Мылқаудың махаббаты
Өріс ЯШҮКІРҚЫЗЫ
Менің білетінРысқұл мылқау еді. Бізден 4-5 жас үлкен. 16-17 ге келген кезі болар, мұрты енді тебіндеп көрінген бозбала.Бойы сұңғақ. Жауырыны қақпақтай. Екі иығына екі кісі мінгендей, денесі шымыр. Өзі үнемі күлімсіреп жүреді. Кездескен адамға басын шұлғып амандасқан кейіп көрсетеді. Күніне неше көрсең, сонша ілтипат аласың. Табиғаты жайсаң. Жүзінен әрдайым жылылық байқалып тұрады. Шаш қойған емес. Жалтыр бас. Ұстарамен тақырлап алдырып тастайды. Қысы-жазы осылай. Алдыңғы екі күрек тісі күлгенде дүрдиіп тұрғаны болмаса, жалпы келбеті көрікті.
Ауылдық мектептегі жетінші сыныпта оқимыз. Біздің сыныпқа Рысқұл жиі келеді. Ешкім кемсітіп, мазақтамаған соң ба, біздегі қыздармен, әсіресе Алтынмен еркін аралады. Біздерге де ыммен бірнәрсені айтып, түсіндірген болады. Көбіне оны түсінбесек те, сыпайылық жасап, басымызды изейміз. Оның тілін жақсы түсініп, ыммен сөйлесе алатын біздің сыныптан Әбдештің Қожасы. Өйткені екеуі көрші. Рысқұл Қожаның көмегімен әріпті танып, жазуды үйренген. Қожа: «кейбір мылқаулардың құлағы естімейді ғой, ал Рысқұл естиді.Бірақ сөйлей алмайды.Мен оған оқуды, жазуды үйреттім» дейді. Қожаның бойы мыртық, аласа, ал ол ұзын. Сонда да екеуі бір-бірінен айрылмай, үнемі бірге жүреді. Қожа бар жерде Рысқұл, Рысқұл бар жерден Қожа табылады. Екеуі ыммен сөйлесетіндіктен бет-ауыздарында да, саусақтарында да тыным болған емес.
Анамның айтуынша, Рысқұлға көз тиген. 4-5 жасар кезде тақылдап сөйлеп-ақ жүрген бала екен. Бәрі көктемде Шарипаның үйінде киіз басқан күні болыпты. Әйелдер өзара ду-ду әңгімемен болады. Әр әйелдің соңына ерген екі-үш кішкентай бала өз-өздерімен ойнайды. Түс кезінде дастархан жайылып, әйелдер балаларын қастарына шақырып, тамақ берейін десе, Рысқұл жоқ. Шарипа өз ұлын үй-үйден сұрастырып, іздейді. Бала табылмайды.Басқан киіз де, асылған тамақ та әдіре қалып, жұрт Рысқұлды іздейді. Шарипа: «Ойбай жалғызым, ойбай жалғызым қайда кетті», – деп дауыс салып жылап, есінен тана жаздаған. Ет пісірім уақыт өтеді. Рысқұл жым-жылас. Осы кезде ауылдағы ақсақ Әбсадық атын суғаруға құдыққа бара қалады. Сөйтсе, Рысқұл құдықтың ішінде, суда тұр екен дірілдеп. Ерні-ерніне тимей сақылдап әбден тоңған, бірақ жыламайды дейді. Құдыққа құласа да, не қолы, не аяғы сынып, еш жері майып болмаған. Бетінде де еш дақ жоқ. Бірақ тілден айырылған. Қаумалаған көпшілік шешесін де танымай қалар ма екен деп ойлапты. Рысқұл анасын көре сала дірдектеп барып қолтығына кіріпті. Алақандай ауыл ішін: «Ауылға жетек келіпті, Рысқұлды жетектеп апарып, құдыққа құлатыпты», – деген сөз тарап, көпке дейін үрейлендірген.
Оның алдында, екі жыл бұрын Рысқұлдың әкесі Қайназар шабындықта колхоздың шөбін орып жүріп, көлеңкеге тіккен кішкентай күркесінде ұйықтап жатып, оянбай қалған. Ендігісі мынау, айдың күннің аманында баланың құдыққа түсіп, аман-есен қалуы. Шарипаның «ой жалғызым» деп боздауы осыдан. Міне, содан бері Рысқұл «мылқау» атанған.
Мектеп директоры Ораз ағай Рысқұлдың әкесі Қайназардың көп жақсылығын көрген екен. Мылқау болғанмен шаруаға мығым Рысқұлды мектептегі шаруашылық жұмысқа алған. Бұл – жесір әйел мен жетім балаға қол ұшын бергендегісі. Шешесі мектептің еден жуушы болса, Рысқұл қыс бойы мектептегі барлық пештерге от жағады. Көмір түсіреді.Жазда мектептің сыртын ақтайды. Бұзылған парталарды жөндейді. Әйтеуір тыным таппайды. Сөйтіп жүріп, оның қабағы қатып, үнжырғасы бір түспейді. Қай кезде болмасын жымиып күліп жүргені. «Қолынан бәрі келеді, темірден түйін түйіп, ағаштан адам суретін салатын шебер» дегенді де еститін де болдық.
Біздің сыныптағы Алтынның шешесі мектеп қасындағы дүкенде сатушы. Біз бұл дүкенді «Шолпанның дүкені» дейміз. Үлкен қоңырау соғылғанда бәріміз соған қарай жүгіреміз. Құмартатынымыз – бөтелкедегі тәтті лимонад.Кейде ақшамыз жетпесе бәріміз қосылып жинап лимонад сусынын, жарты кило пряник сатып алып жейміз. Алтын дүкеншінің қызы болғандықтан бізге қосылмайды. Біз дүкенге кеткенде мылқау Рысқұл Алтынды айналшықтайды. Алтын да оған «кетәрі» емес. Мылқауға тілін шығарып, сықылықтап күліп отырады. Қожа осы кезде Рысқұлға жақтасады. Үшеуінің ербеңдескен саусақтарын, сөз сөйлегендерін көріп біз де кейде қосылып күлетін болдық. Рысқұл ақылды. Үзіліс аяқталып, қоңырау шылдырласа, сыныптан шығып кетеді. Өзінің сан жұмысын одан әрі жалғастырады.
Жетінші сыныптың көктемінде Алтын сылаңдап бой түзеп, бізден гөрі ерте бойжеткендігін байқатып қалды. Сабақ үлгерімі де нашарлап кетті. Сынып жетекшісі Тұрсынкүл апай:
– Кемелова, оқуға құлқың мүлде төмендеп кетті. Сылаңдап бой түзегенің жақсы-ақ қой. Ең болмаса сегіз жылдық орта білімді жөндеп меңгеріп алуға тырыссаңшы. Білім ертең өзіңе керек. Оттың басында біреудің түтінін түтете білсең жақсы. Өйте алмасаң қайтесің? – дейді ұялтайын деп.
– Апай, Алтын анасының қасында сатушы болып, есеп шоттан қағып тиын-тебен жесем де күнімді көремін дейді.– Бұл соңғы партада қонжиып отырған Қожаның сөзі.
– Әй, қара көже, сен тыныш отыршы… – деп Алтын арт жақтағы Қожаға сәнмен наздана бұрылады. Қожа Алтын бұрылғанда жым болады.
Сабақ үлгерімім төмендеп кетті екенмін деп ұялатын Алтын емес. Біздерде жоқ әдемі жылтырақ қол айнасына бір қарап, оны сөмкесіне қайыра салып, жіңішке қасын бір керіп, мызғымай отыра береді. Ол біздегі қыздардың ең әдемісі. Өзі керемет әнші.Мектептегі көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшесі. Алтынсыз мектепте бірде-бір концерт өтпейді. Концертке басқа көркемөнерпаздар мектеп формасымен шыға береді. Алтын болса әртістердікіндей үкілі тақия, қос етекті бүрмелі ақжібек көйлек, өңірі кестеленген камзол киіп шығады. Өзі ажарлы қыз бұл киіммен одан сайын құлпырып кетеді. Біз оған қатты қызығамыз.
Оқу жылы аяқталып қалған шақ еді. Әдеттегідей, бәріміз дүкенге жүгірдік. Бізбен бірге осы күні Алтын да жүрді. Біз асығып Шолпан дүкеншіден алатынымызды алып, қосқан тиындарымызды шытырлатып санап жатқанда мылқау Рысқұлдың төбесі көрінген есік жақтан. Шешесі жақ қапталда тұрған Алтын Рысқұлға бірнәрсе деп ымдап, артынша сықылықтап күліп жіберді. Рысқұл үнсіз тұрды да, «қасыма жақындашы, құлағыңа бірнәрсе айтамын» дегендей ым жасағанын байқадық. Алтын елп етіп Рысқұлға жетіп келді. Сол кезде Рысқұл Алтынды құшқан алып, өліп-өшіп маңдайынан, бетінен шөпілдетіп сүйе бастады. Біз де аңтарылып қалдық. Ана жақта дүкенші Шолпан айқайға басты.
– Әй, ана мылқау не істеп жатыр, ойбай, құтқарсаңдаршы. Нойыс неме қызымды жазым қылар, – дейді шырылдап.
Мен болсам Рысқұл мылқаудың тілін жақсы білетін Қожаны іздей бастадым көзіммен. Ол дүкенге бүгін келмепті.
Қасымдағы сыныптас балаларға:
– Тез Қожаны шақырыңдар, мылқаудан Алтынды ажыратсын, – деймін жаным ашып.
– Қап, мына, көгермегір мылқауды-ай, ә?! – деп Шолпан дүкенін жауып үлгергенше Рысқұл Алтынды құшағына қысқанкүйі үйіне де жетіп қалды. Бұл кезде мектеп оқушылары мен ауыл адамдарының қарасы көбейді. Шарипа ұлының қасында жүр.
– Құлыным-ау, босат қызды. Не істегенің бұл! – дей береді, қабаттасып Қожа да жетті жүгіріп. Қожаны көрген Рысқұл Алтынды қайтадан бетінен шөпілдетіп сүйе бастады.
– Бітті апа. Рысқұл Алтынды жақсы көретінін маған айтқан. Бұл – Алтынды үйге келіншек етіп түсірдім дегені. Шымылдық бар ма еді?.. – деп, Қожа Шарипаға ыржың ете қалды.
– Ойбай, құдай не дейді? Екеуі де жас қой әлі…– деп Шарипа ұлына жақындағысы келіп еді. Анасына қарар ұлы жоқ. Алтынды үйге кіргізді де, қайыра есікті тарс жапқан Рысқұл сыртқа шығып, міз бақпай есік алдына тұрып алды. «Үйге ешқайсысың кірмейсіңдер, кіргізбеймін» дегендегісі еді.
– Мен айтсам, бұл оқиғаға Алтынның өзі кінәлі. Рысқұлға кеше ғана «мен сені жақсы көремін. Сен маған үйленесің бе?» деп хат жазыпты. Рысқұл оқи алады. Оқуды мен үйреткенмін. Енді соған Рысқұл сеніп қалып тұр. Үйленемін дейді, – деп Қожа әңгіменің ашығын айтты жиналғандарға.
Осы кезде Алтынның әкесі Кемел келді кер атымен құйғытып. Атынан түсе салысымен, шылбырын қолына ұстаған күйі түсін суытып:
– Не болып жатыр мұнда?! Әй, Шолпан, қыз қайда? – деді дауыстап әйеліне. Шолпанда үн жоқ. Күйеуі қолындағы қамшымен салып жіберер деді ме, оның қасынан әрірек ығысты.
Шарипа ұлын ақтап, Кемелге Қожаның айтқанын бұлжытпай айтып берді.
– Әй, Қожа, сен түсіндір анау Рысқұлға. Алтынды бері шығарсын! Бір-ақ ауыз сөзін естимін. Сөйтіп хат жазғаны рас па, өтірік пе. Рас болса, өз обалы өзіне, бердім Рысқұлға. Ал өтірік болса, мына Қайназардың баласын өз қолыммен қазір үйден мылтық әкелемін де атып тастаймын! – деді Кемел ақырып.
Қожа Рысқұлмен ымдасып, күбірлесіп екеуі есікті ашып, Алтынды сыртқа алып шықты. Алтын есік алдындағы жиналған адамдардан ұялса керек, басын төмен салбыратып жіберген.
– Ал қызым, сөйле. Сүйекке таңба салып, қарабет етпе. Шыныңды айт! Ана мылқауға хат жазғаның рас па?! –Кемелдің даусы саңқ етті.
– Көке, кешір мені… Көке… ойнап… әшейін, не жауап жазар екен деп.. хат жазғаным рас еді… Мен ойлағанмын мылқау жазуды білмейді, әріп танымайды деп…
– Алда, қызым-ай отпен ойнағаныңды қайтейін… міне, жеңілтектің кесірі… – деді әкесі. Маңдайыңа мылқауды жазып-ақ тұр екен ә!.. Ел-жұртқа масқара еттің ғой! Бұл деген нағыз жігіт емес пе. Ойнағаныңды қайдан білсін. Болды енді! Қаласың осы үйде! Үйге қарай саған жол жоқ! – деді де атына ырғып мінген бойда, қамшыны кер атқа бір салып кете барды.
Шарипаның есігінің алдында топтасқан көпшілік тегін қызыққа батты да қалды.
– Шашу қайда, Шарипа! Келінді болдың! Құтты болсын. Кемел мен Шолпанға құдағи болдың… – деп дабырласып кетті.
Алтынның он сегізге толмай тұрмысқа шығуы аудандың оқу бөлімінде үлкен әңгіме болып, Ораз ағай мектеп директорлығынан түсті. Математика пәнінен қатардағы мұғалім болды.Тұрсынкүл апай қатаң сөгіс алыпты. Келесі жылы біз сегізінші сыныпты бітіргенде Алтын кішкентайлы болды.
Ауылда онжылдық орта мектеп болмаған соң, сегізінші сыныпты бітіргендер жан-жаққа тарадық. Мен алдымен Қызылордаға, одан әрі Алматыға оқуға кеттім. Қызмет бабымен әркім әр жаққа кетіп, ауылдан хабар мүлде үзілді. Бірақ ел адамдарынан естуімше Рысқұл мен Алтын тату-тәтті жиырма жыл бірге өмір сүріпті.Екеуінен төрт ер бала дүниеге келіпті. Рысқұл да әкесі сияқты ұйқыдан оянбай қалып, 40 жасқа жетпей қайтыс болған. Ал Алтын ауылда балаларының қасында салиқалы ана екен. «Біздің хаттарымыз сандықта сақтаулы, ұрпақтарымыз екеуміздің сүйіспеншілігіміздің қалай болғанынын осы хаттардан біледі», – дейді екен сырласқандарға. Ауылға барып, Алтынға кездесіп, екеуінің сандықтағы хаттарын бір оқысам-ау, шіркін деп жүргенімде Алтын да ана дүниеге сапар шегіп кетіпті.
***
Астанада қолөнер шеберлерінің республикалық көрмесі болып, бара қалдым. Көрме залында көрермен соншалық мән беріп таңқалыс білдірген ағаштан оюланып жасалынған әдемі аққу құстың кескіндемесі «Аққуым менің» деп аталыпты. Авторы Қайназаров Рысқұл. Кейін анықтағандай, жары Алтынға арнап өз қолымен салған Рысқұлдың кескіндемесін ұлы көрмеге әкеліпті. Тілі жоқ мылқаудың сүйіспеншілігі мен таза махаббаты өнер құдіретімен сайрап-ақ тұр.
Дереккөз: madeniportal.kz
Астанада TikTok арқылы «емшілік қызмет» көрсеткен алаяқ сотталды
el24.kz Астана қаласының тұрғыны «TikTok» әлеуметтік желісі арқылы өзін емші ретінде таныстырып, азаматтарды алдағаны үшін сотталды.
Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті әлеуметтік желі арқылы адамдардың денсаулығына қатысты мәселелері бар екенін білген. Кейін оларды түрлі әдістермен емдеп бере алатынын айтып, ақшалай сыйақы талап еткен.
Нәтижесінде жалған емші 3 жәбірленушіден жалпы сомасы 5,5 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген. Анықталғандай, алынған ақшаны ол құмар ойындарға жұмсаған.
Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық қажетті дәлелдемелерді ұсынды. Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Құзырлы органдар азаматтарды әлеуметтік желілерде ұсынылатын күмәнді «емшілік қызметтеріне» сенбеуге және алаяқтық белгілері байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.
Шу ауданында кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс тергелуде
el24.kz Жамбыл облысы Шу ауданында кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы құқық қорғау органдарының ресми мәліметтерінде айтылды.
Тергеудің алдын ала деректері
Құқық қорғау органдарына жәбірленуші қыздың анасы арызбен жүгінген. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 46 жастағы И.М. есімді азамат күдікті ретінде танылып отыр.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, күдікті алғашқы қылмыстық әрекетін жәбірленуші 12 жасқа толған кезеңде шаруа қожалықтарының бірінде жасаған.
Тергеу деректерінде күдіктінің бір жарым жылға жуық уақыт бойы жасөспірімнің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, заңсыз әрекеттерін жүйелі түрде жалғастырып келгені көрсетілген. Сондай-ақ күдіктінің жәбірленуші отбасымен туыстық байланысы бары анықталған.
Қылмыстық істің саралануы
Аталған факті бойынша қылмыстық іс бастапқыда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша қозғалып, кейіннен тергеу барысында 120-бапқа — «Зорлау» дерегімен қайта сараланған.
Қазіргі уақытта іс аясында тиісті сот-медициналық және өзге де процессуалдық сараптамалар тағайындалған.
Күдікті қамауға алынды
Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.
Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімі шыққанға дейін кез келген тұлға кінәсіз деп есептеледі.
Құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің асыраушысына қатысты жаңа деректер жарияланды
el24.kz Құлдықта болған Құндыз бен Назгүлге қатысты іс бойынша қоғамда резонанс тудырған жаңа бейнематериалдар тарады. Белгілі тележүргізуші Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында балалардың асыраушысы Зүлфия Төленованың қатысуымен түсірілген жағаұстатарлық видеоларды жариялады.
Жарияланған бейнежазбаларда асыраушының балаларға күш көрсетіп жатқан сәттері, сондай-ақ мас күйінде болған кадрлары көрінеді. Бұл материалдар қоғам арасында қызу талқылауға себеп болды.
Журналисттің мәліметінше, 2025 жылдың 29 желтоқсанында Зүлфия Төленоваға қатысты ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Арызданушылар — оның асыранды балалары. Балалардың айтуынша, асыраушысы алкогольдік ішімдік ішіп, олардың мазасын алып, бірнеше рет қол көтерген.
Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдар істің барлық мән-жайын жан-жақты тексеріп, әрбір әрекетке заң аясында құқықтық баға берілетінін мәлімдеді. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Бұл іс Жамбыл облысының полиция департаментінің бақылауында екені хабарланды. Қоғам өкілдері мен құқық қорғау органдары тергеудің әділ әрі ашық жүргізілуіне үміт білдіріп отыр.
Мемлекет басшысы журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады
фото adebiportal.kz
el24.kz Президент құттықтауында бұқаралық ақпарат құралдарының Әділетті Қазақстанды құруға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімді баспасөз өкілдерін конституциялық реформаны, сондай-ақ тұтас мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған өзге де ауқымды өзгерістерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау барысында конструктивті әрі жауапты жұмыс істеуге шақырды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы патриотизм ұғымына жауапкершілік пен жасампаздық тұрғысынан қарау қажет екенін атап өтіп, заңды құрметтеу арқылы егемендік пен тәуелсіздікті қорғау ұлты мен дініне қарамастан әрбір отандасымыздың міндеті екенін айтты.
Президент отандық журналистердің осы маңызды іске белсенді түрде атсалысатынына сенім білдіріп, сала өкілдеріне толайым табыс пен бақ-береке тіледі.
Қызылша суының пайдасы мен зияны
el24.kz Қызылша суы — табиғи дәрумендер мен минералдарға бай пайдалы сусын. Ол халық медицинасында да, дұрыс тамақтану жүйесінде де кеңінен қолданылады. Дегенмен, кез келген өнім секілді оның да пайдасымен қатар белгілі бір зиянды тұстары бар.
Қызылша суының пайдасы
1. Қан айналымын жақсартады
Қызылша құрамындағы нитраттар қан тамырларын кеңейтіп, қан айналымын жақсартуға көмектеседі. Бұл қан қысымын төмендетуге әсер етуі мүмкін.
2. Қан түзуге пайдалы
Темір, фолий қышқылы және В тобы дәрумендерінің арқасында қызылша суы анемияның алдын алуға және гемоглобин деңгейін көтеруге ықпал етеді.
3. Бауырды тазартады
Қызылша бауыр қызметін жақсартып, ағзадан улы заттардың шығарылуына көмектеседі.
4. Ас қорытуды реттейді
Клетчатка мен органикалық қышқылдар ішек жұмысын жақсартып, іш қатудың алдын алады.
5. Иммунитетті күшейтеді
С дәрумені мен антиоксиданттар ағзаның қорғаныс қабілетін арттырады.
6. Сәбіз шырынымен бірге ішуге болады
Қызылша суын сәбіз шырынымен араластыру оның дәмін жеңілдетіп, қосымша бета-каротин мен антиоксиданттарға байытады. Мұндай комбинация жүрек-тамыр жүйесіне пайдалы, иммунитетті күшейтеді және ас қорытуды жақсартады.
Қызылша суының зияны
1. Қан қысымын шамадан тыс түсіруі мүмкін
Төмен қан қысымы бар адамдарға қызылша суын көп мөлшерде ішу ұсынылмайды.
2. Асқазанға ауыр тиюі мүмкін
Асқазаны сезімтал немесе гастрит, ойық жарасы бар адамдарға шикі қызылша суы қолайсыздық тудыруы ықтимал.
3. Бүйрекке зиян болуы мүмкін
Қызылшада оксалаттар көп болғандықтан, бүйректе тас жиналуға бейім адамдар абай болғаны жөн.
4. Аллергиялық реакция туғызуы ықтимал
Кейбір адамдарда қызылша суы аллергия белгілерін тудыруы мүмкін.
Қалай дұрыс ішу керек?
– Қызылша суын жаңа сығып, 15–20 минут тұндырып барып ішу ұсынылады;
– Алғаш рет ішкенде судың мөлшерін азайтып, сәбіз немесе алма шырынымен араластырған дұрыс;
– Күніне 100–200 мл-ден асырмау керек;
– Сәбіз шырынымен араластырғанда 3:1 қатынасында (қызылша:сәбіз) қолдану ең тиімді саналады.
Қорытынды
Қызылша суы — пайдалы әрі табиғи сусын. Сәбіз шырынымен араластыру оның дәмін жеңілдетіп, қосымша қоректік қасиеттерін арттырады. Дегенмен, мөлшер мен ағзаның жеке ерекшеліктерін ескере отырып қолдану қажет. Созылмалы аурулары бар адамдар дәрігермен кеңескені дұрыс.
Ақтөбеде той жасаған мейрамхана иесіне айыппұл салынды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Полиция 21 наурыз күні мейрамханада салтанатты шара өткізгендерді анықтады.
Мәскеуден келген ер адам Нұр-Сұлтан әуежайында қайтыс болды
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар арасында ешкім көз жұмбаған – Диас Ахметшәріп
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Оралда полицейлер түнде мейрамханада отырғандарды қуып шыға алмаған
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Түнде полиция қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер мен әкімдік өкілдері Президенттің төтенше жағдай кезіне енгізген ережесі сақталу-сақталмауын тексеру мақсатында тексеріс жүргізді.
Коронавирусты жай тұмаудан қалай ажыратуға болады
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
CoViD-19 вирусын жұқтырғандар саны 179 мыңнан асты, оның 7,4 мыңы көз жұмды. Қытайдағы Ухан университеті жанындағы Чжуннань ауруханасының ғалымдары вирустың күннен күнге қалай құбылатынын анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru сайтына сілтеме жасап.
Коронавирустың бір қаупі – бұл індетті суық тиюмен шатыстырып алу өте оңай екен.
Ақтауда жол-көлік оқиғасынан ер адам көз жұмды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Коронавирус қай бизнестің қалтасын қағуда
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Сауда орындарының және мейрамханалардың жұмыс уақытына да шектеу қойылды.
Барлығы коронавирус қаупіне байланысты. Қазірдің өзінде сауда орталықтарына баратын адамдардың қатары сиреген. Қауіпсіздік шаралары кәсіпкерлердің қалтасынан қағары сөзсіз, бірақ талапты орындау – міндет.
Коронавирус қолма-қол ақша арқылы жұғуы мүмкін
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Ал, сен намазды қалай оқып жүрсің ?
- Подробности
- Категория: Ғибратты әңгімелер
«Намазды қалай оқисың?» деп сұрағандарға Хатамиәс-Сам (Оған Алла разы болсын):
-«Намаз уақыты таяғанда, жақсылап дәретімді аламын. Намаз оқитын жерге барып, сәл кідіріп ойланамын. Сонан соң, намазға тұрамын.
