Үміт пен күдік
- Подробности
- Категория: Сырласу
Адамдар неге біреуге құлай сенуге қорқады?! Сезімдерін сұм ойлы жандар ойыншық етпесе дейді. Сенуге талпынбайды емес, бəрі талпынады. Бəрі сенгісі келеді. Түпсіз жалғыздық сенімсіздіктен басталып, көңілсіздікпен тәмамдалады. Ешкім жалқы жалғыздығын сезінгісі келмейді. Өмір жолында ақ пен қара толассыз алмасқан тұста, тек санада қара түс қана қасаң боп ұмытылмай қалады. Ақ түсті бағалап, жадында сақтай бермейді. Кейде,үзілуге таяу тұрған үмітті өшіруге бір күдік қана жеткілікті.
Күдік – үміттің бітіспес жауы. Кейде, бəрінің соңғы нүктесі. Күйбең тірліктен көңілге күдік кіргізуден сақтану керек. Жиі жақсы жəйларды ғана ойға алып, жүректі жақсы дүниемен байыта берген тиімді.
Күдіксіз көңіл кеме – өмір теңізде ұзақ жүзеді. Сан мың сынақтарға да төзеді.
Болашақ аналарға неліктен шүмектен (краннан) су ішуге болмайды?
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Ғалымдар жүкті әйелдерге шүмектен аққан су ішуге болмайтындығын айтады, ондағы су іштегі бала ағзасына сіңіп, қатерлі ауруларға алып келеді деседі.
Сондай-ақ, судағы зиянды қоспалардың көптігі тұқымдағы кері өзгерістерге әкеліп соқтыруы мүмкін, ол болса обыр сынды жаман дерттің дамуына ықпал етеді.














