- Подробности
- Категория: Проза
Бақтыгүл Ауданова
(Әңгіме)
КСРО ыдырағаннан кейін бұрынғы одақтас республикалардың өз алдына «күн көріп» кетуі оңай болған жоқ. Бір жүйеге түскенге дейін біраз қиыншылықтарды бастан кешті. Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарын ащылау бастаған елдердің бірі Тәжікстан болса, ондағы азаматтық соғыс көптеген адамды есінен тандырып, есеңгіретіп тастады.
Бүгінгі тақырыпта тәжік жерінде болған соғыстың куәсі болған қазақ азаматының бастан кешкен қиыншылықтары баяндалады.
Көшуімізге Желтоқсан көтерілісі себеп болды
Мен ол кезде әскерден жаңа келген жігіт едім. Әкем мен ағаларыма арқа сүйеп кеткенім сонша миыма оқу, жұмыс істеу деген нәрсе келмепті. Астымдағы көк тұлпарыма мініп алып қай жерде отырыс болса сол жерден табылатынмын. Өзі аз ғана қазақтың бәрі мені таниды десем өтірік емес еді.
- Подробности
- Категория: Проза
Бақтыгүл Ауданова
Әңгіме
Аудан орталығына шалғай жатқан осы ауылдың шын атын біреу білсе, біреу білмейді. Себебі мұны «екінші ферма» дейді. Ал, олай десең сұраған адамың «қай ферма, қай жерде» деп басыңды қатырады. Ал, «Сұлулар ауылы» десең бәрі біледі. Құм ішінде орналасқан бұл ауылдың бұлай аталуының басты себебі Нартай көкем.
Жасы алпысты алқымдап қалған Нартай көкені іздеп бару үшін жолға шықтым.
- Подробности
- Категория: Проза
Ақмарал Кемелхан
Қызғыштай қорыған сайын қызығып, қырындай бастады. "Маған сенбейсің бе, сені ешқашан тастап кетпеймін" деді, "заманнан қалып қойғансың ба, ол - ескінің сарқыншағы" деді, "сүйген жандар бір-бірінен аяры жоқ" деді, "бәрібір үйленеміз, күтудің қажеті жоқ қой" деді. Менің айтарым біреу: "Арымды некеме дейін сақтаймын". Әр жолы өзінше неше түрлі аргумент айтады.
Басқа тақырыпта бастасақ та, әңгіме осы жаққа ауысып кете беретініне бір күні төзімім таусылды. "Жолың ашық!" деп шорт кестім. Арысы бір ай шыдап, айыбын мойнына алып, кешірім сұрап қайтып келді. Сүйіп тұрған соң, қабылдаймын. Бірақ өзгерген адам да жоқ, заман да жоқ. Баяғы жартас бір жартас. 4 жыл аз уақыт емес, күн өткен сайын күшейе түседі. Жүрегімнен алып тастай алмаған соң, өмірде де безіп кете алмай мен жүрмін. Үйленгенде бәрі де артта қалады ғой. Үмітім сол.
- Подробности
- Категория: Проза
- Подробности
- Категория: Проза
Бақтыгүл Ауданова
(әңгіме)
Қар жапалақтап жауып тұр. Жатақханадағы жаңа жылдық би кеші қайнап жатыр. Шетелдің ырың-жырың әуеніне қосылған жастардың жарқын үні сырттағы тып-тыныш әлемнің әлек-шәлегін шығарғысы келетіндей.
Осы айқай-шудың ішінде ол ғана көңілсіз. Онымен танысқаннан бергі көтеріңкі көңіл-күйі дәл бүгін, жаңа жыл қарсаңында түспей-ақ қойса қайтер еді. Бірінші қабаттағы қызықты кеш еліктіріп-ақ тұр, бірақ, аяғы құрғыр тартар емес. Бірге тұратын құрбыларынан да қалып қойған. Би кешіне келіп алып кетер деп ойлаған. Келмеді.
Страница 27 из 48
Соңғы жаңалықтар
- Ақтауда жалаңаш жүрген ер адам 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды
- Қазақстан жолдарында жасанды интеллекті бар «ақылды» камералар орнатылып жатыр
- Қазақстанда мұрағат және ветеринария саласы қызметкерлеріне жаңа үстемақылар енгізілді
- Бекет-Атаға барғаннан кейін жоғалған үш адам аман-есен табылды
- Магниттік дауыл күшейді: Жерде G3.33 деңгейіндегі геомагниттік құбылыс тіркелді
- Елордадағы Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы ресми түрде берілді
- Бекет-Атаға барған үш адам хабарсыз кетті: Маңғыстауда ауқымды іздеу жұмыстары жүріп жатыр
- Тоқаев: Биыл алғаш рет өңірлік журналистерге де пәтер кілті табысталады
- Қазақстанда электр велосипедтерге жаңа талап енгізілді: тіркеу мен нөмір алу міндеттеледі
- Жыл басынан бері Қазақстанда заңсыз көші-қонның 25 арнасының жолы кесілді
- Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: үш адамның өліміне себепкер болған Александр Пак 10 жылға сотталды
- Алматыда автобус жүргізушісі рөлде отырып көз жұмды: Жетісу ауданындағы жол апатының мән-жайы анықталып жатыр
- Қазақстанда зейнетке шығу тәртібі өзгеруі мүмкін: жаңа ұсыныстар талқылануда
- О дүниеге барып келген әйел...
- Ақтөбеде газ құю бекетіндегі қайғылы оқиға: үш адам қаза тауып, станция иесі қамауға алынды
- Жоғалған отбасы ісі арқылы танылған хакерТүркиядан экстрадицияланды
- Алматыда блогер әрі заңгер Молдахан Әділетханға қатысты сот процесі жалғасуда
- АҚШ-та ұсталған қазақстандыққа қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
- Қазақстандықтарды алаңдатқан 10 мың теңге мәселесі: ресми жауап жарияланды
- Атыраудағы резонансты іс: куәлар не айтты?