Бүкіл жүйке жүйесін зақымдайтын коронавирустың жаңа түрі пайда болды
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Біртанов коронавирустың Қазақстанда әлі тіркелмегенін тағы айтты
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Қазақстанда коронавирусты жұқтыру алдымыздағы апта тіркеледі деген ғалымдарымыздың болжамы орындалмауы мүмкін екенідігі айтты денсаулық сақтау министрі Біртанов. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирустық инфекцияның тіркелген жағдайларының жоқтығы туралы кезекті рет мәлімдеді.
Сізді өз жасыңыздан үлкен етіп көрсететін 10 қателік
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Бізді өз жасымыздан үлкен етіп көрсететін қателіктер. Тұтас образды құрту үшін бір нашар ойластырылған детальдің өзі жеткілікті. Ал кейде өрескел қателіктерге жол беретініміз соншалықты, тартымдылықтан жұрдай болып, қас пен көздің арасында «қартайып» кетеміз.
Кез келген жаста тартымды әрі жас көрінгіңіз келсе төмендегі қателіктерді қайталамаңыздар.
Көлік жүргізу құқығынан айыратын дәрілер
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Қарағандыда иттер әйелдерге гүл сыйлады
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Страница 138 из 246
Ең көп қаралған
- Өмірімдегі ойранды айту оңай деп пе едің...
- Ғалымдар: Беттегі әжім - ажал жаршысы
- Құда баламен көңілдес болған келіншектің әңгімесі
- Жеңгесімен көңілдес болған жігіттің хаты
- Көктемнің мың бір түні...
- Аңыз адам ( Пахан зоны)
- Екі бала туған әйелге төсек ләззатын ұқтырған еркек
- Күйеуімді сағындым...
- Көңілдестерім.Көршім Руслан` (+18)
- Күйеуімнің аруағымен бірге тұрып жүрмін...
Соңғы жаңалықтар
- Мылқаудың махаббаты
- Астанада TikTok арқылы «емшілік қызмет» көрсеткен алаяқ сотталды
- Мемлекет басшысы журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады
- Қызылша суының пайдасы мен зияны
- Шымкенттің қақ ортасында әйел адам пышақталып қаза тапты: күдікті ұсталды
- Үндістанда қауіпті «Нипах» вирусы өршіп тұр: қазақстандықтарға сапардан бас тарту ұсынылды
- Жаңаөзенде аурухана ішінде дәрігер пышақталып қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
- Серік Сәпиевке қысым жасалды ма: Қарағанды облысындағы спорт саласындағы дау қалай өрбіді
- Құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің асыраушысына қатысты жаңа деректер жарияланды
- Дәурен Есімханов қоғамда талқыланып жатқан оқиғаға қатысты пікір білдірді
- Шымкенттегі Нұрай Серікбайдың өлімі: тергеу ауқымы кеңейтіліп, іс жаңа баппен толықтырылды
- Рудныйда 20 жастағы жігіттің өлімі: полиция екі жасөспірімді іздестіріп жатыр
- Шу ауданында кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс тергелуде
- Шетпе ауылында 42 жастағы ер адам өлі күйінде табылды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Шымкент қалалық полиция департаментінің басшылығы қызметінен босатылды
- Жаркентте 5 жасар баласын соққыға жыққан анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Мүгедек әкесін соққыға жыққан тамада темір торға тоғытылды
- Маңғыстау облысында Ақтау–Бейнеу бағытындағы автобус апаты: 5 адам қаза тауып, 42 адам зардап шекті
- Күн «қызыл аймаққа» өтті: 20 қуатты жарқыл метеосезімтал адамдардың денсаулығына әсер етуі мүмкін
- Мәжіліс депутаты алкоголь сатуға қатаң шектеу енгізуді ұсынды
Құпияға толы қара түн
+21 ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА түспейтін ЕРКЕК НАШАР КӨЛІК сияқты
КҮЙЕУІМНІҢ КӨЗІНЕ ШӨП САЛҒЫМ КЕЛМЕЙДІ...
Шайтанның қызына үйленіп ақылынан айырылған жігіт...
КІСІКИІК
Тұрмысқа шыққым -ақ келеді...
Күйеуім құрдасымызбен жүреді екен...
Мейірім гүлі
Адамның биоөрісі: көзге көрінбейтін энергия қабаты
Қайын әпкелерім күн бермейді...
АНАШЫМ ЖЕР МЕН КӨКТІҢ АРАСЫНДА СІЗГЕ ҚАРАЙЛАП ЖҮРМІН
«Тораңғылы» xикаялары
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru














