
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru